30 сентября 2020 | 15:53

Қандай жағдайда алимент төлемеген адамның мүлкіне тыйым салынады? Заңгер түсіндірді

© Тұрар Қазанғапов

Елімізде соңғы уақыттары алимент төлемеген азаматтардың мүлкіне тыйым салу дерегі жиі кездесіп кетті. Мысалы таяуда алимент төлемеген астаналық та Toyota Land Cruiser Prado маркалы көлігінен айырылып қалса, күні кеше алматылық үй иесі алимент төлеуден жалтарғаны үшін пәтерінен айырылды. Қандай жағдайларда алимент төлеушінің мүлкіне тыйым салынуы мүмкін? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне заң ғылымының кандидаты Думан Көпбаев түсіндіріп берді. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Елімізде соңғы уақыттары алимент төлемеген азаматтардың мүлкіне тыйым салу дерегі жиі кездесіп кетті. Мысалы таяуда алимент төлемеген астаналық та Toyota Land Cruiser Prado маркалы көлігінен айырылып қалса, күні кеше алматылық үй иесі алимент төлеуден жалтарғаны үшін пәтерінен айырылды. Қандай жағдайларда алимент төлеушінің мүлкіне тыйым салынуы мүмкін? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне заң ғылымының кандидаты Думан Көпбаев түсіндіріп берді. 

Думан Көпбаев, заң ғылымдарының кандидаты    
Реклама
Реклама

Заңгердің сөзінше, алимент төлеушінің мүлкіне тыйым салынуы үшін ең алдымен алимент бойынша соттың шешімі қажет.

"Соттың шешімі шықпайынша елімізде біреудің мүлкін алып қоюға болмайды. Соттың шешімі шыққаннан кейін ғана сот орындаушылары алимент төлеушінің мүлкіне тыйым салуы мүмкін", - дейді маман. 

Заңгердің сөзінше, соттың шешімі шыққаннан кейін алимент төлеуші жалақы ала ма, жоқ па - ең алдымен осы мәселе тексеріледі.

"Егер алимент төлеуші жалақы алмаса, оның атындағы мүлік тексеріледі. Яғни алимент бойынша қарызды төлеу үшін жылжитын немесе жылжымайтын мүлік ең соңғы кезекте қарастырылады. Оның өзінде егер алимент төлеушінің пәтері бір бөлмелі болса, ол жерде отбасымен тұрып жатса, Азаматтық кодекс бойынша, оның мүлкін алып қоюға болмайды. Яғни өмірлік қажет заттарын алу мүмкін емес", - дейді заңгер.

Мәселе түсініктірек болуы үшін мысал келтірсек. Алимент төлеушінің атында пәтері бар делік. Алайда соттың шешімімен оның пәтеріне тыйым салынады. Алимент бойынша жалпы қарызы 2 миллион теңгедей деп есептесек, тыйым салынған пәтер жалпы 20 миллион теңгеге сатылып, оның 2 миллионы төлем тапсырмасы бойынша алимент қарызына төленді. Бұл жағдайда қалған 18 миллион қайда беріледі? Заңгердің сөзінше, мұндай жағдайда қалған сома алимент төлеушінің өзіне қайтарылады.

Алиментті қандай жағдайда баланың ата-әжесі төлеуі керек?

Алиментті төлемей, жалтарып жүрген азаматтар қандай жағдайда жауапкершілікке тартылады?

Думан Көпбаевтың сөзінше, бастапқыда алимент төлеушіге қарыздарын өтеуге үш ай уақыт беріледі. 

"Біріншіден, егер үш ай бойы алиментті төлемей, қоңырауларға жауап бермей, номерын ауыстырып жіберіп не мүлде басқа қалаға кетіп жалтарып жүрсе және құқық қорғау органдары қашып жүргенін дәлелдеген жағдайда ғана Қылмыстық кодекстің 139-бабымен қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Яғни оның санкциясы бойынша 600 сағатқа еріксіз жұмысқа тартады немесе екі жыл бас бостандығынан айырылады. Бұл жағдайда алимент төлеуші жалтармауы керек. Егер жалтармайтын болса, қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды, іс Азаматтық сот өндірісі бойынша жүргізіледі", - деп түсіндірді маман. 

Алимент төлеушінің атында ешқандай мүлік болмаған жағдайда алимент қалай өндіріліп алады?

Бұл жағдайда орташа айлық жалақының есебі жүргізіледі.

"Яғни егер 1 бала болса жалақысының 25 пайызын, 2 бала болса 50 пайызын ұстап отырады. Бірақ болашақта алимент төлеуші үй не көлік алатын болса, бірден тартып алуы мүмкін, сондай-ақ шетелге шығуына тыйым салынуы мүмкін", - дейді Думан Көпбаев. 

Қорыта айтқанда, алимент төлемей жүрген адамның мүлкіне тыйым салу тәртібі былай жүргізіледі:

Алимент талап етуші алиментті өндіріп алу үшін сотқа жүгінеді; Содан соң сот алимент төлеушінің қанша қарыз екенін есептеліп, шешім шығарылады; Соттың шешімі заңды күшіне енгеннен кейін (15 күннен соң) алимент талап етуші кез келген сот орындаушысына барады; Сот орындаушысы мәліметтер базасында тексеріс жүргізеді; Егер алимент төлеуші жалақы алса, оның картасына тыйым салынады (арест); Көлігі, пәтері не акцияларының бар-жоғы тексеріледі; Егер телефонын сөндіріп тастап, сот орындаушымен сөйлеспей, жалтарып жүрсе қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная