Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
01 ноября 2019 17:06

Қазақ жұлдыздарынан аумайтын "сыңарлары". Топ-15

Камила Долаева Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жер бетіндегі 7,7 миллиард адамның қаншауы дәл сізге ұқсас болуы мүмкін? Аустралиялық Теган Лукастың зерттеуі бойынша, әлемде бірдей адамдардың ықтималдығы: 135/1 екен. Біздің де егізіміз ғаламшардың басқа бөлігінде жүруі мүмкін, десе де оның кім екенін білмейміз. Бұл ретте танымал адамдардың жұлдызы жарық сияқты, себебі оларға ұқсас адамдар көпке белгілі. Tengrinews.kz тілшісі қазақстандық жұлдыздарға ұқсас адамдардың топтамасын ұсынады. 


Жер бетіндегі 7,7 миллиард адамның қаншауы дәл сізге ұқсас болуы мүмкін? Аустралиялық Теган Лукастың зерттеуі бойынша, әлемде бірдей адамдардың ықтималдығы: 135/1 екен. Біздің де егізіміз ғаламшардың басқа бөлігінде жүруі мүмкін, десе де оның кім екенін білмейміз. Бұл ретте танымал адамдардың жұлдызы жарық сияқты, себебі оларға ұқсас адамдар көпке белгілі. Tengrinews.kz тілшісі қазақстандық жұлдыздарға ұқсас адамдардың топтамасын ұсынады. 

Желі қолданушылары "Қазақ аруы" байқауының жеңімпазы, актриса Гүлназ Жоланова мен Instagram қолданушысы Анардың (@anarkaa.kz) ұқсастығын байқаған болатын. 21 жастағы алматылық қыздың 11,5 мың оқырманы бар. Парақшасына мән берсек, оның салауатты өмір салтын ұстанатыны, модель ретінде де түсірілімдерге қатысып тұратынын көруге болады. 

Ал мына бикешті желі қолданушылары "Шаншар" әзіл-сықақ театрындағы рольдерімен көпке танылған актриса Жұлдыздай Дүйсенбиеваға ұқсатты. Бірақ оған қарсы пікірлер де болды. "Жоқ. Мұрны, ерні мүлдем басқа", - деп жазған Амангүл есімді келіншек.  

Ал вайнер, блогер Сымбат Қасымованы театр және кино актрисасы Дариға Бадықоваға ұқсатқан. Бірақ тәжірибелі актрисаға қарағанда блогер Желіде танымалдау. Instagram желісінде Дариға Бадықоваға 142 мың адам жазылса, Сымбат Қасымованы 536 мың адам оқиды. 

Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Абдукаримоваға ұқсас бірнеше қыздың суреті Желіде таралды. 

Оның арасында танымал үнді актрисасы, әнші Бханурекха Ганешан (Рекха) да бар. Мұнда да Instagram қолданушыларының ойы екі жаққа бөлінді. Бірі қатты ұқсайтынын жазса, екіншісі мүлде ұқсастық байқамағанын айтады. 

Әнші, актриса Салтанат Бақаевамен де ұқсастығы бар ару табылды. Суреттегі @bauyrzhanovaaa аккаунтының иесі, карьерасын енді бастаған актриса Әлия есімді қыз. Ол "Қанатсыз құстар" сериалында ойнаған екен. 

Қуандық Рахымның да "егіздері" бар екен. Белгісіз жігіттің суретін көргендер оның қатты ұқсайтынын айтады. 

Оны түрік актері Угур Гюнешке де ұқсатып жатады. 

Әнші Қарақат Әбілдина мен балерина, бұрынғы модель және қазіргі тамақтану жөніндегі сарапшы Мақпал Кәрібжанова бір-біріне ұқсайды дегендер көп. Десе де қарсы пікірлерді де байқауға болады. 

Келбеті әнші Мөлдір Әуелбековаға да келетін арулар бар. Желі қолданушыларының көбі ұқсастықты байқап отыр. 

Сонымен қатар, әнші Айдана Меденова, актриса Жания Джуринскаяға ұқсайтын қыздар табылды. 

Бұл тізімде танымал әнші, актриса, тележүргізуші Аша Матай да бар. 

Суреттегі Сымбат есімді қызға әнші Айгерім Қалаубаеваға ұқсайсың деп жиі айтады екен. Десе де ол өзін әншіге бұрын ұқсатқанымен, қазіргі ойы басқа екенін айтты. Сымбаттың Instagram желісіндегі парақшасында 128 мың оқырманы бар, ал Айгерім Қалаубаеваның жазылушылары бір жарым миллионнан асады. 

Жігіттердің арасында тележүргізуші, актер Тәуекел Мүслімге ұқсайтындардың да суреттерін көрдік. Желі қолданушылары суреттердегі екі жігітті де актерге ұқсайды деп таныған. 

Белгілі актер Азамат Сатыбалдыға да ұқсас жігіт табылды. 

Суреттер @uksastyk парақшасынан алынды

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 444.26   490.7   4.83 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети