Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
13 апреля 2020 12:36

"Биліктің әрекеті таңғаларлық!". Лондонда тұрып жатқан қазақстандық елдегі жағдай туралы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ментай Тұрсынқызы © instagram.com/mentusharip Ментай Тұрсынқызы © instagram.com/mentusharip

Ұлыбритания коронавирус жұқтырған адам саны бойынша алтыншы орында. Барлығы 84 мыңнан аса адам COVID-19 жұқтырып, 10 612 адам қайтыс болған. Ел тұрғындары 23 наурыздан бастап карантинде. Tengrinews.kz тілшісі Лондонда отбасымен тұрып жатқан Меңтай Тұрсынқызымен сөйлесіп, елдегі жағдайды сұрады. 


Ұлыбритания коронавирус жұқтырған адам саны бойынша алтыншы орында. Барлығы 84 мыңнан аса адам COVID-19 жұқтырып, 10 612 адам қайтыс болған. Ел тұрғындары 23 наурыздан бастап карантинде. Tengrinews.kz тілшісі Лондонда отбасымен тұрып жатқан Меңтай Тұрсынқызымен сөйлесіп, елдегі жағдайды сұрады. 

Меңтай Тұрсынқызының отбасымен Лондонда тұрып жатқанына сегіз жылдай болған. Ұлыбританияға жарының қызметіне байланысты көшкен. Оның айтуынша, 23 наурыздан басталған карантин шаралары әлі қашанға дейін созылатыны белгісіз. 

"Кинотеатр, ойын-сауық орталықтары, мектептер 23 наурыздан бастап жабылды. 28 наурыздан 20 сәуірге дейін каникул басталғандықтан оқушылар сабақты онлайн оқуды тоқтатты. Сабақ демалыс біткен соң ғана басталады. Қоғамдық көлік, метро жүріп тұр. Бірақ көптеген бағыт тоқтатылған", - дейді Меңтай Тұрсынқызы. 

Лондонда карантин кезінде тек ауруханалар, азық-түлік дүкендері мен дәріханалар ашық. Қалған жұмыс орындары қашықтан, үйінен қызмет атқарып жатыр екен. Меңтай Тұрсынқызының айтуынша, Лондонда да медициналық маска мен антисептиктердің жетіспеушілігі байқалады. 

"Маска мен антисептиктер жетіспей жатыр, сәл қымбаттады. Азық-түлік жеткілікті. Бүгінде азық-түлік дүкендерінде кезектің өсуіне байланысты үйге жеткізу қызметіне тапсырыс жасаймыз. Жеке фермалардан супермаркеттерге қарағанда тез арада тапсырыс жасау мүмкіндігі арта түсті. Азық-түлік бағасы көтерілген жоқ", - дейді отандасымыз. 

Кейіпкеріміздің айтуынша, жалпы коронавирусқа байланысты қорқыныш жоқ. 

"Себебі, біз барлық нұсқауды ұстанып жүрміз: үйде отырамыз, дүкенге маска тағып барамыз. Қайтып келген кезде қолымызды жуып, санитайзермен шаямыз", - дейді Меңтай Тұрсынқызы. 


Меңтай Тұрсынқызы © instagram.com/mentusharip

Лондон тұрғынының сөзінше, қала ішінде дезинфекция жасалмайтын көрінеді.

"Биліктің әрекеті таңғаларлық! Қала ішінде ешбір дезинфекция өткізілмейді. Ауырып қалғандарға жеті күн үйде жатуға нұсқау берілді. Бір аптадан кейін жағдайы нашарласа ғана 111 нөміріне қоңырау шалуға рұқсат етіледі. Науқас адамның туыстары 14 күн оқшаулануы тиіс. Далаға тек дүкенге азық сатып алуға, дәріхана мен жұмысқа, жалпы маңызды себеппен ғана шығуға болады. Дене шынықтыру жаттығуларымен жарты сағаттан бір сағатқа дейін уақыт мөлшерінде айналысуға рұқсат етіледі", - дейді кейіпкеріміз. 

Алайда, бұған қарамастан, жергілікті тұрғындарда еш үрей жоқ екен. Сыртта себепсіз жүрген адамдарға айыппұл да қарастырылмаған екен. 

"Үрей жоқ. Қайта ауа райының жылуына байланысты көптеген адам саябақтарда демалып жүр. Бірақ бұл полиция қызметкерлерінің жұмысының артуына әкеліп соқты", - дейді Меңтай Тұрсынқызы. 

Тұрсынқызының айтуынша, коронавирусқа байланысты мемлекет тарапынан қаржылай көмек қарастырылған. 

"Көмек көрсетіледі. Мысалы, жеке кәсіпкерлерге аптасына 94 фунт стерлинг шамасында (минимум), айына 376 фунт стерлинг (шамамен 200 мың теңге) беріледі. Ол Universal Credit деп аталатын әлеуметтік төлем, соған өтініш беріп, алуға болады. Сонымен қатар, коммуналдық қызметтерге байланысты көмек бар және жалақының 80 пайызы беріледі", - дейді Меңтай Тұрсынқызы. 

Оқи отырыңыз:

"Азиаттарға басқаша қарай бастады" - Португалиядағы қазақстандық коронавирусқа байланысты жағдайды айтты

"Көшеге шыққандарға айыппұл салып жатыр". Италияда тұратын қазақ қызы елдегі коронавирус туралы

"Карантинге жатқандар ішінде қазақ та бар" - Моңғолия қоғамдық денсаулық сақтау маманы

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 447.35   490.7   4.75 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети