06 мая 2020 | 16:57

COVID-19 өршіп тұрған елдерде пандемия қашан аяқталады? Ғалымдардың болжамы

© REUTERS

COVID-19-дың дүние жүзін дүрліктіргеніне бес айдың жүзі болды. Жалпы коронавирус пандемиясы аяқтала ма, жоқ па деген мәселе кез келген адамды алаңдататыны сөзсіз. Сингапур технология және дизайн универсиеті мен Массачусетс технологиялық институтының ғалымдары коронавирус өршіп тұрған елдерге түрлі болжам жасаған. Ғалымдардың зерттеуіне сүйенсек, дүние жүзінде коронавирус пандемиясы шамамен 14 желтоқсанда басылуы мүмкін. Коронавирус өршіп тұрған Еуропа елдерінде пандемия қашан аяқталады? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

COVID-19-дың дүние жүзін дүрліктіргеніне бес айдың жүзі болды. Жалпы коронавирус пандемиясы аяқтала ма, жоқ па деген мәселе кез келген адамды алаңдататыны сөзсіз. Сингапур технология және дизайн универсиеті мен Массачусетс технологиялық институтының ғалымдары коронавирус өршіп тұрған елдерге түрлі болжам жасаған. Ғалымдардың зерттеуіне сүйенсек, дүние жүзінде коронавирус пандемиясы шамамен 14 желтоқсанда басылуы мүмкін. Коронавирус өршіп тұрған Еуропа елдерінде пандемия қашан аяқталады? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында.

АҚШ 

Реклама
Реклама

Бүгінде АҚШ COVID-19 жұқтырған адам саны бойынша да, қайтыс болғандар саны бойынша да дүние жүзінде бірінші орында тұр. АҚШ-та коронавирус алғаш рет 15 ақпанда тіркелген. Бастапқыда 15 адам анықталып, 20 күннен кейін бұл көрсеткіш 10 есе өскен. Сөйтіп, уақыт өте келе коронавирус жұқтырғандардың саны арта түспесе, азайған жоқ. Бүгінде АҚШ-тың көптеген қаласы мен біраз штатында COVID-19 тіркелген. Дегенмен, коронавирустан қатты зардап шеккен - Нью-Йорк. Барлығы 330 мыңнан аса адам вирус жұқтырып, 25 204 адам қайтыс болған.

Ел президенті Дональд Трамп наурызда брифинг барысында коронавирустың жаппай тарауы шамамен шілде-тамыз айларында аяқталады деп болжаған. Ал Сингапур технология және дизайн университеті және Массачусетс технологиялық институтының ғалымдарының болжамы бойынша, АҚШ-та коронавирус пандемиясы шамамен 1 қазанда аяталады.

"Әр балаға 218 мың теңгедей беріледі" - АҚШ-та тұрып жатқан қазақстандық

Италия

Италияда коронавирус дерегі алғаш ресми 15 ақпанда тіркелді. Бастапқыда 3 адам коронавирус індетін жұқтырғаны белгілі болды. Бір аптадан кейін 157 адам, ал бір айдан кейін 28 мыңға жуық адам COVID-19 жұқтырып үлгерді. Уақыт өте келе COVID-19-дан қайтыс болған адам саны да арта бастады. Мәселен, коронавирус тіркелгеннен кейін бір айдың ішінде Италияда 4 мыңнан аса адам көз жұмды. Бүгінде Италияда коронавирус жұқтырғандардың саны 213 мыңнан асты.

"Біз коронавирустан қорықпаймыз" деп флешмоб өткізген Италия неден қателесті?

Сингапур технология және дизайн универсиеті және Массачусетс технологиялық институтының ғалымдары коронавирустың аяқталу мерзімін шынайы уақыт режимінде бақылап отыратын сайттағы мәлімет бойынша, Италияда коронавирус пандемиясы 10 қыркүйекте аяқталады деп болжанған. 

Ұлыбритания

Бүгін Ұлыбританияның Еуропада COVID-19-дан көз жұмған адам саны бойынша бірінші орынға шыққаны белгілі болды. Коронавирус пандемиясы басталғаннан бері елде 32,3 мыңға жуық адам қайтыс болса, бұған дейін эпидемиядан қатты зардап шеккен ел болып саналатын Италияда 29 мыңдай адам өлімі тіркелген.

"Биліктің әрекеті таңғаларлық!". Лондонда тұрып жатқан қазақстандық елдегі жағдай туралы

Independent хабарлауынша, бұл мәліметтерді Ұлттық статистика қызметі (ONS) келтірген. Ұйым есебі бойынша, адамдар көбіне ауруханада (19,6 мың) қайтыс болған. 5,9 мыңдай адам қарттар үйі мен интернаттарда, 1,3 мыңдай адам өз үйінде, 301 адам хоспистерде қайтыс болған. Басылым Ұлыбританияның денсаулық сақтау министрлігі мен әлеуметттік қорғау агенттігі бұған дейін тек ауруханада қайтыс болған адам санын келтіргенін айтады. 

Сингапур технология және дизайн универсиеті және Массачусетс технологиялық институтының ғалымдары Ұлыбританиядағы жағдайға да болжам жасаған. Ғалымдар жүргізген зерттеуге сәйкес елде коронавирус пандемиясы 8 қыркүйекке қарай аяқталуы керек.

Испания ауырғандар саны ең көп болатын кезеңнен өтті

Испания - коронавирус пандемиясынан зардап шеккен Еуропа елдерінің бірі. Елде төтенше жағдай режимі 10 мамырға дейін жарияланған. 26 сәуірден бастап карантин режимін жеңілдете бастаған. Мәселен 14 жасқа дейінгі балаларға күніне 1 сағат ата-анасымен бірге қыдыруына рұқсат берілген. Одан бөлек, EurAsia Daily мәліметінше, 13 сәуірден өнеркәсіп қызметкерлері мен құрылысшылар жұмысқа шыға бастаған.

Ал 14 сәуірде ел билігі Испания ауырғандар саны ең көп болатын кезеңнен өткенін мәлімдеген. Бұл туралы Испанияның денсаулық сақтау министрі Сальвадор Илла хабарлаған. Оның айтуынша, 13 сәуірдегі жағдай бойынша, науқастардың саны 6 пайыз, ал қайтыс болғандардың саны тек 3 пайызға өскен.

Франция

Франция - коронавирус жұқтырған науқастар саны бойынша дүние жүзі бойынша бесінші орында тұр. Елде алғаш COVID-19 жұқтырған адам 2020 жылдың 20 қаңтарында Бордо қаласында анықталған. Вирус Қытайдан келген француз азаматынан анықталған. Бұл – жалпы Еуропада тіркелген ең алғашқы коронавирус дерегі. Сол күні кешке Қытайдан келген тағы екі адамнан COVID-19 анықталған. Ал Францияда, жалпы Еуропада коронавирустан болған алғашқы өлім дерегі 14 ақпанда тіркелген. 28 қаңтарда коронавирус жұқтырғаны анықталған адам Азия төңірегінен келген екен.

Францияда коронавирус пандемиясының нақты қашан аяқталатыны белгісіз. Ал Сингапур технология және дизайн универсиеті және Массачусетс технологиялық институтының ғалымдарының болжамы бойынша, елде эпидемия 15 тамызға қарай аяқталады. Ал бүгінде Францияда COVID-19 жұқтырған 170 мыңнан аса адамның 52 576-сы айығып шығып, 25 531 адам өлімі тіркелген. 

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная