Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
05 февраля 2024 09:28

Мектепте өткізілетін ақылы байқаулар мен шаралар қаншалық заңды? Министрлік жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©️ Tengrinews.kz / Тұрар Казангапов ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Казангапов

Қазір мектепте Оқу-ағарту министрлігінің нұсқауынсыз жекелеген адамдардың ұйымдастыруымен өткізілетін балалардың білімін анықтауға, белгілі бір ақынның өлеңін оқытып, жарыстыруға арналған байқаулар секілді түрлі іс-шара көбейген. Ең қызығы, мұндай байқаулар ақылы түрде өткізіледі. Мектеп қабырғасындағы барлық іс-шараға бюджеттен қаржы бөлінетініне қарамастан, әлі де мұндай байқаулардың өткізіліп жатқаны қоғам көкейінде сұрақ тудырып отыр. Мұндай жекеменшік орталықтардың түрлі жарыс өткізуіне кім рұқсат береді? Оларға қарсы заң бар ма? Massaget.kz тілшісі анықтап көрді.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Ең алдымен, Желідегі ата-аналар чатына келген байқау туралы хабарламаларды тізіп көрейік.

  1. "Мың бала" зияткерлік орталығы, "Мағжан оқулары" республикалық конкурсы, қатысу құны - 700 теңге;
  2. "Өрлеу-education" оқу-әдістемелік орталығы, "Тәуелсіздік - ел бақыты!" республикалық конкурсы, қатысу құны - 1000 теңге;
  3. Тағы да "Өрлеу-education", "Мұқағали Мақатаев - поэзия тұлпары" республикалық байқауы, қатысу құны - 1000 теңге;
  4. "ҮРКЕР" халықаралық зияткерлік орталығы, "Пони Пифагорда қонақта" байқауы, қатысу құны - 600 теңге;
  5. "ҮРКЕР" халықаралық зияткерлік және "Перспектива" білім беру орталығы", "Пони әлемді ашады" байқауы, қатысу құны - 500 теңге.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта білім беру нарығында көптеген ақылы олимпиада мен басқа да зияткерлік іс-шаралар, оның ішінде шығармашылық байқаулар пайда болды, оларды негізінен білім беру саласында қызмет көрсететін жеке компания мен ұйымдар жүзеге асырады.

"Осы жекеменшік мекемелердің ішінде министрліктің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы №514 бұйрығымен оқушылар мен мұғалімдерге арналған тегін ұйымдастырылатын республикалық және халықаралық іс-шаралардың тізбесіне енгізілген мектеп оқушылары мен мұғалімдердің қатысуына министрлік ұсынған олимпиадалар мен жарыстардың атауларын пайда табу мақсатында қолданып жүргендері де бар. Бұл - ата-аналар, оқушылар мен мұғалімдердің сенімін алдап, ақша табу мақсатында жасалған мекемелердің маркетингтік айласы ретінде бағаланады", - деп жауап берді Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі Massaget.kz тілшісінің ресми сауалына.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.2   490.7   4.82 

Погода

Редакция Реклама
Социальные сети