Еңсегенов Нұрғазы

  • Фото ветерана: Еңсегенов Нұрғазы
    Еңсегенов Нұрғазы

Еңсегенов Нұрғазы 1923 жылы Гурьев облысы Маңғыстау ауданы Шетпе ауылында дүниеге келген. 1934 жылдан 1938 жылға дейін Форт-Шевченко қаласындағы интернатта тәрбиеленген. 1939-1940 оқу жылында Красноводск қаласында 8-сыныпты тәмамдаған. 1942 жылдың ақпан айында Ұлы Отан соғысына кетіп, Смоленск, Ленинград майдандарындағы ұрыстарға қатысқан. Одан 1945 жылы ІІ-топтағы мүгедек болып елге оралған. Төрт рет ұрысқа түсіп, екі рет жараланған. 1948-1953 жылдары "Правда" колхозында (Шайыр), 1953-1957 жылдары "Заготконторада" (Таушықтағы шикізат дайындау мекемесі), 1957-1965 жылдары тағы да "Правда" колхозында, ал 1966-1969 жылдары "Жаңа жол" (Шетпе) колхозында бас есепші болды. Арасында бір жылдай себептерге байланысты Маңғыстау аудандық мәдениет бөлімінің № 13 автоклуб меңгерушісі қызметін атқарған. 1944 жылдан КПСС мүшесі.

Өз кітабында Еңсегенов Нұрғазы былай деп жазады: "Егер СССР мен Финляндия арасындағы бітім 7/Х-44 жылы болған болса, таза ұрыста болған күнімнің саны 300-ден асады. 1945 жылы 13 апрельде Вена қаласын алуға қатыстық. Осы үшін "За взятие Вены" және "За боевые заслуги" медальдарымен наградталдым".

1945 жылы Жоғарғы Бас Қолбасшы Сталиннің төмендегідей 6 Алғысын алдым:

25/III-45, №308 бұйрықпен - Есторгом, Несмей, Фельшегалла, Тата қалаларын алғаны үшін;
28/III-45, №315 бұйрықпен - Дьер - Комаром қаласын алғаны үшін;
31/III-45, №323 бұйрықпен - Нитра Галанта қаласын алғаны үшін;
3/ IV-45, №329 бұйрықпен - Мадьяровар, Кремницаны алғаны үшін;
5/IV-45, №331 бұйрықпен - Малацки, Брук, Превидза, Бановц үшін;
26/IV-45, №345 бұйрықпен - Брно (Брюн) қаласын алғаны үшін.

Майданның алғы шебінде болып, мынадай 4 қиян кескі соғысты көзбен көріп өттік:

1-інші рет - Қалмақ даласында (5/IХ-42 - 1 күн);
2-інші рет - Батыс бағыт, Смоленск маңы (7/VIII-43 - 14/ХI-43 - 99 күн);
3-інші рет - Карельская перешейка (15/V-44 - 7/IХ-44 - 115 күн);
4-інші рет - Венгрия, Австрия, Чехословакия (14/III-45 - 14/V-45 - 61 күн), жинағы - 276 (екі жүз жетпіс алты) күн. 

1943 жылы немістердің бірнеше рет контратакаға шыққан кездері болды, үнемі біздің дивизион қайтарып отырды. Сол сияқты жаудың жаяу әскерімен бетпе-бет атысқан кездеріміз де болды.

Еңсегенов Нұрғазының наградалары (Маңғыстау энциклопедиясы, 2008, 271-бет): 

  • Орден Отечественной войны I-степени
  • Медаль "За отвагу"
  • Медаль "За боевые заслуги"
  • Медаль "За победу над фашистской Германией в Великой Отечественной войне в 1941-1945 г.г."
  • Медаль "За двадцать лет Победы в Великой Отечественной войне в 1941-1945 г.г."
  • Медаль "За тридцать лет Победы в Великой Отечественной войне в 1941-1945 г.г."
  • Медаль "За сорок лет Победы в Великой Отечественной войне в 1941-1945 г.г."
  • Медаль "За взятие Вены"
  • Медаль "Ветеран труда"
  • Медаль "50 лет Вооруженных Сил СССР"
  • Медаль "60 лет Вооруженных Сил СССР"

 

Нравится