Бокаев Байдалы Боқайұлы - 1924 жылы Қарағанды облысы Нұра ауданы Кеңжарық ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, Педагогикалық институтте оқыған. 1941 жылы Украинадағы майданда қатардағы сарбаздардың командирі болған. 1945жылы майданнан оралған.
Ордендері мен медальдары:
- "Германияны жеңгені үшін"
- "Медаль за отвагу"
- "20 лет победы"
- "25 лет победы"
- "30 лет победы"
Ұлы Отан соғысынан кейін 1945-1948 жылдары Қарағанды қаласының Шахтинск ауданындағы № 4 ФЗО мектебінде комсомол ұйымының хатшысы болды. 1948-1950 жылдары Қарағанды мұғалімдер институтында оқыды. 1950 жылдан бастап 1959 жылға дейін Нұра жеті жылдық мектебінде оқу бөлімінің меңгерушісі және директоры болып қызмет атқарады. 1959-1981 жылдары "17лет октября" совхозындағы партия ұйымының хатшысы, Нұра сегіз жылдық мектебінің директоры және Кеңжарық селолық Кеңесінің төрағасы болды. Өз қызметтерінің барлық кезеңдерінде де өзін жігерлі басшы, үлкен ұстаз, тәрбиеші ретінде көрсете білді. Бокаев Байдалы Боқайұлының жарқын бейнесі оның достарының, жолдастарының, өзін білген барлық адамдардың жүрегінде ұзақ сақталады. 1992 жылғы наурыз айының басында соғыс және еңбек ардагері Бокаев Байдалы Боқайұлы ұзаққа созылған ауыр сырқаттан қайтыс болды.