1. Главная
  2. Узнай
  3. Жизнь
  4. Фрагменты

"Холодильник 2020!". Ақмола облысының тұрғыны жаңа "өнертабысымен" жұртты күлдірді

  • 7
Видео кадрлары Видео кадрлары

Ақмола облысы Целиноград ауылы Қараөткел ауыл округінің тұрғыны жаңа "өнертабысымен" Желіде жұртты күлдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде тарап жүрген роликте ер адам қар басқан үйінің терезесін ашып, қарды ойып қойма жасап қойған. Тұрғын видеоның Ақмола облысы, Целиноград ауданы Қараөткел ауыл округінде түсірілгенін айтады.

"Ассалаумағалейкүм, қазақ елі, холодильник - 2020! Биылғы бізге боранның берген пайдасы", - деп тұрғын "табиғи мұздатқышын" таныстырады. Осыдан кейін ол жоғарғы, ортаңғы және төменгі сөрелерді көрсетіп, қуыста ет барын да айтады. Оның айтуынша, мұндай құрылғы ток жемейді, нағыз үнем.

Tengrinews.kz редакциясы видео авторынан +7 771 507 29 89 WhatsApp-нөміріне хабарласуды сұрайды.

Сонымен қатар, әлеуметтік желіде қалың жауған қарға байланысты тағы бірнеше ролик таралып жатыр.

Солардың бірі "Кайтсерфинг по по-астанински" деп аталады. Елордада түсірілген видеода ер адам парашют ұшырып, өзі шаңғы тебеді. Оның артынан иттердің қуғанын көруге болады. 

"Бұл адамға астанада ауа райы жел болғаны ұнайды", - деп әзілдейді видеоға түсіргендер.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Кайтсерфинг по-астанински⛄️ Как вам такие покатушки??? ⠀ Видео: @aray_alimkhan

Публикация от Nur-Sultan | Астана (@astana_city)

Желіде тарап жүрген тағы бір видеода ер адам қар көміп қалған үйді сыртынан түсірген. Алайда видеоның нақты қайда және қашан түсірілгені белгісіз. 

"Бізде осындай ауа райы. Кто, кто, кто в Теремочке живет? Иесі қайда екен? Шатыры міне, ток ұруы мүмкін. Үйдің кіреберісі міне. Серега, шық", - дейді кадр сыртындағы дауыс.

Айта кетейік, "Қазгидромет" РМК мамандары ақпанның соңғы онкүндігінде ауа райы температурасы нормадан жоғары болатынын болжап отыр. Ал наурызда Қазақстанның солтүстігінде наурыздың бірінші онкүндігінде қарлы болады, боран тұрып, мұзтайғақ болып, тұман түсуі мүмкін. Күндіз ауа температурасы минус бес пен плюс бес арасында құбылады, түнде он градусқа дейін аяз болады.