Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
01 ноября 2019 15:30

Джеки Чан, Роналду және Тайсон - Қазақтың шапанын киген әлем жұлдыздары

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақта шапан жабу - үлкен құрметтің белгісі. Соңғы кездері осы дәстүрдің ізін суытпай жалғап жүрген әлемге танымал әнші - Димаш Құдайберген. Барған жеріне қазақтың домбырасы мен шапанын алып жүретін әнші күні кеше "Вечерний Ургант" бағдарламасында жүргізушіге сыйлады. Tengrinews.kz тілшісі қазақтың шапанын киіп көрген танымал адамдарға шолу жасады. 


Қазақта шапан жабу - үлкен құрметтің белгісі. Соңғы кездері осы дәстүрдің ізін суытпай жалғап жүрген әлемге танымал әнші - Димаш Құдайберген. Барған жеріне қазақтың домбырасы мен шапанын алып жүретін әнші күні кеше "Вечерний Ургант" бағдарламасында жүргізушіге сыйлады. Tengrinews.kz тілшісі қазақтың шапанын киіп көрген танымал адамдарға шолу жасады. 

Майк Тайсон

Боксшы 2010 жылы Қазақстанға алғашқы халықаралық экшн-фильмдердің фестиваліне келген болатын. Сол жылы 30 маусымда әйгілі боксшы 44 жасқа толған туған күнін астанада атап өтті. Фестиваль ұйымдастырушыларының бірі Тимур Бекмамбетовтің айтуынша, боксшыға шапан сыйлағандарын айтқан. 

Park Jae-Sang (PSY)

Gangnam Style әні арқылы танылған әнші PSY-ға ауыр атлетші Илья Ильин 2015 жылы Алматы қаласында Балуан Шолақ атындағы спорт сарайындағы концерт барысында шапан жапқан болатын. Шапан жапқан сәтін ауыр атлетші Instagram желісіндегі парақшасына жүктеген. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Kazakh national costume CHAPAN!!! Обернул Псая в чапан!!! @psy_oppaofficial #lgg4concert #ilya_ilyin #champion #psy_in_kazakhstan #psy #chapan

Публикация от ILYA ILYIN (@ilyailyinforever)


© instagram.com/ilyailyinforever

Джеки Чан

2017 жылы әнші Димаш Құдайберген актер Джеки Чанмен кездесіп, оған қазақтың домбырасы мен шапанын сыйлады. Сондай-ақ кездесу барысында әнші актерға Нұрғиса Тілендиевтің "Әлқисса" атты күйін орындап берген. 

Тимати

2018 жылы ресейлік рэпер Тимати 10-11 желтоқсанда Қазақстанда концерт берген болатын. Әнші қазақстандық тыңдармандарына сый ретінде концертте шапан киіп, "Қазақстан" деген жазуы бар күртеше киген. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

????????????????????????????☝????️

Публикация от Black Star (@timatiofficial)

Алайда тыңдармандар әнші Алматыда берген концертінде өзбек шапанын киіп алғанын байқап қойған. Мұны естіген әнші астанадағы концертінде өзінің айтуы бойынша "қатесін түзеген". 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

В Алмате вчера была ???????????? Рахмет!!! )) Астана готовы ?!

Публикация от Black Star (@timatiofficial)

Рой Джонс

Төрт салмақ дәрежесінде бұрынғы әлем чемпионы Рой Джонсқа 2014 жылы сол кездегі мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қазақтың шапапын жапқан болатын. Ол Қарағанды қаласына 2014 жылы 17-21 желтоқсанда еңбек сіңірген жаттықтырушы Ғалым Жарылғаповты еске алуға арналған халықаралық XXXI бокс турниріне келген. 

Артынша боксшы рингке шапанмен шығуы мүмкін екенін де айтқан.

 Мэнни Пакьяо

Еңбек сіңірген жаттықтырушы Ғалым Жарылғаповтың немересі Әлихан Жарылғапов боксшы Мэнни Пакьяоға шапан жапқан. Оның сөзінше, Әлихан боксшыға шапан жабуды біраз уақыт бойы армандаған.

 
Әлихан Жарылғапов пен боксшы Мэнни Пакьяо © vesti.kz

Николас Кейдж

2017 жылы елордаға келіп, шапан киген актер Николас Кейдж халықты бір күлдіргені анық. Желі қолданушылары шапан киген актердің "абыржып" тұрған бейнесін қызу талқыға салып, әртүрлі мемдер тарап кетті. 

Пласидо Доминго

2017 жылы "Астана опера" театрында өнер көрсеткен испаниялық опера әншісі Пласидо Доминго Instagram желісіндегі  парақшасына қазақтың шапанын киген суретін бөліскен. 

"Дәстүрді жалғай отырып... Қазақстан - керемет ел!", - деп жазба қалдырған әнші. 

Криштиану Роналду

Қазақтың шапанын сыйға алған әлемдік жұлдыздардың бірі - италиялық "Ювентус" пен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду. 

Алайда желі қолданушылары футболшының шапанды кимегеніне ашуланған. 

"Видеоның соңында "жоқ, кимеймін" дегені несі?", "Николас Кейджден кейін қорқып қалған шығар", - дейді желі қолданушылары. 

Иван Ургант

Еске салайық, күні кеше әнші Димаш Құдайберген "Вечерний Ургант" бағдарламасының жүргізушісіне шапан жапты. 

Эфир 31 қазанда көрсетілді. Димаш бағдарламаға композитор Игорь Крутоймен және мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы Аделина Сотниковамен келді. Қазақстандық әнші жүргізушіге шапан жауып, құрмет көрсетті.

"Бізде құрметті адамдарға шапан сыйлайды. Осы сәтті пайдаланайын дедім", - деді әнші.

"Мұндай заттар менде және Николас Кейджде ғана бар", - деп әзілдеді бағдарлама жүргізушісі.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 444.26   490.7   4.83 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети