СКАЧИВАЙТЕ НОВОЕ ПРИЛОЖЕНИЕ TENGRINEWS
04 сентября 2019 | 16:21

"Мас жүргізуші соққан". Сиви Махмудидің жағдайы белгілі болды

Фото ©"Территория происшествий", instagram.com/sivi_makhmudi

Әнші Сиви Махмуди жол апатынан кейін қазір жағдайы жақсарған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Әнші Сиви Махмуди жол апатынан кейін қазір жағдайы жақсарған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы тележүргізуші, журналист Асхат Садырбай Tengrinews.kz тілшісіне айтып берді. Оның айтуынша, қазір алаңдауға еш негіз жоқ.

Реклама
Реклама

"Мен кеше Сивидің анасымен хабарластым. Өкінішке қарай, Сивидің өзімен хабарласа алмадым. Анасының айтуынша, қазір оның жағдайы жақсы. Үйде ем алып жатыр", - дейді Асхат Садырбай. 


© instagram.com/askhatsadyrbay

Porsche көлігін тізгіндеген Сиви Махмуди жол апатынан зардап шекті

Асхат Садырбай 3 қыркүйекте әншінің жағдайы туралы Instagram желісіндегі парақшасында жазған еді. 

"Достар, ақпарат сайттарының жазған дәйексіз ақпараттарына сеніп қалмаңыздар. Сивиде бәрі дұрыс. Екі қолы сынбаған, басы жарылмаған. Сиви түнде тойдан қайтып келе жатқанда бір мас жүргізуші бұның көлігін келіп соққан. Нәтижесінде Сивидің басына, бұғанасына зақым тиген. Қазір жағдайы жаман емес. Дұғада болайық", - деді журналист жазбасында. 

Бұған дейін ақпарат құралдарында Сиви Махмудидің жол апатынан соң ауруханаға түскені хабарланған. Бірақ Алматы қалалық денсаулық сақтау департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, Сиви оқиғадан кейін ауруханаға жатпаған. 

Еске салайық, 2 қыркүйекте әнші Сиви Махмудидің жол апатына түскені туралы хабарланған. Кейін әншінің көлігіне соқтығысқан Toyota автокөлігінің жүргізушісі мас күйде болғаны анықталған болатын.

Вопрос от автора
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная