24 февраля 2020 | 09:36

"Проблема көп". Желіде танылған "Холодильник-2020" иесі аулының жағдайын айтып берді

Даурен Ерболат Журналист
© Tengrinews.kz

Әлеуметтік желіде бірнеше күннен бері қардан жасалған "тоңазытқыштың" видеосы тарады. Бұл желі қолданушыларының көңілін көтерген болатын. Tengrinews.kz тілшісі желіде тараған видеоның авторын тауып, оқиғаның мән-жайын білді.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Әлеуметтік желіде бірнеше күннен бері қардан жасалған "тоңазытқыштың" видеосы тарады. Бұл желі қолданушыларының көңілін көтерген болатын. Tengrinews.kz тілшісі желіде тараған видеоның авторын тауып, оқиғаның мән-жайын білді.

Реклама
Реклама

Видеоны желіде жариялаған Ақмола облысы Целиноград ауданы Қараөткел ауылының 36 жастағы тұрғыны Ерік Қосанов екен. Ол видеоны Арқалықтағы туыстарына жібергенін айтады.

"Екі күн ауылда боран соқты. 19 ақпанда асхананың терезін қар басып қалды. Бөлме қап-қараңғы еді. Асханада шай ішіп отырдым. Кейін бір ой келді. Терезені аштым да одан сөре жасадым. Оны видеоға түсіріп, WhatsApp арқылы Арқалықтағы туыстарыма жібердім. Сөйтсем, видео желі арқылы барлығына тарап кетіпті", - дейді ауыл тұрғыны.

"Ондай ой болған жоқ"

Ол желіде танымал болғанын өзі де байқамай қалыпты. Бірақ жұлдыз болуды мақсат тұтпаған көрінеді. Тіпті, Ерік Қосанов үйінде үш тозаңытқышы барын айтып қалды.

"Ондай ой болған жоқ. Желі қолданушылары видеоны бұлай қабылдайды деп ойлаған жоқпын. Негізі ол "тоңазытқыш" емес. Үйде үш тоңазытқыш бар. Оның екеуі істемейді. Қызық үшін түсірілген видео ғой", - дейді ол ағынан жарылып.

Сондай-ақ, Ерік желі қолданушыларының көңілін көтерген жаңа "өнертабысының" енді жоғын өкінішпен айтты.

"Тозаңызытқыштың ғұмыры" ұзаққа бармады. Бауырым асхана алдындағы қарды күреп тастады", - дейді Қосанов.

"Ауылды су басады"

Әңгіме барысында тұрғын ауылдағы өзекті мәселелерді көтерді. Оның айтуынша, Қараөткел ауылында 200 үй түтін түтетіп отыр. Алайда боран соқса, тұрғындар үйінен шыға алмай қалады екен. Оның Қараөткелде тұрғанына 10 жыл болыпты.

"Ауылдағы қарды ешкім тазалап жатқан жоқ. Бұл қар шығарылмаса, көктемде судың астында қаламыз. Оған күмәнім жоқ. Басты мәселе осы. Өткенде телеарнаның журналистері бұл мәселені көтерді. Бірақ нәтиже жоқ", - дейді Ерік Қосанов.

Сондай-ақ ол ауылда су, жол мәселесі де өзекті екенін жеткізді.

"Оны айтып айтып жалықтық. Әкімдік "бізге бюджеттен қаржы бөлінбейді" дейді. Мысалы, тұрғындар суды Үркер ауылынан тасиды. Ол 5 шақырым жерде орналасқан. Сондай-ақ жердің астынан насос арқылы келіп тұрған су да бар. Бірақ ол тұзды су ішуге жарамайды", - дейді ол.

"Қар суын ерітіп ішуге мәжбүрміз"

Ерік Қосанов боранды күндері қардың суын ерітіп ішуге мәжбүр екенін ашына айтты.

"Мен үйге 50 литр таза су әкелемін. Әйелім мен 3 балам бар. Бұл бізге 4-5 күнге жетеді. Таза су болмаса, қардың суын ерітіп ішуге мәжбүрміз. Ауылда 5-6 күн қатты боран соқты. Салдарынан жол ашылмай қалды. Қаламен байланыс үзілді. Сонда осындай суды іштік", - деп налыды тұрғын.

"Ересек адамның өзі жүре алмайды"

Cонымен қатар, ол көктемде қар еріп, тұрғындардың бойын үрей билейтінін тілге тиек етті.

"Қар еріген кезде жол қатынасы нашарлап, елді мекендермен қарым-қатынас мүлдем үзіледі. Салдарынан ұлым мектепке, кішкентай қызым балабақшаға бара алмайды. Көктемде бұл жерде кішкентай бала емес, ересек адамның өзі жүре алмай қалады", - деп түйіндеді сөзін ауыл тұрғыны.

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная