КРУШЕНИЕ САМОЛЕТА БЛИЗ АКТАУ: ХРОНИКА АВИАКАТАСТРОФЫ
28 июля 2021 | 14:29

Алғашқы "алтынды" қанша күн күттік? Олимпиададағы қызық деректер

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Токиодағы Олимпиада ойындары жалғасып жатыр. Қазақстан құрамасының еншісінде үш медаль бар, бірақ әзірше "алтын" жоқ. Қазақстан қай Олимпиаданың екінші күнінде "алтын" алып үлгерген? Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан құрамасының Олимпиада тарихындағы қызық деректерін жинады. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Токиодағы Олимпиада ойындары жалғасып жатыр. Қазақстан құрамасының еншісінде үш медаль бар, бірақ әзірше "алтын" жоқ. Қазақстан қай Олимпиаданың екінші күнінде "алтын" алып үлгерген? Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан құрамасының Олимпиада тарихындағы қызық деректерін жинады. 

Қазақстан құрамасы жеке антирекордын қойды

Биылғы Олимпиада ойындарына Қазақстан құрамасы 97 лицензия жеңіп алған. Бұл Қазақстанның Олимпиададағы ең төмен көрсеткіші саналады. Тек 1996 жылы Атланта Олимпиадасына 98 спортшы алып барғанбыз, қалған кезде лицензия саны жүзден асып отырған. 


Фото olympic.kz

Ең көбі - Бейжің Олимпиадасы, 2008 жылы төртжылдықтың басты додасына 132 спортшымыз барған. 

Олимпиадалардағы лицензиялар саны:

1996 жыл. Атланта Олимпиадасы - 98 спортшы. ⠀
2000 жыл. Сидней Олимпиадасы - 126 спортшы. ⠀
2004 жыл. Афина Олимпиадасы - 117 спортшы.⠀
2008 жыл. Бейжің Олимпиадасы - 132 спортшы. ⠀
2012 жыл. Лондон Олимпиадасы - 114 спортшы.⠀
2016 жыл. Рио Олимпиадасы - 107 спортшы.⠀
2020 жыл. Токио Олимпиадасы - 97 спортшы.⠀

Қазақстанға алғашқы медаль қай спорт түрлері әкелген?

Кейінгі екі Олимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алғашқы медальдарды дзюдошылар салып жүр. Биыл Елдос Сметов, ал 2016 жылы Риода Галбадрах Отгонцэцэг қола медаль иеленген. 

Ал оған дейінгі Олимпиада ойындарындағы дерек мынадай:

Атланта (1996). Грек-рим күресі. Юрий Мельниченко - чемпион.⁣⁣
Сидней (2000). Велоспорт. Александр Винокуров - күміс жүлдегер.⁣⁣
Афина (2004). Ауыр атлетика. Сергей Филимонов - күміс жүлдегер.⁣
Бейжің (2008). Грек-рим күресі. Нұрбақыт Теңізбаев - қола жүлдегер.⁣
Лондон (2012). Велоспорт. Александр Винокуров - чемпион.⁣
Рио (2016). Дзюдо. 48 келі. Галбадрах Отгонцэцэг - қола жүлдегер. ⁣

Қазақстан алғашқы алтын медалін нешінші күні алған?

Қазақстанды жанкүйерлерге "алтынды" көп күттірмеген 2012 жылғы Лондон Олимпиадасы болды. Ашылу салтанатынан кейінгі келесі күні велошабандоз Александр Винокуров алтын медальға ие болған. 

Ал 1996 жылы грек-рим күресінде Юрий Мельниченко Олимпиада басталғаннан екі күннен кейін "алтын" таққан. 2004 жылы Қазақстан қоржынына жалғыз алтын медальді боксшы Бақтияр Артаев соңғы сайыс күнінде сыйлаған. 


Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев. Фото ©REUTERS

Токио Олимпиадасында бесінші сайыс күнінен кейін Қазақстан еншісінде алтын медаль жоқ.  

Алғашқы медальдар көрсеткіші:

Юрий Мельниченко (грек-рим күресі) - 2 күн (1996 жыл, 21 шілде)⁣
Ольга Шишигина (жеңіл атлетика) - 12 күн (2000 жыл, 27 қыркүйек)⁣
Бақтияр Артаев (бокс) - соңғы күні (2004 жыл, 29 тамыз)⁣
Алла Важенина (ауыр атлетика) - 7 күн ( 2008 жыл, 15 тамыз)⁣
Александр Винокуров (велоспорт) - 1 күн ( 2012 жыл, 28 шілде)⁣
Нижат Рахимов (ауыр атлетика) - 5 күн (2016 жыл, 10 тамыз)⁣

Боксшылар "алтынсыз" қайтпаған

Қазақстан боксшылары Олимпиададан "алтынсыз" қайтпайтын. Бірақ биылғы Олимпиада сәтсіздеу өтіп жатыр. 1/8 финалда төрт боксшымыз қалды. Жүлдеге ілігу үшін енді олар кем дегенде екі қарсыласын жеңуі керек. 


Фото: olympic.kz

Бұрынғы Олимпиададағы жүлделер саны:

Атланта (1996) - 1 алтын, 1 күміс және 2 қола. 
Сидней (2000) - 2 алтын, 2 күміс.⁣⁣
Афина (2004) - 1 алтын, 1 күміс және 1 қола.⁣
Бейжің (2008) - 1 алтын, 1 қола.⁣
Лондон (2012) - 1 алтын, 1 күміс және 2 қола.⁣
Рио (2016) - 1 алтын, 2 күміс және 2 қола. ⁣

13 жастағы қыз Олимпиада чемпионы атанды

2020 жылғы Олимпиада ойындары туралы да қызық деректер келтіре кетейік. Биылғы Олимпиадаға жаңадан қосылған скейтбордтың "стрит" жарысында 13 жастағы жапон Момиджи Нисия (13 жас 330 күн) топ жарды.


Момиджи Нисия. Фото ©REUTERS

Бірақ ол Олимпиада чемпионы атанған ең жас спортшы емес. 1936 жылы Берлиндегі Олимпиада ойындарында суға секіруден америкалық Марджори Гестрин (13 жас 268 күн) чемпион болған.

Токио Олимпиадасының ең жас қатысушысы

Момиджи Нисия биылғы Олимпиаданың ең жас қатысушысы емес. Бұл атақ сириялық теннисші Хенд Зазаға тиесілі, ол 12 жаста. Заза биыл Олимпиаданың ашылу салтанатында Сирия туын ұстап шыққан. 


Хенд Заза. Фото: championat.com

Бірақ Хенд Заза жүлдеге іліге алмады. Ол іріктеуде өзінен 27 жас үлкен Лю Цзядан жеңіліп қалды.

Бес жыл бұрын Рио Олимпиадасында ең жас қатысушы 13 жастағы непалдық Гаурика Сингх болған.

Әлемдік рекордтар жаңарып жатыр

Токио Олимпиадасы басталғалы әлемдік рекордтар жаңарып жатыр. Мысалы, бүгін Нидерланды спортшылары академиялық есуден 2014 жылы орнатылған әлем рекордын жаңартып, алтын медаль иеленді. Ирландиялық Финтан Маккарти мен Пол О'Донован да академиялық есуден ерлер арасындағы жұптық жарыста әлем рекордын қойды. 

Ал жүзуден Аустралия әйелдер құрамасы эстафеталық жарыста әлем рекорын орнатқан. 

Олимпиада ойындарында жаңарған әлем рекордтары саны:

Афина Олимпиадасы-2004 - 47 әлем рекорды⠀⠀
Бейжің Олимпиадасы-2008 - 34 әлем рекорды⠀
Лондон Олимпиадасы-2012 - 32 әлем рекорды⠀
Рио Олимпиадасы-2016 - 27 әлем рекорды⠀

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 515.11  course up  535.94  course up  5.16  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer