Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
30 июля 2019 12:11

Аты қандай, заты қандай: Шу мен Мойынқұм атаулары қайдан шыққан?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысында Мойынқұм мен Шу аудандарын көп адам білсе де, атауы қайдан шыққанынан хабардар болмауы мүмкін. Бұл екі қаланың да тарихы тереңде жатыр. Тengrinews.kz тілшісі елімізде атауы ең ерекше деген елді мекендер жайлы мәлімет жинап, атауының этимологиясын түсіндіреді. Циклдық мақалаларынымыздың алғашқысы Мойынқұм мен Шу атаулары жайлы болмақ.


Жамбыл облысында Мойынқұм мен Шу аудандарын көп адам білсе де, атауы қайдан шыққанынан хабардар болмауы мүмкін. Бұл екі қаланың да тарихы тереңде жатыр. Тengrinews.kz тілшісі елімізде атауы ең ерекше деген елді мекендер жайлы мәлімет жинап, атауының этимологиясын түсіндіреді. Циклдық мақалаларынымыздың алғашқысы Мойынқұм мен Шу атаулары жайлы болмақ.

Құм үстіндегі ауыл

Мойынқұм - Тараз қаласынан 192 шақырым қашықтықта жатқан ауыл. Шу өзенінің сол жағалауында орналасқан. Биылғы дерек бойынша, ауылда 8607 адам тұрады.

Ауылдың аты айтып тұрғандай, ол құмды алқап үстінде орналасқан. Бұл алқаптың орталық бөлігінде биіктігі 50-70 метр болатын құмды қырқалар қалыптасқан.


Мойынқұм құмы. ©drive2.com

Мойынқұм ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы Жамбыл Қалыбаевтың айтуынша, ауылдың тарихы қазақ хандығы құрылған кезден бастау алады.

"Кезінде Қазақ хандығы осы Мойынқұмда құрылған. Сол кезден-ақ осы маң Мойынқұм деп аталып келеді. Біз Жамбыл облысының төрт ауданымен шектесіп жатырмыз. Соның бәрі құм, шөлейт. Қазақ халқы ең алғаш қоныстануға жер іздеп жатқанда, бәрін алдын ала зерттеген. 200 мың халықты, миллионға жуық малын қоныстандыратын жер іздеген. Сонда шолушылар Мойынқұмға келіп тоқтаған екен. Кезінде бұл жер моғол халқына тиесілі болған, кейін Есен Бұға хан оны қазақтарға берген", - дейді Жамбыл Қалыбаев.

Ардагерлер кеңесінің төрағасы ауданның атауы құмның көп болуына байланысты қойылғанын айтады.

"Оның атауына келер болсақ, ол "мойынға дейін құм" деген сөзден шыққан. Одан қысқартылып, Мойынқұм болған. Яғни, құм өте көп дегенді білдіреді", - дейді ол.

"Шудың бойында..."

Шу өзенінің маңында құрылған қала туралы деректерді көне қытай жазбаларынан кездестіруге болады. Ал ресми түрде қаланың іргесі 1928 жылы қаланған. Ол Шу өзенінің сол жағында, облыс орталығы Тараздан 265 шақырымда жатыр. Былтырғы деректер бойынша, Шу қаласында 36 496 адам тұрады.

Ұзақ уақыт бойы Чу деп аталып келген қаланың атауы 1993 жылы ресми түрде өзгертіліп, Шуға айналған.


Шу қаласы. ©shu.zhambyl.kz

Қазір қазақстандықтар "Шудың бойында" деп әндетіп жүрген бұл қаланың атауы кезінде түркілерді билеген қағанның құрметіне қойылған екен. Мұны өлкетанушы Мәкен Уақтегі айтып берді.

"Көп адам өзеннің атауы қамыстарының шуына байланысты Шу аталған деп ойлайды. Бірақ бұл - қате пікір, оның шығу тарихы тереңде, Ескендір Зұлқарнайын заманынан бастау алады", - дейді ол.

Өлкетанушының сөзінше, Махмұд Қашқаридің "Диуани лұғат ат-түрк" кітабында Шу туралы деректер жазылған. Мысалы, бұл кітапта "Шу - Баласағұнға жақын шаһар" деген жазбалар бар екен.  

"Қашқаридің кітабында бір аңыз келтірілген: Зұлқарнайын түркі шаһарларына шаппақ болғанда оларды Шу есімді жас қаған билеген екен. Алтын хан тауында Зұлқарнайын мен Шудың әскерлері соғысып, кейін екі тарап бітімге келген. Артынша Шу қаған өзен бойынан өзіне қала салдарып, сонда билік құрған. Міне, қазір біз Шу деп айтып жүрген өзен мен қаланың атауы сол қағанның құрметіне қойылған", - дейді Мәкен Уақтегі.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 448.78   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети