09 октября 2020 | 10:00

"Қашып жүрген жоқпын". Ернар Айдар алданып қалған жұртқа жауап берді

© instagram.com/ernaraidar_kz

Instagram желісінде лотерея ойнатамын деп басы дауға қалған әнші Ернар Айдар ойын ұйымдастырушыларына қатысты тергеудің жүріп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Instagram желісінде лотерея ойнатамын деп басы дауға қалған әнші Ернар Айдар ойын ұйымдастырушыларына қатысты тергеудің жүріп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Әнші ойын ұйымдастырушыларына өзі де сеніп, алданып қалғанын айтады. 

Реклама
Реклама

"Мен сіздерді жақсы түсінемін, сіздер маған сеніп лотерея билетін сатып алдыңыздар (ол үшін басымды иіп кешірім сұраймын). Дәл сіздердей мен де ойын ұйымдастырушыларына сеніп алданып отырмын. Алла бәрін көріп тұрғой, осы ойынға қатысты менде титтей де болсын арам ой болған емес, сол себепті маған да түсіністікпен қарауларыңызды өтініп сұраймын", - дейді ол.

Ернар Айдардың айтуынша, бүгінде Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінде тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

"Мен ешқайда қашып жүрген жоқпын. Сол тергеу жұмыстарына куәгер ретінде бар шындықты айтып, тергеудің аяқталуын күтіп жүрмін", - дейді ол. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ?ℝℕ?ℝ ????ℝ (@ernaraidar_kz) 7 Окт 2020 в 12:44 PDT

"Құжатын тексермедік". Ернар Айдар алаяқтардан қалай алданғанын айтты

Сонымен қатар, әнші ұтыс ақшаларына әлі де ұйымдастырушалрда екенін айтады. 

"Құрметті ағайын, сіздер сатып алған билеттің ақшасына келер болсақ, ол ақшаның бір теңгесі де менде емес, сіздерге билетті сатып ақшасын алған сол ойынның ұйымдастырушылары Оспанов Азат, Темірбек Ернар, қазірде осы ұйымдастырушыларға тергеу жұмыстары жүріп жатыр, яғни сіздердің ақшаларыңыз сол ұйымдастырушыларда. Мен тек жарнама жасадым: ол үшін қатты өкінемін, сіздерден шын жүрегіммен басымды иіп кешірім сұраймын.

"Жарнама үшін алған ақшаңды халыққа бермейсің ба? Қайрымдылыққа көмектеспейсіңба?" деп сұрап жатқан ағайынға айтарым: дәл осы жарнама жасап, алған ақшамның атынан мен өздігімше ештеңе істей алмаймын, барлығын заң шешеді. Тергеу бітіп, сот қалай шешім қабылдайды солай болады. Заң жүзінде жарнама үшін алған ақшаңды қайтар десе қайтаруға дайынмын. (...) Тергеудің аяқталуын күтейік!", - деді әнші. 

Еске салайық, 24 сәуірде әнші Ернар Айдар және 12 адам тікелей эфирде ұтыс ойынын ойнатып, карантин режимін бұзғаны үшін ұсталғаны хабарланған. 

Артынша әнші Мейрамбек Бесбаев Ернар Айдардың ұсталуына қатысты пікір білдірген болатын. Ол әнші алаяқтардың құрбаны болғанын айтты. 

"Бұл жағымсыз жағдайда алданған азаматтармен қатар Ернар бауырымыз да алаяқтардың құрбаны болып отыр. Бүгінгі таңда алаяқтар құрықталды", - деп жазды Бесбаев Instagram желісіндегі парақшасында.

29 сәуірде әншінің өзі ұсталуына қатысты пікір білдіріп, ұтыс ойынын ұйымдастырушының бәрі қамалғанын хабарлады. 

"Сол ұтыс ойынын ұйымдастырған ұйымдастырушының барлығы қамалды. Қазір Алматы қаласы экономикалық тергеу департаменті тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сол тергеу жұмыстарының әділ өтуіне мен де өз тарапымнан көмегімді беріп жатырмын. Сол тірлікке жарнама жасаймын деп, мен де алданып қалдым, ағайын", - деген еді әнші. 

Кейіннен әнші Аман Тасығанның TalkLike бағдарламасында оқиғаның мән-жайын айтты. Ол ұйымдастырушылар ойынға кепіл ретінде ұсынған лицензияның рас-өтірігін де тексермеген болып шықты. 

"Соны толық танысып, мен оқымадым. Мен сендім. Сенгенім соншалық, үйдегі ата-анам бұл жайлы білмейді, Талғат ағам "Қойсай, бұл өтірік шығар" деді. Мен аналарға сеніп қалғаным соншалық Талғат ағамды да сендіріп жібердім ғой. Сосын менің атымнан олар қайырымдылық жасаған. Ол видеоны да көрсетіп жатты. (...) Қазір қарап отырсам, барлығы ұйымдастырылған екен", - деген еді әнші. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная