Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
21 августа 2020 12:41

"25 келі артта қалды". Танымал қазақстандықтар карантинде қалай арықтады?

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Диетологтар "карантин кезінде үйде жаттығу жасап, тамақты шектен тыс жемеңіз және таза ауада серуендеңіз" деген кеңес берді. Осы кезде қазақстандық өнерпаздар да оқырмандарын салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Олар түрлі марафон ұйымдастырып, конкурстар жариялады. Тіпті кейбірінің марафонына Оман, Ресей, Түркия, Словения елінен қатысушылар да болған. Карантиннен "әдемі" шыққан жұлдыздар туралы Tengrinews.kz тілшісінің материалында.


Диетологтар "карантин кезінде үйде жаттығу жасап, тамақты шектен тыс жемеңіз және таза ауада серуендеңіз" деген кеңес берді. Осы кезде қазақстандық өнерпаздар да оқырмандарын салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Олар түрлі марафон ұйымдастырып, конкурстар жариялады. Тіпті кейбірінің марафонына Оман, Ресей, Түркия, Словения елінен қатысушылар да болған. Карантиннен "әдемі" шыққан жұлдыздар туралы Tengrinews.kz тілшісінің материалында.

Продюсер, Қазақ Ұлттық академиясының оқытушысы Алпамыс Шаримов 21 күнге созылған марафон өткізді. Ол қатысушыларының арасында шетелдік азаматтар мен зейнеткерлер барын жазды.

"Рас! Менің 21 күнге созылған #Жеңімпаздармарафоны-мның мақсаты салауатты өмір салты ғана емес - өз күшімізді, мүмкіншілігімізді тексеріп көру. Менің бастамамды қолдап жүгіруге шыққандардың ішінде мұғалімдер, дәрігерлер, студенттер мен оқушылар да бар. Тіпті, зейнеткер апаларымыз да бізбен бірге таңда жүгіруде. Мал дәрігері, аудармашылар, самбоның жаттықтырушысы, әнші, биші, күйші және т.б неше түрлі қызықты маман иегерлері бірге таңда тұрып жалқаулықпен күресудеміз. Тек қана Қазақстанның әр түрлі қаласы емес - Оман елі Маскат қаласы, Мәскеу, Стамбул қалалары және Словениядан да арамызда жүгірушілер бар... Бүгіннен бастап әдетке 20 минут таңғы жүгіруден кейін 20 минут кітап оқуды қостық. Әрі қарай тосын сыйға толы қызықты тапсырмалар бар. Адам болып дүниеге келген соң "өлімнің" кіші бауыры ұйқыға ерік бермей, еріншектікпен күресіп, өз мүмкіншілігімізді мейілінше толық пайдалана білейік", - деп жазды Шаримов.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Өз күшімізге кейде өзіміз сенбейміз?! ⠀ Рас! Менің 21 күнге созылған #Жеңімпаздармарафоны-мның мақсаты салауатты өмір салты ғана емес - өз күшімізді, мүмкіншілігімізді тексеріп көру. Менің бастамамды қолдап жүгіруге шыққандардың ішінде мұғалімдер, дәрігерлер, студенттер мен оқушылар да бар. Тіпті, зейнеткер апаларымыз да бізбен бірге таңда жүгіруде. Мал дәрігері, аудармашылар, самбоның жаттықтырушысы, әнші, биші, күйші және т.б неше түрлі қызықты маман иегерлері бірге таңда тұрып жалқаулықпен күресудеміз. Бір-бірімізбен эмоциямызды бөлісіп, мотивация алмасатын ортақ чатымыз да бар! Әдемі орта қалыптасып келе жатқан сиақты. Тек қана Қазақстанның әр түрлі қаласы емес - Оман елі Маскат қаласы, Мәскеу, Стамбул қалалары және Словениядан да арамызда жүгірушілер бар. ⠀ Чаттағы әңгіме қызық. Әр адамның оқиғасынан, эмоциясынан кәдімгі шабыт алуға болады. Ол жерде түрлі пайдалы кеңес, кино, музыка т.б жеңімпаздарға жігер сыйлайтын дүниелермен бөлісеміз. ⠀ Бүгіннен бастап әдетке 20 минут таңғы жүгіруден кейін 20 минут кітап оқуды қостық. Әрі қарай тосын сыйға толы қызықты тапсырмалар бар. Бәрін сторизтен бақылап отырсаңыз болады. ⠀ Мәреге жеткендерге менен сыйлық бар. ⠀ Ал жаңа марафонға ниет білдіріп жатқан жандар маусымның 10-ы күні келесі команда құрылады. Оған дейін дайрекке жазып тіркеліп қойсаңыз болады. ⠀ Адам болып дүниеге келген соң "өлімнің" кіші бауыры ұйқыға ерік бермей, еріншектікпен күресіп, өз мүмкіншілігімізді мейілінше толық пайдалана білейік!!!✊???

Публикация от Alpamys Sharimov Мотиватор (@asharimov)

Ал әнші Мақпал Исабекова дұрыс тамақтану арқылы 7 келі салмақ тастағанын айтып, тәтті тағамнан бас тартудың қиын екенін атап өтті.

"7 килограмм артта қалды. Өзің фитнеспен шұғылдануды жақсы көріп, бірақ дәмді тамақ жегің келсе, қалай болу керек? Мен тәттіні ерекше жақсы көремін. Тоқаш, шоколод, бәліш және круассандар, ыстық нанға сары май немесе қаймақ, тосап жағып... Мен ғана осындай емес шығармын, айтыңыздаршы. Екі аптадан бері ұн және тәтті тағамдарды жемей жүрмін. Әзірге жақсы, бұрынғы жеңілдікті қайтару деген мотивация әзірге жұмыс істеп тұр, бірақ алдыда бәрін араластырып тастайтын ауыр күндер күтіп тұр. Қалай болатынын білмеймін... Комикстерде мен қанша жесе де салмақ қоспайтын супер қаһарман болар едім", - деп жазды Мақпал Исабекова Instagram желісіндегі парақшасында.

Сондай-ақ, "Қазақстан дауысы" жобасының жеңімпазы, әнші Шахаризат Сейдахмет те салауатты өмір салтын ұстанудың жолдарын айтып, тек артық салмақтан емес, "артық жаман әдеттерінен арылғанын" жеткізді.

"Қайырлы таң. Ерте тұрып, өз-өзіммен жеке қалып мидың біраз бөлігі жұмыс жасап жатыр. Артық салмақтан арыламын деп жүріп, біраз артық жаман әдеттерімнен арылудамын. Ауру қалса да, әдет қалмайды деуші еді. Дегенмен жаман әдеттің біразын жеңген сияқтымын...", - деп жазды әнші Instagram желісіндегі парақшасында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Ақ киімдерімді киетін күн туды??? Қара киімдерімнің арқасында көп адам менің салмағымды аңғара қоймайды. Сонымен мен екі мезгіл жүгіруге көштіім. Осындай қиын жағдайда артық салмақпен алысқаныма алаңдап жатқандар көп. Көңілдеріңізге рахмет. Мына дерт қорыққанға көрініп, жатқанға жабысатын сияқты. Сондықтан қимылдаған дұрыс. Сақтық шараларын сақтап жүрмін.

Публикация от ?Қазақстан дауысы? (@shaharizat_seidakhmet)

Сонымен қатар, әнші Бота Бейсенова 25 келі салмақ тастаған. Ол қыз-келіншектерге арнайы тамақ мәзірін ұсынды.

"Маған жиі сұрақ қойып жатасыздар: "Бойыңыз бен салмағыңыз қанша?" - деп. Жауап беремін: Менің бойым - 167 сантиметр, салмағым - 67 килограмм, жасым 45-те. Осыдан 9 жыл бұрын дұрыс тамақтану арқылы -25 кг салмақ тастадым. Спортсыз. Тек қарапайым менюмен. Үйде бар заттармен. Себебі онсыз да диета ұстау оңай емес, оған жаттығу қоссаңыз қарын ашады. Срыв жасау қаупі бар. Алдымен салмақ тастап, сосын босап қалған бұлшықеттерді жинау мақсатында тренажерный залға барсаңыз болады. Мен былтырдан бастап бара бастадым. Биыл карантин. Менімен бірге сұлу да сымбатты болайық", - деп жазды Бота Бейсенова.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Сәлем,қыздарики??‍♀️ Маған жиі сұрақ қойып жатасыздар: "Бойыңыз бен салмағыңыз қанша?"-деп. Жауап беремін: Менің бойым - 167 см Салмағым - 67 кг Жасым - 45 те Осыдан 9 жыл бұрын Дұрыс тамақтану арқылы -25 кг салмақ тастадым.? СПОРТСЫЗ Тек қарапайым менюмен Үйде бар заттармен.?☝️ Себебі онсыз да диета ұстау оңай емес, Оған жаттығу қоссаңыз қарын ашады. Срыв жасау қаупі бар. Алдымен салмақ тастап Сосын босап қалған бұлшықеттерді жинау мақсатында тренажерный залға барсаңыз болады.??‍♀️ Мен былтырдан бастап бара бастадым.? Биыл карантин.? Менімен бірге??? Сұлу да сымбатты болайық??? ________ Ол үшін менің екінші парақшама тіркеліп, сонда жазыңыздар? @bota_beisenova_pp @bota_beisenova_pp ________

Публикация от БОТА БЕЙСЕНОВА (@bota_beisenova_)

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 441.41   490.7   4.75 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети