Кантарбаев Кенжебай 1923 жылы Шығыс Қазақстан облысы Жарбұлақ ауылында дүниеге келген.
"Кенжебай атам, 1942 жылы соғысқа аттанып, Воронеж қаласындағы ауыр шайқасқа пулемёт атқышы болып қатысады. Сол сұрапыл соғыста минаға ауыр жарақаттанып еліне балдақпен оралады. "За отвагу" медалінің иегері!", - дейді немересі.