ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
18 марта 2021 | 11:29

Баласынан жарысқа баруға сұранған Елдос Сметов жұртты тәнті етті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадрлары Видео кадрлары

Желіде қазақстандық дзюдошы Елдос Сметовтің жарысқа бару үшін балаларынан сұранған сәтінің видеосы тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Желіде қазақстандық дзюдошы Елдос Сметовтің жарысқа бару үшін балаларынан сұранған сәтінің видеосы тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Роликтен дзюдошы кішкентай баласын қолында ұйықтатып, одан жарысқа баруға сұранып отырғанын көруге болады. 

"Шымкентке жаттығу жасап, жарысқа барып келемін, иә? Күресіп келейінші. Саған алтын медаль алып келемін, балам. Телефонмен сөйлесеміз", - дейді Елдос баласына. 

Бірақ баласы әкесін жібергісі келмегендей оны құшақтап алады. Сол сәтте жанында тұрған қызы мәселенің шешімін айтады. Ол әкесінен "алтын" әкелуін сұрайды.  

"Оған да, маған да дәу алтын алып келші", - дейді қызы. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от 🇰🇿© ZTB QAZAQSTAN 2021 (@ztb_video)

Желі қолданушыларын Елдостың бұл әрекеті тәнті етті. 

"Әке - асқар тау деп бекер айтпаған", "Әкенің аты әке, баласы алдында жауапкершілігін түсінетін ер адам көп емес", "Дәу алтын бұйырсын", "Баласы сағынатын шығар, өте жақсы әке", "Бірнеше рет қайта көріп шықтым", - деп пікір жазған желі қолданушылары. 

Елдос Сметов - дзюдодан 2016 жылғы Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері. 2015 жылы әлем чемпионы, 2016 жылы Азия чемпионы атанған. 2014 жылғы Азия ойындарының жеңімпазы. 2019 жылы Токио Олимпиадасы алдындағы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алған. 

Спортшы 2017 жылы шаңырақ көтерген. Жары Балаусамен бірге үш бала тәрбиелеп отыр. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 498.59   521.12   4.87 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети