Омаров Абілжан

  • Омаров Абілжан

Менім әкем Омаров Абілжан 1922 жылы Шалқар ауданының Жылтыр селосында дүниеге келген. 1941 жылдың 9 желтоқсанынан бастап 1945 жылдың желтоқсанның 30-на дейін Совет Армиясының қатарында Ұлы отан соғысына қатысып, елге жеңіспен оралды. Майданға Ақтөбе қаласынан 101 атқыштар бригадасының құрамында аттанды. Соғысты Москва қорғауынан бастап, Украина, Белоруссия жерлерін фащистік оккупантардан босатып, Польша, Латвия, Германия елдеріне де азаттық алып берді.

Жәй қатардағы жауынгер болып аттанған әкем, соғыстың аяғында офицер болып, кеудесі орден мен медальдарға толып, жеңіспен еліне оралды. Сол наградалардың ішінде, әкеме ең қымбат награда "Қызыл жұлдыз" ордені болып табылады. Ол орден әкемнің ең алғашқы наградасы. Сонымен қатар "За взятие Кенигсберга", "Майдандағы ерлігі үшін", т.б. медальдарымен марапатталды.

Соғыстан кейін Шалқар ауданының Шахта поселкесінің орыс-қазақ орта мектебінің военрук лауазымына тағайындалды. Содан 1950 жылы Шалқар қалалық орта мектебінде ауысу тәртібімен военрук қызметін атқарды. Сол Шалқар қаласында "Қара шаңырақ" атанған №1 қазақ орта мектебінде военрук болып, содан кейін дене шынықтыру сабағынан үзбестен 40 жылдай, бірнеше буын шәкірттерге дәріс берді. Дене шынықтыру сабағының дәрежесін көтеріп, балалар арасында спортқа деген сүйспеншілікті арттырып, көптеген спортшылар дайындап Шалқардың атын шығаруға көп үлес қосты. Адал еңбегі елеусіз қалған жоқ. "За освоение целинных земель" медалы, 1 дәрежелі "Орден Отечественной войны", көптеген грамоталар мен алғыстармен марапатталды.

Нравится