"1943 жылы 10 мамырда соғысқа Жезқазған Военкомиссары бізді аттандырды. Қызылордада аз уақыт даярлықтан өттік. Содан кейін бұрын полковой школды бітірген полкомвзводтық званием бар еді. Эшелонмен жөнелтті. Ленинград фронтына 224 - атқыштар дивизиясы 143 - батальонына тап болдым. Мұнда мені атқыштар взводы командирының көмекшісі ретінде жіберді. Осы дивизия құрамында Колпино, Пушкино, Красный Бур қалаларын азат етуге қатыстық. Бұдан кейін біздің 224 - дивизия Гатчино қаласын азат еткені үшін "Қызыл Тулы Гатчинская " деген атаққа ие болды. Дивизия құрамында біз Латвия, Литва және Эстония жерін фашист басқыншыларынан азат етуге қатыстық. 1945 жылдың көктемінде Псков қаласының түбіндегі шайқасқа қатыстық. Сөйтіп, біздің майдан жауынгерлері Ұлы жеңісті осы жерде қарсы алды. Мамкенов Фазыл, Жартыбаев Асқар және мен 1945 жылдың қыркүйегінде елге оралдық". Қанды қырғын соғыста атам старшина дәрежесіне ие болады. Осындай тарих деген ұлы ағымға үлесін қосқаны кеудемді мақтанышқа толтырады.
Бейбіт өмірде де атам елдің көркеюіне өз себін тигізді. 1947 жылы Жезқазған райком партиясы қосалқы шаруашылықты басқаруға жібереді. Бөлімше бастығы, зоотехник, бөлім басқарушысы, басшының орынбасары, басшы, совхоз бен подхоздардың бас зоотехнигі қызметін атқарады. Совхоз әкімшілігінен бірнеше алғыс хаттары бар. Кеңгір совхозының Құрмет кітабына енген. СССР Қорғаныс министрлігі, маршал Гречкодан 8 еңбек және жауынгерлік медальдарымен және II-ші дәрежелі Отан Соғысының Орденімен марапатталған.
Мақтау қағаздары, жауынгерлік медальдарының куәлігі және алғыс хаттар:
1. Ұлы Жеңістің 40 жылдығына орай неміс-фашист басқыншыларымен жүргізген табанды күресі мен батылдығы үшін Екінші дәрежелі Ұлы Отан соғысының ордені;
2. КСРО Қорғаныс күшінің құрылуына 50 жылдық мерейтойы қарсаңында КСРО Жоғарғы үкіметінің президиумының қаулысы бойынша берілген мерейтойлық медалі;
3. КСРО Қорғаныс күшінің құрылуына 60 жылдық мерейтойы қарсаңында КСРО Жоғарғы үкіметінің президиумының қаулысы бойынша берілген мерейтойлық медалі;
4. Ұлы Отан соғысы жеңісінің 20 жылдығына орай КСРО Жоғарғы үкіметінің қаулысы бойынша берілген медалі;
5. Ұлы Отан Соғысы жеңісінің 40 жылдығына орай КСРО Жоғарғы үкіметінің қаулысы бойынша берілген медалі;
6. Мемлекетке адал қызметі үшін КСРО Жоғарғы үкіметінің атынан берілген "Еңбек ардагері" медаліне куәлік;
7. КСРО Ұлттық шаруашылықта қол жеткізген табыстары көрмесінің бас комитетінің қаулысы бойынша ұлттық шарушылықты дамытуға қосқан үлесі үшін қола медалінің куәлігі;
9. Жезқазған кен - металлургия комбинатының 50 жылдық мерейтойы қарсаңында берілген төсбелгінің куәлігі;
10. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін берілген медаліне куәлік;
11. Лениннің туылғанына 100 жылдық мерейтойына орай КСРО жоғарғы үкіметінің президиумының қаулысымен адал еңбегі үшін берілген медаліне куәлік;
Атамның өз қолымен жазған қолжазбасы:
"Алтын алма, алғыс ал" деген нақыл сөзге сүйенген. Отан үшін соғыстың суығы мен ыстығына төзе білген, қайсар да өжет кеудесімен неміс оғынан байтақ елімізді қорғаған ардагерлерге мың алғыс!
Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық бағдарламасы "Болашақ" шәкіртақысының иегері, немересі Базылбек Салтанат Нұридинқызы