Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
13 июля 2023 17:28

50 миллионға көлік, 15 мың долларға сырға. Блогерлер қымбат заттарға ақшаны қайдан алады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желідегі парақшаларынан коллаж Әлеуметтік желідегі парақшаларынан коллаж

Бүгінде блогерлердің өмірі көпке қызық. Оны блогерлерге жазылған адам санынан-ақ байқауға болады. Танымал блогерлер бірде өзіне қымбат көлік, бірде ата-анасына үй алып, эмоция сыйлап жатады. Алайда Желі қолданушылары олар ақшаны қайдан тауып жатады деп бас қатырып жатады. Massaget.kz тілшісі анықтап, шолу жасап көрді.

50 миллион теңгенің көлігі

Жақында блогер, кәсіпкер Дархан Жолшыбеков әйелі блогер Дариғаға 50 миллион теңгенің автокөлігін сыйға тартты. Дарханның әйеліне мұндай сыйлық жасауының ерекше тарихы бар екен.

"Екеуіміз әлі үйленбеген, енді танысып жүрген кезіміз еді. Әңгімеден әңгіме шығып, "сен қандай көлікті армандайсың?" деп сұрадым. Ол "үсті ашылатын кабриолетпен шарфымды орап алып, Әл-Фарабиде шарфым ұшып кетіп бара жатады" деген еді. Сол кезде "Екі бала туып берсең алып беремін" деген едім. Ол кезде ондай ақша тұрмақ сол көліктің бір дөңгелегі жоқ еді. Отбасым үшін жұмыс істеп жүрмін ғой. Алла сол ниетіме "мә саған" деп беріп тұрғанына шүкіршілік етіп тұрмын", - дейді блогер.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Darhan Zholshybekov (@darhanzholshybekov)

Дархан журналист, кәсіпкер Бейбіт Әлібековке берген сұхбатында табысты қалай тауып жүргенін айтқан болатын.

"Кішігірім кәсіппен, саудамен айналысып, үй алып-сатамыз. Сондай дүниелермен, шүкір жинап-жинап алдық (үйін-еск)", - дейді блогер.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.2   490.7   4.82 

Погода

Редакция Реклама
Социальные сети