Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
20 марта 2024 09:15

"Наурыз, Құрбан айт, Сабантой, Пасханы асыға күтеміз" - Өскемендегі интернационал отбасы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қалада тұрып жатқан Мирас пен Оксана Қалиақперовтердің отасқандарына 11 жылдан асты. Интернационалды отбасының Бірлік күні, Наурыз мейрамы, басқа да мерекелерді қалай атап өтетіндері оқырманға қашан да қызық, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.


Қалада тұрып жатқан Мирас пен Оксана Қалиақперовтердің отасқандарына 11 жылдан асты. Интернационалды отбасының Бірлік күні, Наурыз мейрамы, басқа да мерекелерді қалай атап өтетіндері оқырманға қашан да қызық, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Бұл отбасында қазақ та, татар да, орыс ұлты да бар. Барлығы тізе қосып, әр мейрамды өз деңгейінде атап өтеді. Жылдағы Масленица мерекесі кезінде дастархандарында дәмі тіл үйірер құймақтар молынан қойылады. Наурыз мейрамы қарсаңында жақындарымен бірлесе наурыз көже пісіріп, туысқандары мен жақындарына дәм ауыз тигізеді.

Ал Оксана мен жолдасы Мирастың алғаш танысқан кездері өзінше жарқын естелік. Мақала кейіпкерлері облыстық телеарнада жүріп танысты. Оксана ол кезде бейнемонтаждаушы болып істейтін, Мирас оператор лауазымына орнығу үшін іс-тәжірибеден өтуге барды. Бірде режиссер іс-тәжірибеден өтушіні монтаждау бөліміне жіберіп, Оксанаға кадрларды дұрыс алуға көмектесуге қолқа салды. Екеуі сол жерде алғаш танысып, содан бері жұптары жазылған емес. Мирас – қазақ, Оксана – жартылай татар, жартылай орыс. Кейіпкеріміздің сөзінше, бастапқыда әкесі той өткізуге қарсы болды. Дегенмен өмірлік серігін жақынырақ таныған соң батасын берді.

"Мирас ақжарқын мінезді, әрдайым күлімдеп, өзгеге қолынан келгенше көмектесіп жүреді. Тойымыз ойдағыдай өтті. Тек бір той жасадық. Қазақ, татар, орыс халқының салт-дәстүрлерін сақтадық. Той қыста өткендіктен аязға байланысты Ресей жақтан туыстарым келе алмай қалды", – деді Оксана.

Тойда беташар да болған. Шаңырақ құрғалы бері екі бала сүйді. Қыздары Самина және ұлдары Бахтияр. Отағасы жеке кәсіппен айналысады, Оксана облыс бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының меценаты. Мейрам сайын аз қамтылған отбасыларға азық-түлік себетін алып қолұшын созса, Жеңіс күні қарсаңында татар мәдени орталығымен тізе қосып, соғыс ардагерлерін құттықтап қайтады. Аталған отбасы әр жылы татар, қазақ, орыс халықтарының мейрамдарын атап өтеді.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.2   490.7   4.82 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети