Қайрат Нұртастан аумайтын әнші жұртты таңғалдырды

Қайрат Нұртастан аумайтын әнші жұртты таңғалдырды

Қазақстандық әнші Қайрат Нұртастың Қырғызстанда көшірмесі пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қазақстандық әнші Қайрат Нұртастың Қырғызстанда көшірмесі пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Желіде қырғызстандық әншінің өнерін көрген оқырмандар оны бірден Қайрат Нұртасқа ұқсатқан. 

"Түрі айнымайды екен", "Қайратқа ұқсас екен даусы, жақсы", - дейді желі қолданушылары. 

Реклама
Реклама

Әншінің есімі - Тынар Ысакбеков. Ашық дерек көздеріне сүйенсек, ол - Мәскеудегі қырғыз әншілерінің жетекшісі. Жалпы әнші жайлы ақпарат аз. Instagram желісінде қырғызстандық әншіге 1,5 мыңға жуық адам тіркелген. Желіге алғаш 2017 жылы тіркелген. 

© instagram.com/tynarisakbekov

Тынар Ысакбеков көбіне Қайрат Нұртастың "Жүрегіңнен бір орын бер" деген әнін орындап жүр. 

Әншінің бұл видеосын көрген желі қолданушылары оны Қайрат Нұртас екен деп қалған. 

"Қырғыз бауырым! Мен Қайрат екен деп қалдым бірінші көргенде", "Қайратқа ұқсайды екен, даусы керемет, аман бол, бауырым", "Қырғыздың Қайрат Нұртасы", - дейді YouTube қолданушылары. 

Қазақ жұлдыздарынан аумайтын "сыңарлары". Топ-15

Tengrinews
Вопрос от автора
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама