Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
05 января 2020 11:13

Тоғыз баласы бар алматылық ана "Алтын алқа" ала алмай отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Раушан балаларымен © Tengrinews.kz Раушан балаларымен © Tengrinews.kz

Алматыда тұратын 9 баласы бар Раушан Мамасерікова бүгінге дейін "Алтын алқа" ала алмай отыр екен. Tengrinews.kz тілшісі көпбалалы анамен тілдесіп қайтты. 


Алматыда тұратын 9 баласы бар Раушан Мамасерікова бүгінге дейін "Алтын алқа" ала алмай отыр екен. Tengrinews.kz тілшісі көпбалалы анамен тілдесіп қайтты. 

42 жастағы Раушан Мамасерікова - Шымкент қаласының, ал жолдасы Зайсан өңірінің тумасы. Бүгінде олар көпбалалы отбасы - төрт ұл, бес қыз тәрбиелеп отыр. Үлкен ұлдары 16-да болса, кенжесі үш айлық. Тоғыз баланың анасы Раушанды алаңдататын мәселе - ол көпбалалы ана болса да әлі күнге дейін "Алтын алқа" ала алмай жүр екен. "Алтын алқа" алуға әрекет жасамады емес, жасаған. Алайда Раушан әр барған сайын бас тарту қағазын алады екен.

"Күміс алқаға" өтініш бергенмін. Бірақ соттылығың бар деп бас тарту қағазы келді. Менде де, күйеуімде де ондай мәселе жоқ. Өмірімде ондай нәрсе болған емес. Сосын "ХҚКО-дан құжат алып келіңіз" деді. Ол анықтамада 1994 жылғы бір оқиға жазылған. Бірақ анық ештеңе жоқ. Сосын прокуратураға жіберді. Ол жерде де анық, "мына жерде мынадай" деп ештеңе айтылмады", - дейді Раушан.


Раушан балаларымен. © Әлихан Сариев

Оның айтуынша, отбасы мүшелері ешқашан сотты болған емес.

"Бір күні маған прокуратурадан "Сізде бәрі дұрыс. Барып алқаңызды ала беріңіз" деп хабарласты. Сөйтіп ХҚКО-ға да бардым. Ол жерде де бәрі дұрыс болып шықты. Ол кезде мен енді "Алтын алқаның" әрекетін жасап жүрдім. Оның жауабын бір жылдай күтесің. Сөйтіп алтынға өтініш бердім. Келеді деп күтіп жүрген кезімде маған тағы да бас тарту келді", - дейді көпбалалы ана.

Айтуынша, Раушанның банк, кредит жағынан да қарызы жоқ екен.

"Мен соны түсінбей тұрмын. Қазір енді алтын да, күміс те жоқ. Егер бірдеңе бүлдірген болсам іштей ойлап, өз қателігім екенін түсінемін ғой. Қалай бұлай болды екен деп ойлаймын. Қазір ең басты мәселем сол", - дейді Раушан.

Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігіне мәселенің мән-жайын анықтау мақсатында сауалхат жолдады.

Айта кетейік, "Алтын алқа" жетінші сәби бір жасқа толған кезде және алты баласы тірі болған жағдайда ғана беріледі. Ал алты баласы бар аналарға "Күміс алқа" беріледі. Сондай-ақ, бұл санатқа жатқызылғандарға жәрдемақы беріліп, оларды жер, мүлік және көлік салығынан босату қарастырылған.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 448.12   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети