25 октября 2019 | 09:53

Ұлын іздеген хан, жау ала алмаған шаһар: Ақыртас пен Құлан атаулары қайдан шыққан?

Тengrinews.kz еліміздегі атауы ерекше елді мекендерге арналған циклдық материалдарын жалғастырады. Бұл жолы Ақыртас пен Құлан атаулары қайдан шыққанына, оның аңызы мен қызық деректеріне тоқталамыз.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Тengrinews.kz еліміздегі атауы ерекше елді мекендерге арналған циклдық материалдарын жалғастырады. Бұл жолы Ақыртас пен Құлан атаулары қайдан шыққанына, оның аңызы мен қызық деректеріне тоқталамыз.

VIII - X ғасырларда салынған
Реклама
Реклама

Тарихи деректерге сүйенсек, Тараз қаласынан шығысқа қарай 40 шақырым жерде орналасқан Ақыртас туралы XIII ғасырдың басында осы өңірге келген қытайлық саяхатшы Чан-Чунь алғаш рет жазған екен. Ол өз жазбаларында "Жол бойында тастан тұрғызылған қалаға тап болдық. Қызыл түсті тастан қаланыпты. Ежелгі әскери қоныс мекенінің белгілері байқалады" деп жазыпты.

Айта кетейік, Ақыртас ЮНЕСКО Бүкіләлемдік мұраларының және Жамбыл облысындағы киелі орындардың тізіміне енген, мыңдаған жыл бойы тарихшыларды қызықтырып, туристерге тартымды орындардың бірі болып саналады.

Неге Ақыртас деп аталып кеткен?  

Тарихи деректерге сүйенсек, осыдан бірнеше ғасыр бұрын бір хан жан-жақтан шеберлерді жинап, қамал салғызбақ болған. Ол ханның жалғыз ұлы болған екен. Ерке ұлы қайта-қайта келіп ханның мазасын ала берген көрінеді. Содан күндердің бір күнінде әкесі баласына дауыс көтеріп, баласы оған ренжіп, үйден кетіп қалады. Кейін үйдегілер оны іздестіре бастаған. Сонда жақын маңда жүрген жұмысшылар "балаңыз анау тастың үстінде тұрған" деп, жоғары жақта тұрған үлкен тасты көрсеткен. Сол тас жаққа жеткен соң ол жақтағылар "анау тастың үстінде тұрған" деп, ар жағында биікте тұрған тасты айтқан.

Жолыққанның барлығы ханға осылай жөн сілтеп, жоғары өрлей беріпті. Биік қырға шыққанда бір жұмысшы анау ақырғы тастың үстінен көргенін айтыпты. Хан ақырғы тасқа барып та ұлын таппапты. Кейіннен жұрт сол жерді "Ақыртас" деп атап кеткен екен.

Бірақ басқа дереккөздерге сүйенсек, құрылыс материалдары тас және пішімі малға шөп салатын ақырға ұқсас болуына байланысты Ақыртас деп аталған дейді. 

Ал тағы бір аңызда Ақыртас атауының басқа себебі болғаны айтылады.

"Ерте кезде Ақыртас жұртшылығына қауіп төніп, дұшпандары шабуыл жасапты. Сол кезде көзі жасқа толған халық құдайдан "жау аузында кеткенше, тасқа айналдыра көр" деп жалынып-жалбарынған деседі. Құдай көпшіліктің тілегін қабыл етіп, оларды мал-мүлкі, үй-жайымен бірге тасқа айналдырып жіберген екен. Бүгінгі қалған тастар осы халықтың ескерткіші деседі".

Құлан - Ұлы Жібек жолындағы ірі мәдени-сауда орталық

Құлан Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданында Қырғыз Алатауының бойында орналасқан. Құланда алғашқы археологиялық қазба жұмыстарын 1936 жылы КСРО Ғылым Академиясының Қазақ бөлімшесі мен Жетісу археологиялық экспедиция жетекшісі А.Н. Бернштам жүргізген.

Тарихқа үңілсек, Құлан жайлы VII ғасырдың 1-жартысында айтыла бастайды. Араб географы әл-Мақдиси "Құлан - бекініс қала, онда мешіт бар" деп жазған екен. Сондай-ақ, Құланның орта ғасырларда Ұлы Жібек жолындағы ірі мәдени-сауда орталығы болғаны айтылады.

Құлан атауы не білдіреді?

Ашық дереккөздердегі мәліметтерге қарағанда, Құланды бірнеше ғасыр бойы ешбір жау басып ала алмаған. Онда сырттан бөтен адамдар да кіре алмаған екен.

"Осыдан бірнеше ғасыр бұрын біздің өлкеде бір үлкен шаһар болыпты. Өзі биік төбенің үстінде қоныс тепкен көрінеді. Жан жағы сай-сала, саз-балшық, қалың қамыс. Қамалға сырттан жан баласы кіре алмайды екен. Қалаға кіретін тек бір ғана жол бар. Ол шаһардың ішінен ғана ашылатын аспалы көпір. Сондықтан ол қаланы бірнеше ғасыр бойы жау басып ала алмапты. Ал сазды кешіп өту мүмкін емес. Ол аумақта саз жағалай қалың қамыс өсіпті. Арасында құлан жайылып жүреді екен. Сонысына қарап бұл қаланы "Құланды" кейіннен "Құлан" деп атап кетіпті", - делінген аңыздардың бірінде.

Оқи отырыңыз:

Аты қандай, заты қандай: Шу мен Мойынқұм атаулары қайдан шыққан?

Аты қандай, заты қандай: Қыземшек пен Шелек атаулары қайдан шыққан?

Аты қандай, заты қандай: Арыс пен Шемонаиха атаулары қайдан шыққан?

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная