Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
02 сентября 2019 10:54

Porsche көлігін тізгіндеген Сиви Махмуди жол апатынан зардап шекті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әнші Сиви Махмуди жол апатына түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі СТВ телеарнасының "Территория происшествий" бағдарламасына сілтеме жасап. 


Әнші Сиви Махмуди жол апатына түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі СТВ телеарнасының "Территория происшествий" бағдарламасына сілтеме жасап. 

Жол-көлік оқиғасы әл-Фараби даңғылы мен Ремизовка көшесінің қиылысында болған.

Toyota автокөлігі Ремизовка көшесімен жоғары келе жатып, рөлге ие бола алмай, Porsche көлігіне соқтығысқан.

"Нәтижесінде Porsche автокөлігінде отырған адам зардап шеккен. Бүгін таңертең Porsche автокөлігінде әнші Сиви Махмудидің отырғаны белгілі болды. Әнші әртүрлі жарақаттармен ауруғанаға түскен", - делінген хабарламада. 

Кейін Сиви Махмудидің көлігіне соқтығысқан Toyota автокөлігінің жүргізушісі мас күйде болғаны анықталды. 

"Жол апаты екі көліктің қатысуымен өткен түні Ремизовка көшесінде болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, Toyota автокөлігінің иесі қарсы жолаққа шығып, Porchse көлігіне соқтығысқан. Жол апатының нәтижесінде Porsche көлігінің иесі зардап шеккен. Қазіргі таңда бұл дерек бойынша Бостандық ауданы Полиция департаментінің әкімшілік тәжірибе бөлімінде тексеріс болып жатыр. Арнайы сараптама жүргізіледі", - деді Полиция департаментінде.

Ал әншінің көмекшісі бұл оқиғаға қатысты пікір білдіруден бас тартты. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 444.22   490.7   4.76 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети