Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
21 сентября 2023 11:16

"Төбелесіп қалған". Композитор Арман Қайназаров қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: TikTok-тағы видео кадры Фото: TikTok-тағы видео кадры

Танымал ақын, композитор Арман Қайназаров қайтыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.


Танымал ақын, композитор Арман Қайназаров қайтыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл ақпаратты редакцияға журналист Тимур Нұғман растады.

"Ол 4 қыркүйекте Шаңырақ шағынауданындағы кафе маңында жігіттермен төбелесіп қалған. Сол күні жансақтау бөліміне түсті. Кейін комаға түскен. 19 қыркүйекте ол қайтыс болды", - деді Massaget.kz тілшісіне берген жауабында.

Желі қолданушылардың бірі оны белгісіз біреулердің ұрып кеткенін көріп, жедел жәрдем шақырғанын жазған.

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде Арман Қайназаров есімді жігіттің аянышты жағдайдағы видеосы кең тарағаны хабарланған еді. Ол өзінің Қызылорда облысынан екенін айтқан болатын. Бұдан бірнеше ай бұрын композитор күтпеген мәлімдеме жасаған еді.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.2   490.7   4.82 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети