Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
24 декабря 2019 18:08

Алиментті қандай жағдайда баланың ата-әжесі төлеуі керек?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Енді баланың әкесі алименттен қашса, сот орындаушылары қарызды оның ата-анасынан өндіріп алуы мүмкін. Бұл тақырып қазіргі уақытта Желіде қызу талқыланып жатыр. Tengrinews.kz тілшісі отбасы істері жөніндегі адвокат Нариман Cүлейменовтен алимент төлеуді ата-әжеге міндеттеуге қатысты пікірін білді.


Енді баланың әкесі алименттен қашса, сот орындаушылары қарызды оның ата-анасынан өндіріп алуы мүмкін. Бұл тақырып қазіргі уақытта Желіде қызу талқыланып жатыр. Tengrinews.kz тілшісі отбасы істері жөніндегі адвокат Нариман Cүлейменовтен алимент төлеуді ата-әжеге міндеттеуге қатысты пікірін білді.

Адвокат өз тәжірибесіне сүйене отырып, мұндай заңды қабылдау әлі ерте екенін айтады. 

"Қолданыстағы заңның тиімсіз екеніне көзіміз жетіп жатса ғана жаңа заң жобасын енгізудің мәні бар. Алайда оның тиімді немесе тиімсіз екенін анықтау үшін біз ол заңды қолдануымыз керек. Бірақ елімізде Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекс пен Қылмыстық кодекс алименттен жалтарғандар мен сот актілерін орындаудан бас тартқандарға еш әсерін тигізе алмайды. Оған дәлел Қазақстанда Қылмыстық кодекстің 139-бабы ("Бала асырап алу құпиясын жария ету") және 430-бабы бойынша ("Сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін не атқарушылық құжатты орындамау") шыққан сот үкімдері санаулы. Осы баптардағы нормалар орындалса, алимент өндіруге қатысты проблемалар осындай көп болмас еді", - деп пікірін білдірді заңгер.

Сүлейменов ата-әженің алимент өндіру бойынша жауапкершілігі бұрыннан бар екенін айтады. Бұл туралы "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" кодекстің 152-бабында ("Атасы мен әжесінің немерелерін күтіп-бағу жөніндегі міндеттері") айтылған. 

"Осы норма бойынша өзінің еңбекке жарамды ата-анасынан, бірге туған кәмелетке толған еңбекке жарамды ағалары мен әпкелерінен күтіп-бағу қаражатын алуға мүмкіндік болмаған жағдайда, кәмелетке толмаған көмекке мұқтаж немерелердің өзінің алимент төлеуге қажетті қаражаты бар әжесі мен атасынан сот тәртібімен алимент алуға құқығы бар. Бірақ, өкінішке қарай, дәл осы норма көп қолданылмайды", - дейді адвокат.

Заңгердің айтуынша, бүгінде алимент мөлшерін барынша азайту мақсатында қазақстандықтар түрлі қулықтарға барады.

"Алимент төлеп жүрген адам екінші неке тұрғанда онда балалары дүниеге келсе, ол алдыңғы некеден туған баласына шығынды азайту мақсатында оның екінші некедегі әйелі күйеуінен алимент өндіруге өтініш жазады. Содан екеуі келісе отырып, қулыққа барады. Бұл үшін екінші некедегі әйелімен ажырасу міндет емес. Ал заң бойынша алимент мөлшері табыстың 50 пайызынан асып кетсе, алимент төлеуші алиментті азайтуды талап ете алады", - дейді Нариман Сүлейменов.

Сондықтан, адвокаттың айтуынша, ата-әжесіне алимент төлетіп, тағы бір жауапкершілік тудыру салдарынан тағы басқа проблемалар пайда болады. Дәл қазір бұл заңның механизмі түсініксіз, ата-әжесінен алиментті қалай санап өндіріп алатыны белгісіз. Ол ата-әжесі ажырасқан болса, жағдайдан одан да ушығып, қиындай түседі дейді заңгер.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 444.26   490.7   4.83 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети