ПОДЕЛИТЬСЯ
15 августа 2019 | 15:02
Қайтыс болған адамның зейнетақы жинағы кімге қалады?
Еліміздегі зейнетақы аударымдарының жаңа ережелері қабылданған соң зейнетақыға қатысты мәселелер әлі де талқыланып жатыр. Қазақстандықтардың зейнетақы төлемдеріне қатысты жиі қоя сұрақтарының бірі - зейнетақы төлемдерін алушы қайтыс болған жағдайда оның жинағын кім және қалай ала алады? Tengrinews.kz тілшісі бұл сұрақты мұрагерлік-құқықтық қатынастар істерімен айналысатын заңгер Сымбат Жапароваға қойып көрді.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Еліміздегі зейнетақы аударымдарының жаңа ережелері қабылданған соң зейнетақыға қатысты мәселелер әлі де талқыланып жатыр. Қазақстандықтардың зейнетақы төлемдеріне қатысты жиі қоя сұрақтарының бірі - зейнетақы төлемдерін алушы қайтыс болған жағдайда оның жинағын кім және қалай ала алады? Tengrinews.kz тілшісі бұл сұрақты мұрагерлік-құқықтық қатынастар істерімен айналысатын заңгер Сымбат Жапароваға қойып көрді.
Марқұмның зейнетақы жинағы қалай белгіленеді?Жапарова қайтыс болған адамның зейнетақы жинағы мұрагерлік жолмен берілетінін айтады. Ал мұрагерлік қалдырылмаса, заң бойынша жақындарына тең үлесте беріледі дейді.
"Зейнетақы жинағы өсиет, яғни "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Заңның 32-бабы бойынша, зейнетақы шотындағы ақша белгiленген тәртiппен мұраға қалдырылады. Сондай-ақ, заң бойынша, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының өкілдері қорда шоты бар адам қайтыс болған жағдайда, оның отбасына немесе жерлеуді жүзеге асырған адамға бюджеттен 52,4 АЕК мөлшерінде (132 310 теңге) жерлеуге біржолғы төлем жасайды. Бірақ бұл сома шотта жатқан ақшадан аспауы керек", - дейді маман.
Сондай-ақ, оның айтуынша, зейнетақы шоты бар адам қай күні қайтыс болса да, зейнетақы төлемі толық мөлшерде аударылуы тиіс. Ол ақша толықтай берілмесе немесе 1, 2 ай кешіктірілсе, сотқа шағымдануға болады дейді.
Жапарова шоттағы қаражат тек қайтыс болған адамның мұрагеріне берілетіндіктен, мұрагер бірінші кезекте мұрагерлік құқық туралы куәлікті дайындауы керектігін ескертеді.
"Мұрагерлікке құқыққа ие бола алатындардың тізімі Азаматтық кодексте көрсетілген. Ол адам мұрагерлік құқық туралы куәлікті алу үшін нотариусқа барып, өтініш қалдырады. Заң бойынша, мұрагерлікті қабылдау туралы өтініш мұра қалдырған адам қайтыс болғаннан кейін 6 айдан кешіктірілмей берілуі тиіс. Ал 6 айдан кейін келсе, онда сот арқылы ғана құқығын талап ете алады", - деп түсіндіреді Жапарова.
Марқұм мұрагерлік қалдырмаса?Ал егер қайтыс болған адам өз атынан мұрагерлер қалдырмаса, бұл мәселе заң бойынша шешіледі дейді.
"Заң бойынша мұрагер болу құқығын бiрiншi кезекте марқұмның балалары, сондай-ақ мұра қалдырушының әйелі немесе күйеуі тең үлеспен алады. Ал марқұмның немерелерi мен олардың ұрпақтары ұсыну құқығы бойынша ғана мұра алады. Егер бiрiншi кезектегi мұрагерлер болмаса, заң бойынша мұрагер болу құқығын екiншi кезекте марқұмның бiр әке, бiр шешеден туған немесе әкесi немесе шешесi бөлек аға-iнiлерi мен апа-қарындастары (сiңлiлерi), сондай-ақ оның әкесi жағынан да, анасы жағынан да туыстары - тең үлеспен алады. Егер бiрiншi және екiншi кезектегi мұрагерлер болмаса, үшiншi кезекте марқұмның әкесiмен бiрге туған ағалары мен апалары, нағашы ағалары мен нағашы апалары тең үлеспен алады", - дейді маман.
Қандай құжаттар керек?Маманның айтуынша, осы құжаттардың барлығын жинап, БЖЗҚ-ға бару керек.
- Зейнетақы шотындағы ақшаны иемдену туралы өтініш;
- өтініш берушінің жеке куәлігі мен банк есепшотындағы мәліметтер;
- зейнетақы жинағы бар адамның қайтыс болғаны туралы куәліктің көшірмесі немесе түпнұсқасы;
- мұрагерлік құқық туралы куәліктің түпнұсқасы немесе нотариус куәландырған көшірмесі.
Бұдан бөлек, заңгер қазіргі уақытта зейнетақы шотындағы қаражат жайлы және болжамдық шотты БЖЗҚ сайтындағы арнайы калькулятормен есептеуге болатынын айтады.
Оқи отырыңыз:
Қайтыс болған адамның несиесін кім өтейді - Заңгер түсіндіреді
Қазақстанда зейнетақы басқаша есептелетін болды - Жаңа ережені түсіндіреміз
Показать комментарии
Читайте также