03 марта 2020 | 09:31

9 баласы бар ана "Алтын алқа" тақты. Енді ол бизнеспен айналысамын дейді

Раушан Мамасерікова

9 баласы бар алматылық тұрғын Раушан Мамасерікова күні кеше қолы жете алмай жүрген "Алтын алқа" белгісін тақты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

9 баласы бар алматылық тұрғын Раушан Мамасерікова күні кеше қолы жете алмай жүрген "Алтын алқа" белгісін тақты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еске салайық, бұған дейін Раушан Мамасерікованың әлі күнге дейін "Алтын алқаға" қолы жетпей жүргені және өмірі туралы жазылған еді. Марапатты салтанатты түрде табыстау рәсімі Алматы қаласы, Алатау ауданының әкімдігінде өтті. 

Реклама
Реклама

Раушан Мамасерікованың "Алтын алқа" ала алмай жүргеніне 4 жылдай болған. 2016 жылдан құжат жинай бастаған Раушанның бірден алқаны ала алмауының себебі - 1994 жылдардағы қылмыстық іске қатысы бар-жоғына қатысты дау. Алайда әл-ауқат бөлімінің басшысының сөзінше, бұл мәселе архивте қайта қаралып, барлығы дұрыс екені анықталған. 

"Негізі тексеріс кезінде қылмыстық іс шыққан адамдар марапатталмайды. Раушан кейіннен қаладан прокуратураның мәліметтер базасына шығып, сол жерден барлығы дұрыс екені анықталған. Бұрын, 1994 жылғы қылмыстық іске қатысы бар болып шықты деген хабар түскеннен кейін прокуратура архивке қайта сауал жіберді. Біз екінші рет сауал жібергенде барлығы дұрыс екені анықталды", - деп түсіндірді Лейла Серікбайқызы.

Раушанның сөзінше, оның 1994 жылғы қандай қылмысқа қатысы бары ақыры түсініксіз қалып отыр. Оның айтуынша, тек қылмыстық іс қозғалғаны жөнінде ақпарат болған. Ал қашан, қандай қылмыс екені белгісіз. 

"Тігін кәсібін қолға алсам деймін"

"Алтын алқа" марапатының көптеген жеңілдігі бар. Соның бірі - "Алтын алқа" иегерлері салықтан босатылады. Раушан Мамасерікова осы мүмкіндікті пайдаланып, кәсіп ашып алсам деген ойы барын айтты.

"Жалпы тігінмен айналысқанды ұнатамын. Жақында балаларым баратын балабақша мен мектепке де бір пайдам тисе деген оймен 8 наурызға орай қыздарға 15 белдемше тігіп бердім. Оларды бір ай бойы тігіп, бүгін апарып тапсырдым. Қазір мемлекет тарапынан беріліп жатқан атаулы әлеуметтік көмектен түсетін қаражатымды жинап, жеке бизнес ашсам деген жоспарым бар. Оны шамамен жаз мезгілінде бастасам деп жоспарлап отырмын. Оны әзірше үй жағдайында ашатын шығармын", - дейді көпбалалы ана. 

"Қыздар бөлек, ұлдар бөлек жатқысы келеді"

Тоғыз баланың анасы бүгінде отбасымен бір бөлмелі шағын жалдамалы пәтерде тұрып жатыр. Ұлдары ер жетіп, қыздары бой жетіп, өсіп келе жатқан көпбалалы отбасының тағы бір арманы - балалары сиятын үй болса дейді. Ол үшін пәтер кезегіне де тұрып қойған. 

"Үй тар. Ер жетіп келе жатқан балалардың жүйкесі тозған сияқты көрінеді. Қыздар бөлек, ұлдар бөлек жатқысы келеді. Әзірше ыңғайы келер, сәтін салар деп жүрміз. Бізге қазір үй қажет болып тұр ғой. Себебі соңғы кездері балалар бір-бірімен ұрысып, ерегесіп қалады. Сабақты да тар жерде оқиды дегендей", - дейді Раушан. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная