07 сентября 2020 08:58

"Менің жүйкем таусылды". Қашықтан оқудағы қызықтар

Биылғы оқу жылы бұрынғылардан өзгеше. Себебі көптеген қазақстандық оқушы сабақты қашықтан оқып жатыр. Онлайн-оқу барысында біраз қызық та болған. Tengrinews.kz тілшісі желідегі қашықтан оқуға байланысты әзілдер топтамасын жасады. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Биылғы оқу жылы бұрынғылардан өзгеше. Себебі көптеген қазақстандық оқушы сабақты қашықтан оқып жатыр. Онлайн-оқу барысында біраз қызық та болған. Tengrinews.kz тілшісі желідегі қашықтан оқуға байланысты әзілдер топтамасын жасады. 

Бұл - блогер Серік Тілеулесов. Ол жарымен екі қыз, бір ұл тәрбиелеп отыр. Ал бұл суретте тұңғышы Әдияның сабағын орындап беріп отырған көрінеді. 

Реклама
Реклама
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SUPERПАПАСЕРИК (@superpapa_serik) 31 Авг 2020 в 7:45 PDT

"Ал, ата-аналар, дайынсыздар ма?", - дейді ол жазбада. 

Шымкенттік Гүлназ есімді блогер - 4 баланың анасы. Оның айтуынша, үйінде 3 оқушы бар. 

"Түсте шығып телефонымды қоссам неше түрлі чат, кешке кірсем толған аудиохабар. 3 оқушы бала бар үйде, ойлаңыз. Жалпы жаңа оқу жылы құтты болсын, бүгін оқу басталғалы екінші күн, ал менің жүйкем таусылды", - дейді ол. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Вечно күліп жүретін келіншек (@gulnaz_hm) 2 Сен 2020 в 10:07 PDT

Бұл онлайн-оқудағы тағы бір қызық. 

Блогер Ырысбала Икрамбайдың айтуынша, отбасындағы балалар әлі мектепке бармайды. Сондықтан "ми ашуды түсінбейді екенбіз" дейді ол. 

"Ағамның үйіне келдім екі оқушы бар, шынында ми ашу екен, жеңгеме сабыр берсін. Екі бала далада ойнап жүр. Екеуінде бір телефон екен, телефон келген тапсырмалардан өшіп қалып жатыр", - дейді ол. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Рысбала Икрамбай (@irisbala_ikrambai) 3 Сен 2020 в 4:16 PDT

Ал Xaxa Show вайнерлері кешегі және бүгінгі оқу форматын көрсетіп, болашақтағы оқуға "болжам" жасаған. 

Бұл "Өнер қырандары" театрының басшысы Мадияр Серікбаев ұсынған онлайн сабаққа арналған "тәрбиелеуші құралы". 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Мадияр Серікбаев (@madiyar_serikbayev) 2 Сен 2020 в 7:03 PDT

Еске салайық, биыл пандемияға байланысты оқушылар бірінші тоқсанда қашықтан оқып жатыр. Білім және ғылым министрлігінің алдын ала мәліметінше, 2,6 миллион бала оқу жылын қашықтан оқыту форматында бастады. Кезекші сыныптарда 530 мың бала, қалыпты режимде 157 мың оқушы білім алады.

Жаңа оқу жылы: маңызды сұрақтарға жауап

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram