23 июля 2021 14:44

Төрт жасынан ән айтқан, 23 келі тастаған. Сіз кімсіз, Рухия Байдүкенова?

Фото: instagram.com/ruhiya.baidukenova

19 шілдеде қазақстандық әнші Рухия Байдүкенова Витебскіде өткен "Славян базары" халықаралық өнер фестивалінің Бас жүлдесін жеңіп алды. Тengrinews.kz тілшісі Түркістан қаласының әншісі туралы мәліметтер ұсынады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

19 шілдеде қазақстандық әнші Рухия Байдүкенова Витебскіде өткен "Славян базары" халықаралық өнер фестивалінің Бас жүлдесін жеңіп алды. Тengrinews.kz тілшісі Түркістан қаласының әншісі туралы мәліметтер ұсынады.

Отбасы

Рухия Байдүкенова - Талдықорған қаласының тумасы. Вокалмен төртінші сыныптан бері айналысып келе жатыр. Жеті жылдай өнер мектебінде оқыған. Кейіннен 15 жасында Қазақ ұлттық өнер университетінің колледжіне түскен. Ал бүгінде сол университеттің үшінші курсын бітірген.

Реклама
Реклама

Рухияның отбасында өзінен бөлек әпкесі бар. Анасы орыс ұлтының өкілі. Алайда, Рухияның айтуынша, оған қарамастан анасы қазақы тәрбиемен өсірген. Әкесі зауытта жұмыс істейді. Анасы үйде, әпкесі мемлекеттік қызметкер.

"Жалпы туыстарымызда той болса менің анам бірінші кезекте қазақтың салт-дәстүріне келгенде бірінші жүгіретін адам", - деген екен әнші Abai TV телеарнасының "Есімдер" жобасында. 

"Славян базарында" жеңіске жету бала күнгі арманы болған 

Рухия Tengrinews.kz порталына берген сұхбатында бала күнінен жыл сайын "Славян базарын" қарағанын және анасына бір күні ол жеңіске қол жеткізетінін айтқан екен. 

"Анама барамын да жеңіске жететінімді айтатынмын. Қазақстанда Гран-при жеңіп алған бірінші қыз боламын дедім. Үш ай бойы физикалық тұрғыда да, моральдық тұрғыда да дайындалдым. Конкурс үшін 23 келі салмақ тастадым", - дейді Рухия. 

Өнерпаз байқауға үш жыл қатарынан ұлттық іріктеуге қатысып жүрген. Бірінші жылы ол "арықтасын" деген сөз естіп қайтқан. Ол кезде салмағы 95 келі болған екен. Екінші жылы жұлдызды уақыты әлі келмеген деп шешкен. Ал үшінші жылы іріктеуге бармаймын деп ойлап жүргенінде әнші Димаш Құдайберген бағын сынап көруді ұсынған екен. 

"Димаш аға "қатысып көрсеңші, өтсең өттің, өтпесең өтпедің" деп айтты. Осылайша іріктеуге бардым. Қазылар алқасы елімнің атынан өнер көрсетуіме жолдама берді", - деді Рухия ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, Рухия заманауи батыс техникасының бүкіл әдісін қолданды. Олар бес октава деп айтады, ол тек екінші немесе үшінші октавадағы ысқырық режимін қоса қамтиды. Яғни бұл өте жоғары дауыс деген сөз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram