ПОДЕЛИТЬСЯ
04 сентября 2020 | 13:51
Зейнетақы қорындағы жеке шотты қалай тексеруге болады?
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында бірқатар мәселе көтеріп, үкіметке бірнеше тапсырма берді. Соның ішінде, тұрғындарға зейнетақысының бір бөлігін алуға рұқсат ету мәселесі де бар. 2021 жылдан бастап БЖЗҚ-дағы жинақтардың бір бөлігін мақсатты пайдалану үшін алу құқығы беріледі. Зейнетақы қорындағы шотты қалай тексеруге болады? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне БЖЗҚ өкілі жауап берді.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында бірқатар мәселе көтеріп, үкіметке бірнеше тапсырма берді. Соның ішінде, тұрғындарға зейнетақысының бір бөлігін алуға рұқсат ету мәселесі де бар. 2021 жылдан бастап БЖЗҚ-дағы жинақтардың бір бөлігін мақсатты пайдалану үшін алу құқығы беріледі. Зейнетақы қорындағы шотты қалай тексеруге болады? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне БЖЗҚ өкілі жауап берді.
Бұған дейін Үкімет үйінде өткен баспасөз конференциясында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов зейнетақы қорындағы ақшаның бір бөлігін кімдер қандай жағдайда ала алатынын түсіндірген болатын.
Жинақтың бір бөлігін келесі санаттағы азаматтар ала алады:
Жұмыс істеген, жұмыс істеп жүрген азаматтар, яғни БЖЗҚ жарналары бар азаматтар; Зейнет жасына жеткен кісілер, егер оларда жинақтаушы қорында қаражаты бар болса, олар сол қаражаттың 50 пайызына дейін ала алады; Зейнетақы аннуитетті реттеген (рәсімдеген) азаматтар, егер олар жинақтаушы, мына сақтандыру қорына аударғаннан кейін жинақтаушы зейнетақы қорында қаражаты қалған болса, оларды толығымен алуға болады.Толығырақ мына материалда: Зейнетақы қорынан ақшасының бір бөлігін кім және қандай жағдайда ала алады?
Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қоры өкілдерінің мәліметінше, жеке зейнетақы шотыңыздың жай-күйі туралы ақпаратты алудың бірнеше жолы бар. Алайда қор өкілдері еліміздегі карантин режиміне байланысты бұл қызметті онлайн алуға шақырады.
Ол үшін БЖЗҚ веб-сайтында "Жеке кабинетке" немесе БЖЗҚ ұялы қосымшасына (PlayMarket, Appstore арқылы жүктеп алуға болады) логин мен құпия сөзді (пароль) немесе электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып кіріп, қажет ақпаратты таңдап алыңыз. Электрондық цифрлық қолтаңбаны egov.kz сайты арқылы қашықтан алуға болады.
Егер сайт немесе ұялы қосымша арқылы кіре алмасаңыз кезекші қызметкерлерге хабарласып, осы мәселені түсіндіруға болады. Қазақстан бойынша кезекші қызметкерлердің тізімі enpf.kz сайтында "Байланыс" бөлімінде орналасқан.
Зейнетақы жинағыңыздың жай-күйі туралы ақпаратты алудың басқа жолдары да бар, бірақ олар уақытша қол жетімсіз.
Дегенмен, карантин режимі аяқталған соң, қызметті Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорының кез келген кеңсесіне келіп алуға болады.
Егер зейнетақы шотындағы қаржыны пошта немесе электрон пошта арқылы бақылап отырғыңыз келсе, БЖЗҚ бөлімшесіне келіп, алдын ала қосымша келісімшарт жасасу қажет:
- Пошта байланысы арқылы, үзінді-көшірме салынған конверт әр жылдың басында салымшының Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта немесе жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтінішінде көрсетілген мекенжайына жеткізіледі;
- Электрон пошта арқылы, осы ақпараттандыру әдісін таңдаған кезде зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат салымшының жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтінішінде немесе хабарлау тәсілін өзгерткен кезде көрсетілген электрондық поштасына жолданады.
Еске салайық, 1 қыркүйекте ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауында тұрғындарға зейнетақысының бір бөлігін алуға рұқсат етуді тапсырды. 2021 жылдан бастап белгілі санаттағы азаматтар БЖЗҚ-дағы жинақтардың бір бөлігін мақсатты пайдалану үшін алу құқығын іске асыра алады.
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также