Төлеубек Рақышев - 1923 жылы Ұлытау облысы Жаңаарқа жерінде дүниеге келген. 1942 жылдың маусымында Жаңаарқа аудандық әскери комиссариатынан 19 жастағы бозбала алғаш рет туған ауылынан жырақтап, Қарағанды қаласы арқылы соғысқа аттанып кете барады. Ресей жерінің Свердлов облысына қарасты Камышов ауылындағы №15-атқыштар полкіне қабылданады. Майданға 39-шы гвардия дивизиясы, 112 полкі, 82-мм минометті батареясы қатарында немістерге қарсы ұрыстарға қатысады. Сталинградты қорғаудағы қиян-кескі соғыстың куәсі болады. Сондай бір сұрапыл соғыста жараланып, Қазан қаласындағы госпитальде жатады.
Жеңісті Венгрия даласында Будапешт қаласын қорғау барысында, Балатон өзенінің бойында қарсы алып, 1945 жылдың қыркүйек айында елге оралады.
Ордендері мен медальдары:
"Атамыздың жау қолынан Отанын қорғаудағы ерлігі мен соғыстан кейінгі Жаңаарқа ауданына қарасты Айнабұлақ совхозының іргетасын қалау жолындағы ерен еңбегі бір төбе болатын", - дейді немерелері.