27 января 2022 | 16:02

"Тәрбие мәселесі қалып қойып жатыр". Немересіне Махамбет жырын айтқан атамен сұхбат

Камила Долаева Корреспондент
Коллаж: Tengrinews.kz

Немересін Махамбет жыры мен Абай өлеңдерін айтып ойнататын ата - театр актері, режиссер Бейбіт Құсанбаев екені белгілі. Отыз жылдай театр қабырғасында еңбек еткен ол бүгінде балаларды нағыз өнерге баулуды - өмірлік паразы деп санайды. Tengrinews.kz тілшісі актермен отбасы, немересімен қарым-қатынасы, хоббиі және театрдағы жолы туралы әңгімелесті. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Немересін Махамбет жыры мен Абай өлеңдерін айтып ойнататын ата - театр актері, режиссер Бейбіт Құсанбаев екені белгілі. Отыз жылдай театр қабырғасында еңбек еткен ол бүгінде балаларды нағыз өнерге баулуды - өмірлік паразы деп санайды. Tengrinews.kz тілшісі актермен отбасы, немересімен қарым-қатынасы, хоббиі және театрдағы жолы туралы әңгімелесті. 

Бейбіт Құсанбаев ШҚО-дағы Зайсан қаласының тумасы, өзі көпбалалы отбасынан шыққан. Ол театр саласына отыз жылдай өмірін арнаған өнер иесі. Актердің бір ұл, екі қызы бар. Екі қызы да тұрмыста, ұлы да келін түсірген. Ал видеодағы немересі Ақбала - ұлының баласы екен, жақында ғана бір жасқа толыпты.

Реклама
Реклама

Facebook желісіне таныстары, достары көрсін деп жүктей салған видеосының арқасында бір күннің ішінде жұлдыз бола қалдық деген актер бұл - үйіндегі үйреншікті көрініс екенін айтып отыр. Баланың өлеңді қатты дауыстап айтқаннан шошымайтынын да жеткізді. "Қайта кейін басқалардың айғайынан қорықпайтын болады" дейді ол. 

"Немереме қойылымдарым өте ұнайды. Абай, Шәкәрім аталарының өлеңдерін көп айтып беремін. Кешке жұмыстан келе қалғанда еңбектеп келіп, көтер дейді. Көтерген соң домбыраны көрсетеді, айғайлап өлең айт дейді, содан айтамын. Мәз болады. Сондай бір көріністі түсіріп алғанбыз.

Оған қоса, оны айғайлап орындайтын себебім, бір жағынан, менің айғайымды естіп өссін, кейін қалғандарының айғайынан қорықпайтын болады. Бала жасымау керек, кішкентайынан тәрбиелеу керек", - дейді актер. 

Бейбіт Құсанбаев басшылық ететін "Тамшы" балалар театры 2010 жылы елордада ашылған. 2014 жылдан бастап ресми тіркеліп, жұмыс істей бастаған. Қазір бұл театр Тарбағатайдағы Ақсуатта жұмысын жалғастырып жатыр. 

"Ол кезде мен астанада "Жастар" театрында актер-режиссер болып қызмет еттім. "Шабыт" өнер университетінде сабақ бердім. Жолдасым екеуміздің "Тамшы" деген балаларға арналған студиямыз болды. Балалар ер жетіп, аяққа тұрған соң 2018 жылы ел жаққа да қызмет етейік, анамыздың қасына барайық деп Зайсанға көшіп кеттік. 2018 жылдың аяғына тақау Ақсуатқа қоныс аудардық. Ақсуат мәдениет үйіне қызметке кірдім. Сол жерде директор Шәкен Көпшікбаеваның қолдауымен "Тамшы" балалар театрын жалғастырдық", - дейді ол. 

Актер неге балалар театрына бет бұрғанын да түсіндірді. 

"Балаларға таза өнерді көбірек дәріптеуіміз, үйретуіміз керек. Қазір жартылай жалаңаштанып, бет-аузын бояғандар сахнаға шығып, небір ерсі қылықтар жасалып жатыр, соның бәрі үлгі болды, өнер қылып алды. Арзан күлкі көбейді. Олардың барлығын тоқтата алмаспын, бірақ шамам келгенше таза өнерді үйретіп кетуге тырысып-бағып жатырмыз. Сол үшін балалармен көп жұмыс жасаймын. Бұл менің Алланың алдындағы парызым деп есептеймін. Өйткені бойыма берген өнерді басқаларға да үйретуім керек, - дейді ол.

Бейбіт Құсанбаев осы мақсатта балалар уақытын бос өткізбей, болашаққа жоспар құра білуі, небір жағдайлар болғанда жолын тауып, сабыр сақтап, әр уақытын тиімді пайдалануы, білімге көбірек уақыт бөлуі үшін көп жұмыс істеліп жатқанын айтты.  

"Қазір балаларымыздың барлығы телефонда отырады, телефонның тәрбиесі үйімізге келіп алды. Басында ата-анасы ел қатарлы телефон алып беріп, мүмкіндігін жасап отырмын деп ойлайды. Бірақ тәрбие мәселесі қалып қойып жатыр. Қазіргі уақытта "Тамшы" балалар театры сияқты балалармен тікелей жұмыс істейтін орталықтар өте қажет. Көбіне Абай, Шәкәрім, Мұқағали аталарымыздың өлеңдеріне қойылымдар қоямыз. Поэтикалық қойылымдар өткіземіз", - дейді өнер иесі. 

Балалармен жұмыс істегенді жаны жақсы көретін сахна шебері тәрбиелік мәні зор, мейірімге, еңбекқорлыққа шақыратын ертегілерді қоюмен де айналысады. Бейбіт Құсанбаев кейінгі рет эстрада әншісі, актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Айгүл Иманбаеваның мектеп оқушыларынан жасақталған А.И театрына "Ұр тоқпақ" ертегісін қойып бергенін айтты. 

Актердің әлеуметтік желідегі парақшаларына көз жүгіртсе, оның аңшылыққа қызығатынын байқау қиын емес.

"Екі тазы, бір төбетім бар. Басар, Арлан, Мойнақ деген. Мұны да, ұлттық құндылықтарымызды сақтап қалу мақсатында асырап отырмын", - деді актер. 

Суреттер: Бейбіт Құсанбаевтың жеке мұрағатынан

Өзекті жаңалықтарды сілтемесіз оқу үшін Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная