Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
24 января 2022 21:03

Немересіне Махамбет жыры мен Абай өлеңін айтып жүрген ата кім?

Камила Долаева Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған скриншот Видеодан алынған скриншот

Желіде немересін ойнату үшін шапан киіп, көзін ойнақтатып, домбырамен рухты жыр айтқан атаның видеосы тарап жатыр. Кадрлардағы ер адам актер, театр режиссері Бейбіт Құсанбаев болып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Желіде немересін ойнату үшін шапан киіп, көзін ойнақтатып, домбырамен рухты жыр айтқан атаның видеосы тарап жатыр. Кадрлардағы ер адам актер, театр режиссері Бейбіт Құсанбаев болып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Желідегі видеолардан атасы немесеріне ұлы Абайдың "Сабырсыз, арсыз, еріншек" өлеңі мен "Махамбет жырын" айтып бергенін көруге болады. Ал бала оны тыңдап мәз-мейрам, тағы айтып беруін де сұрайды.  

Желі қоланушылары да атасының бұл әрекетіне тәнті болып, жылы сөз жазып жатыр. "Керемет ата! Осындай аталарымымыз аман болсын, немересін ойнатып, осыдан асқан бақыт бар ма?", "Атамыз өнерлі екен, Алланың нұры жаусын! Болашақта айтыскер ақын өсіп келе жатыр", "Атасы мықты екен пах", "Супер ата болды ғой", - дейді олар.

Немересіне рухты жыр айтып жүрген ер адам - Ақсуат Мәдениет үйінің жанынан құрылған "Тамшы" балалар театрының жетекшісі Бейбіт Құсанбаев болып шықты.

Бейбіт Құсанбаев - қазақстандық актер, театр режиссері. ШҚО, Өскемен қаласы Жамбыл атындағы драма театрының, елордадағы Жастар театрында актері болған. Әр жылдары Шабыт өнер академиясы мен Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының оқытушысы да болған.

Өзекті жаңалықтарды сілтемесіз оқу үшін Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 451.02   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети