Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
30 сентября 2020 17:21

Коронавирус: Ресейде жұқтыру дерегі 18 күн қатарынан көбейіп жатыр

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©РИА Новости Фото ©РИА Новости

Ресейде үш күн қатарынан коронавирус жұқтырғандар саны 8 мыңнан асып тұр. Бірақ Ресей тұтынушылар құқығын қорғауды қадағалау қызметі елде жаңадан шектеу шараларын енгізуге негіз жоқ деп есептейді. Сондай-ақ БАҚ мәліметінше, РФ президенті Владимир Путинмен кездесетін адамдар алдын ала екі апта оқшауланады. Tengrinews.kz тілшісі Ресейдегі коронавирус жағдайын баяндайды. 


Ресейде үш күн қатарынан коронавирус жұқтырғандар саны 8 мыңнан асып тұр. Бірақ Ресей тұтынушылар құқығын қорғауды қадағалау қызметі елде жаңадан шектеу шараларын енгізуге негіз жоқ деп есептейді. Сондай-ақ БАҚ мәліметінше, РФ президенті Владимир Путинмен кездесетін адамдар алдын ала екі апта оқшауланады. Tengrinews.kz тілшісі Ресейдегі коронавирус жағдайын баяндайды. 

Тағы 8 мыңнан көп

Тәулік ішінде шұғыл штаб 8 481 жаңа жағдай тіркеді, бұған дейінгі көрсеткішке қарағанда 249 адамға артық. Бұл да 15 маусымнан бері рекорд болып отыр. Ресейде осымен 18 күн қатарынан жұқтырғандар саны артып барады. 19 қыркүйекте шілдеден бері алғаш рет тәулікегі көрсеткіш 6 мыңнан, 25 қыркүйекте 7 мыңнан, 28 қыркүйекте 8 мыңнан асты.

Ал соңғы тәулікте 177 адам (17 адам көп) қайтыс болды. Бұл да - 17 шілдеден бері тіркелген жоғары көрсеткіш.

Пандемия басынан бері Ресейде COVID-19 жұқтырған 1 176 286 науқас тіркелді. Ал қайтыс болғандар саны 20 722-ге жетті. Өткен тәулікте 5 858 адам жазылып, аурудан айыққандар саны 958 257 болды.

Арнайы шектеу енгізуге себеп жоқ

Алайда коронавирус жұқтырғандар көбейгенімен, арнайы шектеу енгізуге негіз жоқ. Бұл туралы Ресей тұтынушылар құқығын қорғауды қадағалау қызметінің басшысы Анна Попова НТВ телеарнасына берген сұхбатында айтқан.

"Бізде сегіз федералды округтің алтауында коронавирус жағдайы мен ауырғандар санында айтарлықтай өзгеріс жоқ. Ал екеуінде бар, оның ішінде Орталық федералдық округ. Сондықтан бүгін қандай да бір арнайы шектеу шараларын енгізуге негіз жоқ", - деді ол. 

Жақында ел президенті Путин де жаңа карантин шаралары туралы сөз қозғамады. Тек тұрғындарға сақтық шараларын орындап, коронавирус жағдайы туралы шынайы ақпарат таратуды айтты. 

Ал Мәскеу мэрі Сергей Собянин сейсенбіде таңертең 65 жастан асқан адамдарға үйден шықпауға және мекемелерге қызметкерлерін барынша қашықтан жұмыс істеуге ауыстыруға кеңес берді. Бұл шектеу шаралары 28 қазанға дейін жалғасады.

Путин бәрінен оқшауланады

"Проект" басылымы дереккөзге сілтеме жасап, Путинмен кездесетін адамдар екі апта бұрын оқшауланатынын жазды.

Басылымның мәліметінше, бұл мәселе президент әкімшілігі, Кремль фото және видео-операторларына, сондай-ақ "Мәскеу. Кремль. Путин" бағдарламасының түсірілім тобының мүшелеріне және президентпен кездесетін кез келген адамға қатысты болады.

Мысалы, ресейлік корпорациялардың бірінің топ-менеджері Путинмен кездесетін болған. Бірақ оған Кремльден қоңырау шалып, екі апта оқшауланатынын ескерткен.

Президент кездеспейтін тұлғалармен видеобайланыс арқылы сөйлеседі, деп жазады "Проект". 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.57   490.7   4.88 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети