27 мая 2021 | 12:51

Протасевич ісі: батыс елдерінің реакциясы мен Лукашенконың жауабы

Роман Протасевич. Фото: Reuters

Журналист, NEXTA телеграм-арнасының бұрынғы редакторы Роман Протасевичтің ұсталуына қатысты жағдай әлі де қызу талқыланып жатыр. Бүгінде Роман тергеу изоляторында. Беларусьте болған жайтқа батыс елдері де бей-жай қарамай, пікір білдірді. Көбі Беларусь билігінің әрекетін сынға алды. Еуроодақ мүшелері, батыс елдері мен Лукашенконың өзі қандай пікір білдірді? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Журналист, NEXTA телеграм-арнасының бұрынғы редакторы Роман Протасевичтің ұсталуына қатысты жағдай әлі де қызу талқыланып жатыр. Бүгінде Роман тергеу изоляторында. Беларусьте болған жайтқа батыс елдері де бей-жай қарамай, пікір білдірді. Көбі Беларусь билігінің әрекетін сынға алды. Еуроодақ мүшелері, батыс елдері мен Лукашенконың өзі қандай пікір білдірді? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында. 

АҚШ-тың реакциясы

Журналистің ұсталуынан кейін АҚШ президенті Джо Байденнің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі көмекшісі Джейк Салливан Светлана Тихановскаямен телефон арқылы сөйлесіп, Беларусьте ЕҚЫҰ бақылауымен жаңа президенттік сайлау өткізуге шақырды. Сонымен қатар, Салливан Александр Лукашенко бастаған жергілікті билік өкілдерін жауапкершілікке тартуға уәде берді.

Реклама
Реклама

"Салливан мырза АҚШ ЕО және басқа одақтастар мен серіктестермен келісе отырып, Лукашенко режимін жауапқа тартатынын айтты", - делінген Ақ үйдің хабарламасында.


Джейк Салливан. Фото: Global Look Press/Ron Sachs/Consolidated News Photos

АҚШ президенті Джо Байден де Минскіде болған жайтқа байланысты пікір білдірді. Ол Ryanair ұшағының Беларуське жедел қонуы "халықаралық норманың бұзылуы" екенін айтып, кінәлілер жазалануы керегін мәлімдеді.

"Өлім жазасына кесілуі мүмкін". Беларусьтік журналистің тағдыры әлем назарында

Беларусь пен Латвия дипломаттарын елден шығарды

Латвияның Беларусьтегі елшісі Эйнарс Семанис Ригадағы акция жолаушылар ұшағының жедел тоқтатып, оппозиционер блогер Роман Протасевичтің ұсталуына байланысты жасалғанын айтты. Мәселе мынада: Латвияның СІМ Эдгар Ринкевич пен Рига мэрі Мартиньш Стакис ел астанасындағы орталықта Беларусь туын ақ-қызыл-ақ туға ауыстырып тастаған болатын.


Фото: REUTERS

Эйнарс Семанис Беларусьтің Сыртқы істер министрлігіне шақырылды. Беларусь тарапы Латвия билігінен тергеу жүргізіп, кешірім сұрауды талап етіп, мемлекеттік туды орнына қоюды сұрады.

Осылайша елшіге Беларусьтен 24 сағаттың ішінде және барлық дипломатиялық және әкімшілік мүшелеріне елден 48 сағатта кету ұсынылды. Бұл шешімнен кейін Латвия да қарап қалмады: ел билігі белорус елшілігінің барлық қызметкерінен елден кетуді талап етті.

ЕО Беларуське инвестициялық көмекті тоқтатты

25 мамырда Беларуське 3 миллиард еуро көлеміндегі инвестициялық көмекті тоқтатты. Бұл туралы Еурокомиссияның төрағасы Урсула фон дер Ляйен Брюссельде ЕО көшбасшыларының кездесуінде мәлімдеді. Жиында Беларуське қарсы жаңа санкциялар енгізу туралы мәселе қаралған болатын.

"ЕО-ның Беларуське 3 миллиард еуро инвестициялық және экономикалық пакеті бар. Ол Беларусь демократиялық ел болғанға дейін тоқтайды", - деді ол өзінің Twitter парақшасында.

Одан бөлек, 27 елдің басшысы саммит нәтижесінде Роман Протасевич пен оның сүйіктісі София Сапеганы тез арада босатуды талап етті.

Денсаулығы. Тергеу. Мойындау. Роман Протасевич ұсталған күні не болды?

Лукашенко не деді?

Кеше, 26 мамырда Беларусь президенті Александр Лукашенко Ryanair ұшағында мина бар екені туралы хабар Швейцариядан түскенін мәлімдеді.

"Ұшақ БелАЭС маңында қонды. Беларусь егемен ел ретінде әрекет етті. Мен заң аясында, барлық халықаралық ережені сақтай отырып, адамдарды қорғап әрекет еттім", - деді Лукашенко.

Оның сөзінше, "экипаж ұшақ иелерімен және Вильнюстегі әуежаймен кеңескен, бірақ Минскіге қонуды шешкен".

"Біз енді қалай әрекет етуіміз керек еді? Беларусьте тұрасыздар, сондықтан күн сайын біресе мектеп, университет не кәсіпорындарға "мина қойылатынын" білесіздер. Біз әр жағдайда бізге келген ақпаратқа байланысты адекват әрекет еттік", - деді президент.

Артынша Лукашенко Батыс Беларуське Ryanair ұшағына байланысты жүргізілген тергеуге кеткен шығынды өтеуі керегін мәлімдеді.

"Егер кезекті санкциялар пакетін дайындап жатсаңыздар, белорус тарапы тергеу кезінде жұмсаған шығынын өтеуді ұмытпаңыздар. ТЖМ, денсаулық сақтау министрлігі, сапер, кинолог, антитеррор және басқа қызметтер жұмылды. Олардың бәрі халықаралық және біздің ереже аясында жұмыс істеді ғой. Сол үшін оның ақысы болуы керек", - деді Лукашенко.

Оның сөзінше, "Беларуське қарсы көп қырлы, көп деңгейлі гибридті соғыс жарияланғаны баршаға аян".

"Мақсаттары түсінікті. Беларусьті демонизациялау кімге тиімді екені де түсінікті. Бірнәрсені түсінсеңіздер екен: Беларусь - шағын ел, бірақ біз адекват жауап береміз. Әлемде осындай мысалдар бар. Ал өткір және ойланбастан әрекет етерден бұрын Беларусь - Еуропа орталығы екенін ұмытпаңыздар. Егер бірнәрсе шықса, ол кезекті соғыс, әлемдік соғыс. Айтпақшы, мұның алдындағы соғыс та осы жерден басталған", - деді Беларусь президенті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная