ПОДЕЛИТЬСЯ
10 сентября 2021 | 14:19
Тәліптер Панжшерді ала алмады: елдегі жағдай қандай?
Бүгінде Панжшер - тәліптер (Қазақстанда Жоғарғы соттың шешіміне сәйкес тыйым салынған) ала алмаған жалғыз аймақ. Панжшер үшін күрес әлі де жалғасып жатыр. Тәліптер бірнеше рет провинцияға басып кірмек болған. Алайда олардың бұл әрекеті әзірге еш нәтиже бермеді. Tengrinews.kz тілшісі тәліптер мен ауғандар арасындағы қарым-қатынасқа шолу жасады.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Бүгінде Панжшер - тәліптер (Қазақстанда Жоғарғы соттың шешіміне сәйкес тыйым салынған) ала алмаған жалғыз аймақ. Панжшер үшін күрес әлі де жалғасып жатыр. Тәліптер бірнеше рет провинцияға басып кірмек болған. Алайда олардың бұл әрекеті әзірге еш нәтиже бермеді. Tengrinews.kz тілшісі тәліптер мен ауғандар арасындағы қарым-қатынасқа шолу жасады.
Тәліптер Панжшерді басып алды ма?
4 қыркүйекте Yeni Safak түрік басылымы "Талибан" радикал қозғалысы Ауғанстанның Панжшер провинциясын бақылауына алғанын мәлімдеді. Осылайша, тәліптер Ауғанстанның бүкіл аумағында толық үстемдік алды.
"Ауғанстандағы даулы аймақ Панжшер құлады. "Талибан" сарбаздары қуаныштан аспанға оқ атып жатыр. Аспан қазір оққа толы", - деп жазылды басылымда.
© REUTERS
Ал РИА Новости мәліметінше, "Панжшер майданындағы" дереккөз бұл аймақ тәліптердің бақылауына өтпегенін айтқан.
Одан кейін де тәліптер Панджшерді басып алу мақсатында шабуыл жасады. Бірақ "Талибан" содырларының тобы Ауғанстанның Панджшер провинциясының шығыс бөлігінде жеңіліп қалды. Бұл туралы қарсы топтың баспасөз хатшысы Фахим Дашти мәлімдеді. Оның сөзінше, тәліптер биік таулы Парьян аймағын бақылауға алған.
Парьян ауданындағы кем дегенде мың террористің жолы кесілді. Сарбаздардың көмегімен шабуыл жасаған террористің көбі өлтіріліп, тұтқынға алынды. Оның ішінде өздері берілгендері де болған. Даштидің сөзінше, тұтқынға алынғандар ішінде көптеген шетелдік бар, оның көбі пәкістандықтар.
Артынша "Талибан" мәлімдеме жасап, Ахмад Масудтың бітімге келу туралы ұсынысын қабылдамай тастады. Қозғалыс өкілдері бұдан былай олармен сөйлесетін ешнәрсе жоқ екенін айтты.
"Біз Ауғанстанды біріктіргіміз келеді, бірақ олардың автономды ұсыныстарымен ортақ ешнәрсеміз жоқ. Ахмад Масуд ұсынысымыздан бас тартқаннан кейін, енді олармен келісімге келетін ештеңе жоқ деп шештік", - делінген хабарламада.
8 қыркүйекте тәліптер Норвегияның Кабулдағы елшілігіне басып кіргені белгілі болды. Бұл туралы Норвегияның Ирандағы елшісі Сигвальд Хауге Twitter-дегі парақшасында мәлім етті. Дипломаттың айтуынша, қозғалыс өкілдері ғимаратты кейін қайтаруға уәде берген.
©REUTERS
Меркель диалог құруға шақырса, Байден тәліп билігін мойындамады
Германия канцлері Ангела Меркель де "Талибан" қозғалысын келіссөз жасауға шақырды. Меркельдің сөзінше, тәліптермен диалог мұқтаж ауғандарды эвакуациялау үшін қажет. Ол келіссөз Ауғанстанға гуманитарлық көмек жеткізуді жалғастыруға мүмкіндік беретінін айтты.
Тәліптермен қарым-қатынас туралы АҚШ президенті Джо Байден де мәлімдеме жасады. Журналистер Байденнен АҚШ-тың Ауғанстандағы тәліп билігін мойындау туралы сұрақ қойды. Оның сөзінше, АҚШ жақын арада "Талибан" террористік қозғалысының өкілдерін мойындамайды.
"Жоқ. Ол жақын арада бола қоятын нәрсе емес", - деді Байдан.
Ал АҚШ-тың мемхатшысы Энтони Блинкеннің сөзінше, тәліптер ауғандардың елден кетуіне кедергі жасаймайтынын мәлімдеді. Бұл туралы мемхатшы Дохада өткен баспасөз конференциясында растаған. Блинкеннің сөзінше, тәліптер ауғандардың Кабулдағы халықаралық әуежай арқылы ұшып кетуіне кедергі жасамайтынын айтқан.
Ауғанстанның жаңа үкіметін ұлықтау рәсімі: Қазақстан шақырылмады
РИА Новости мәліметінше, Ауғанстанның жаңа үкіметін ұлықтау рәсімін 11 қыркүйекте өткізеді. "Талибан" жаңа министрлер кабинетінің ашылу салтанатына алты елдің өкілін шақырған. Оның ішінде Қазақстан жоқ.
"Рәсімге әзірге Ресей, Қытай, Катар, Түркия, Пәкістан мен Иран шақырылды", - дейді ақпарат көзі.
Айта кетейік, кеше, 10 қыркүйекте Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Ауғанстандағы қандастар елге жеткізілген болатын. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook желісінде жазды. Кабулдан Алматыға арнайы рейспен 35 қандасымыз, 4 Қазақстан азаматы және БҰҰ-ның 1 қызметкері жеткізілді.
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также