ПОДЕЛИТЬСЯ
28 марта 2018 | 13:53
"Сіздерді сабауға келіп едім". Қазнет Жан Ахмадиевтің даулы бастамасына не дейді?
Елімізде даулы мәселелерді көтерумен жұртқа танылған рэпер Жан Ахмадиев таяуда тағы да елдің көзіне түсті. Әлеуметтік желілерде таралған видеода ол Алматыдағы Сейфуллин даңғылының бойында жұмыс істейтін түнгі көбелектерді жазалауды ұйғарған. Сонымен қатар, ол ер адамдарды осы ісін жалғастыруға шақырған.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Елімізде даулы мәселелерді көтерумен жұртқа танылған рэпер Жан Ахмадиев таяуда тағы да елдің көзіне түсті. Әлеуметтік желілерде таралған видеода ол Алматыдағы Сейфуллин даңғылының бойында жұмыс істейтін түнгі көбелектерді жазалауды ұйғарған. Сонымен қатар, ол ер адамдарды осы ісін жалғастыруға шақырған.
Видео әлеуметтік желілерде нағыз тартысты дауға айналды. Біреулері оның ісін құптап, жезөкшелерді солай жазалау керектігін айтса, екіншілері мұның заңға қайшы екенін, кем дегенде бұзақылық дерегі айдан анық екенін айтады. Осыған байланысты Tengrinews.kz тілшісі рэпердің әрекетіне Қазнетте қандай баға беріліп жатқанын сараптап көрді.
Журналист Назгүл Қожабек болса қамшымен сабау жезөкшелікпен күресудің тиімді әдісі емес екенін жазыпты.
"Қызық, бір көшедегі үш жезөкшені қамшымен ұрсам, соны кәсіп етіп жүрген қазақ қыздардың бәрі бір күнде қалтырап-дірілдеп, "ойбай, қоймасам, Жан келіп, жанымды шығарады" деп, жұмысын тастап кетті деп ойлай ма екен? Мықты болса, сутенерлерді ұрмай ма. Проституция - тұтас индустрия. Оның басында сіз де, мен де білмейтін, бәлкім білетін, адамдар тұр. Қамшы жеген жезөкше - сол алып индустрия тізбегінің соңғы шығыршығы ғана. Ол алып механизмнің бір тетігі. Сен оны қамшылап отырып, сол жолдан тайдырсаң - орнын екіншісі басады. Өйткені олар алып зауытта жасалып жатыр: зорлық, алып қашу, алдап тастап кету, оқуға түсу үшін профессормен жату, жұмысқа тұру үшін бастықпен саунаға бару деген станоктарда болашақ жезөкшелер жасалып жатыр. Станоктар тоқтамай - тетік таусылмайды. Сол алып индустрияның басында тұрған адамдар - осы саладан түскен қаражатын, басқа, адалдау іске салып, бизнес жүргізеді. Ол да анық. Демек, шындап келсе, біздің жеп отырған әр түйір нанымызда жезөкшенің көз жасы бар", - деп пікір білдірді ол.
Продюсер Баян Алагөзованың айтуынша, тарихта батырлар жерді қорғаса, бүгінгілер қамшымен жезөкше қуатын жағдайға жеткен.
"Бұрын батырларымыз жерді жаудан қорғаған! Бүгінгілер камшымен жезөкшені қуалап жүр, осы "батырлығын" рахаттана камераға түсіреді, қорқыныштысы - оның ісіне қолдау білдіріп, қошемет көрсеткен жұрт. Қоғамның кері кеткенінің айқын мысалы! Құқық қорғау органдары бұған бағасын беріп, қоғамдық шектен шыққан жағдайға қатысты пікір білдіреді деп үміттенемін", - дейді Алагөзова.
Ақындығымен танылып жүрген Самурай Самраттың да бұл мәселе төңірегінде айтары бар екен. Жезөкшелікке салынған қыздарды ақтауға тырысқан ол пікірін өлең жолдарымен жеткізеді.
Публикация от SamuRay (@samrat_ir) 26 Мар 2018 в 11:03 PDT
.
Алайда әлеуметтік желіде рэпердің ісін құп көріп, қолдау мәніндегі пікір жазып жатқандар да баршылық.
Айта кетейік, бұл оқиғаға қатысты Алматы ІІД өкілдері зардап шеккен қыздардың арызданып, полицияға келмегенін хабарлаған еді. "Осы уақытқа дейін Алматы ішкі істер органдарына осы дерекке қатысты арыз түскен жоқ. Біз видеоны тексеріп жатырмыз", - деп хабарлаған еді Алматы ІІД баспасөз қызметінің өкілдері.
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также