ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
13 июня 2020 | 10:56

"Есіктің арғы жағында не тұрғанын ешқашан білмейсің". Денис Тен желідегі жазбалары

Рахила Тлеуова
Рахила Тлеуова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Денис Тен. Фото Instagram парақшасынан Денис Тен. Фото Instagram парақшасынан

Сағат 00.00-ден асты. 13 маусым 2020 жыл. Денис Теннің Instagram парақшасында оның туған күніне арналған құттықтаулар мен сағыныштар жазылып жатыр. Иә, Денис, сен мәңгі жүрегіміздесің.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Сағат 00.00-ден асты. 13 маусым 2020 жыл. Денис Теннің Instagram парақшасында оның туған күніне арналған құттықтаулар мен сағыныштар жазылып жатыр. Иә, Денис, сен мәңгі жүрегіміздесің.


Денис Теннің Instagram  парақшасынан скриншот

Денис туралы айтқанда көзге еріксіз жас келеді. Ол жайлы жазылған материалдардың әр сөзін оқығанда жүрегің езіледі. Әттең, арамызда жоқ. Болғанда бүгін 27 жасқа толар еді.

Ол туралы қанша фильм түсіріліп, бағдарлама көрсетілсе, жазбалар жазылса да аз. Жетпейді. Tengrinews.kz тілшісі мәнерлеп сырғанаушы, 2014 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, Әлем чемпионаттарының бірнеше дүркін жүлдегері, VII Азия қысқы ойындарының чемпионы, ISU (халықаралық коньки федерациясы) турнирлерінің бірнеше дүркін чемпионы, Қазақстанның бес дүркін чемпионы Денис Теннің туған күнінде оның әлеуметтік желідегі жазбаларына шолу жасады. Алғашқы жазбалары фото және аз сөзден құралса, соңғы постарында философиялық толғамдар, шынайылықты, жас та болса, айрықша ойымен ерекшеленген ересек Денисті көрдік. Қазақстан деп соққан жүрегінің үнін естідік.

21 қаңтар 2012 жыл. "Шексіз шоссе"

Денис Тен Instagram-да алғаш рет 2012 жылдың 21 қаңтарында фото жүктеп, оған Endless highway (Шексіз шоссе) деп жазған. Оқыдық та, бірден "Сен де шексізсің, бізбен біргесің" дегіміз келді.

Соңғы жазбасын 2018 жылғы 18 шілдеде қалдырды. 6,5 жылда жазылған 1038 жазбаның әрқайсында бір сыр бар. Бірі өнерде, спортта жүрген достарымен түскен фотолар болса, екіншілері жаттығуларының видеосы. Әрдайым жанкүйерлерімен жақын болып, оқырмандарымен жан дүниесін, қуанышы мен қайғысын бөліскен. Қайбір жылы фотоға түсіруді хобби еткен. Түнде ән шығарғанын, күндіз достарымен кездескенін, жыл сайын "Денис және достары" шоуына дайындық барысын жариялап отырған. Бір күні екінші күніне ұқсамайтын шығармашыл, спортсүйер, интеллегент, отансүйер адамның әр жазбасын қарап шықтық. 

14 шілде 2018 жыл. "Идеяларды жақсы көремін"

"Өмірде бәрінен бұрын идеяларды жақсы көремін. Кейде олар адам сенбестей нәтижелерге әкеледі, мәселен, Тимур Бекмамбетовпен танысу".

Иә, Денис өз идеясын кино майталманына ұсынып, 250-ден астам қатысушының ішінен жартылай финалға шыққан 18 үздіктің қатарынан көрінгенін жазды. Үнемі ізденіс, жаңашылдықты жақсы көретін спортшы кино саласына да қызықты.

"Қалай болғанын білмеймін. Бірақ жақында туған идея ерекше өмірлік тәжибеде лотерея билеті болды".

13 маусым 2018 жыл. "25-ке келгенде бұл жаста өмір басқаша сезіледі"

"Күндердің ішіндегі жай күнде не жазарымды білмеймін және не үшін жазамын? 25 жыл бұрын мен осы күні дүниеге келдім. Солай болды. Ата-анамның арқасында... Менде корей және еврейдің қаны бар. Бұған да менің қатысым жоқ. Білетін білімімді бір жерден оқыдым немесе бір жерден естідім. Яғни олар да менің ойым емес. Мен кіммін сонда? Мен не істедім? Білмеймін. Бірақ мұның барлығы мені бақытты етті. Мен өмірді жақсы көремін. Ата-анамды жақсы көремін. Жақсы көруді жақсы көремін. Мұнымен бөліскім келеді. Дәлірек айтсам, мен емес, менің кейіпкерім. 25 жаста өмір басшқаша сезіледі екен...

30 сәуір 2018 жыл. "we’ll understand today in a hundred years"

"Бүгінгі күнді жүз жылдан кейін түсінеміз"

Посмотреть эту публикацию в Instagram

we’ll understand today in a hundred years

Публикация от Denis Ten (@tenis_den)

 16 ақпан 2018 жыл. "Өмірімнің тағы бір тарауы мәресені жетті"

Бұл күні Денис Оңтүстік Кореяда өткен Пхенхан-2018 қысқы Олимпиада ойындарынан кейін пост жазыпты. Осы сайыс үшін 4 жыл бойы үзбей дайындалғанын, қатысқанын мақтаныш етті. Алайда көңілде кішкене қаяу болғанын жасырмайды да, алғашқы медалінің есінде екенін жазады.

"Бүгін мен өнер көрсетіп болдым және өмірімнің тағы бір тарауы мәресені жетті. Осындай ауыр кезде маған қолдау көрсеткен әрбіріңізге алғыс айтамын... Сәл өкініш болса да, ойынға қатысудың өзі мен үшін мақтаныш. Мен бәрін және бірден болғанын қаладым. Ол үшін бәрін: бар күшімді, ойымды, денсаулығымды беруге дайын болдым... Құраманың батыры Юлия Галышеваны тарихи медалімен құттықтаймын. Тарихтағы алғашқы медаль- ұмытуға болмайтын тарих. Оның үстіне әлемдік немесе ұлттық емес, ең алдымен жеке өзінің (медалі). Менің есімде.

 14 ақпан 2018 жыл. "Бақытқа орай, сағым сынбады"

Осы Олимпиададан Денистің үміті зор еді.

"Мен алғашқы секіргенімде қателестім. Өміріңнің ең маңызды сәтінде қателескеніңді түсіну мен үшін оңай болмады. Жарыстан кейінгі түн өмірімдегі ең ауыр түн болды. Ол түнде ұйықтамадым. Барлығы сені қолдауға тырысады. Бірақ сен соңында саған ешкім көмектесе алмайтынын білесің. Ешкімнің сенің ауыртпалығыңды сезіне алмайды. Ешкім сенің уайымыңды сезіне алмайды. Қателестің, демек қателік жасадың. Сен мұзға шығып сырғанау керексің. Бақытқа орай, сағым сынбады"

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Олимпийский канал опубликовал документальный фильм о Денисе Тен в рамках многосерийного-проекта «Game Breakers». Первый эпизод открывает жизнь казахстанского фигуриста и повествует о том, как Денис Тен внёс Казахстан на карту Мирового Фигурного Катания и сумел исторически прославить страну в неоднозначном для неё виде спорта. Продолжительность: 10 мин. Ссылка в описании страницы.

Публикация от Denis Ten (@tenis_den)

14 ақпан 2018 жыл. "Өзіңді бағалау және қабылдау - нағыз өнер"

"Жеңістің жақсы тарихы болмайды. Биікке шығу және құлау, жарақат... жақсы және жаман естеліктер. Бұлар тұтас. Өзіңді бағалау және қабылдау - нағыз өнер. Ешкім сенің жаттығуға қанша уақыт жұмсайтыныңды, қанша жарақат алғаныңды білмейді. Сахнаның сыртында не болып жатқанын білмейді. Мұздың үстінде бәріміз теңбіз. Сенің жеңісің – атқарған жұмысың үшін үлкен сыйақы".

31 желтоқсан 2017 жыл. "Қара түстер аққа айналады"

"Жаңа жылға қандай тілек жазамын деп ұзақ ойландым. Басында отбасым және отбасылық берекенің құндылықтары туралы ауқымды пост жаздым. Қазір мәтінде айтарлықтай қысқартуға болатынын түсіндім. Достар, жаңа жылда бақытты болыңыздар.  Жан-жағымыздың бәрі өзгереді, қараңыздар. Қара түстер аққа айналады, кезегі келгенде уақыт өткендегі қара жолдарды аққа етеді.  Сіздің жағдайыңыз жақсы. Егер қазір онша емес болса, онда болады. Қалай қаласаңыз солай болғанын тілеймін. Жаңа жылыңызбен".

13 маусым 2017 жыл. Денис ескі фотосын қайта жүктеген.

23 мамыр 2017 жыл. "Қазақ тағамына деген махаббатым"

"Жаттығулар арасында... бүгін екі түсірілімге қатыстым. Біреуі деректі фильм үшін, екіншісі сұхбат. Өкінішке қарай, менің қашанда осындай жас болып жүретінім мен қазақ тағамына деген махаббатым туралы сұрақ болған жоқ. Алайда маңызы бар тақырыптар қозғалды".

14 сәуір 2017 жыл. "Кеше түнде жаздым". #DTNMusic

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Написал прошлой ночью. ??? #DTNMusic

Публикация от Denis Ten (@tenis_den)

8 наурыз 2017 жыл. "Өзгенің өмірінің тұтқынына айналмаңыз"

"Құрметті қыздар, жаңалық емес шығар, бірақ жігіттер сіздерді 24/7 ойлайды. Кейде екі рет ойлайды. 8 наурыз күні үш рет... Сіз өзіңізді біреумен сырттай салыстырсаңыз, меніңізді жоғалтасыз. Сізге біреуге қарағанда сымбаттырақ, әдемілеу болудың, біреуге қарағанда ауқаттырақ болудың керегі жоқ. Сіз онсыз да жалғыз данасыз, бірегей натурасыз. Өзіңіздің ерекшелігіңізді қабылдаңыз. Өзгенің өмірінің тұтқынына айналмаңыз. Өзіңізді жақсы көріңіз.

Жігіттер, сіздерге мұны істеудің қажеті жоқ. Жігіт сізбен бірге бола алады немесе сіз онымен. Бірақ "менің" деген түсінік – қарама-қайшы. Адамдар – зат емес. Өмір – тым жеке құбылыс. Тек некені басқаша қарауға болады...

Гүл болыңыздар. Олардың күңгірт жапырақтары үшін сөкпеңіз. Олардың әлемді безендіреді. Жанды, түрлі-түсті гауһарлар. Оларға қарап, сүйсінуге болады. Бірақ иемденуге болмайды. Гүлді иемденсеңіз, тез өледі. Сіз де әрқашан "тәуелсіз", жайқалған, шығармашыл болыңыз. Гүлдей беріңіз және бұдан өмір жақсарады. Табиғатымыз сондай. Оны солай жақсы көріңіз".

13 маусым 2016 жыл. "Бүгін түсініксіз түс көрдім"

 "Бүгін түсініксіз түс көрдім. Өткенімнен көп деталь болды, тәлімгерлерім, құрбыларым, достарым. Мен бәрін баяғыда ұмыттым. Бірақ түпсанамда бәрі жаңғырып тұрғандай. Өткенді қазбалағанды жақсы көрмеймін. Бірақ ол сенің бір бөлшегің болып қала береді. Бүгін мен 23 жасқа толдым. Ата-анама сол үшін рақмет. Жастар "мә, 23-ке толдың ба" деп таңдануы мүмкін. Үлкендер болса, "енді 23-ке келдің, бар өмірің алда" дейді... Бұл жыл ауыр болғанымен мен үшін өмірімдегі ең керемет жыл болды..."

3 қаңтар 2016 жыл. "Әрі қарай тағы биік және бәрі сіз үшін"

"Мәнерлеп сырғанаудағы алғашқы қадамдарымды жасағанда ешқандай жағдай болмайтын. Ол кезде бізде спорттың бұл түрі болған жоқ; тарихы, дәстүрі, мәнерлеп сырғанаумен кәсіби түрде айналысу үшін қажетті жабдық болмаған. Мен №6 мектептің алаңындағы ашық мұзайдында сырғанайтынмын. Әкем кесілген бөтелкелерді конькиімнің ішіне салатын. Сонда олар қатты болады және мен секіруді үйренуім үшін жасайтын. Ол қайрайтын станок алды және менің конькиімді өзі егеулейтін. Айтпағым, алғашқы кәсіби конькиімді 8 жасымда алдым.

Бірақ бүгін, бүгін 2016 жыл, бүгін біздің еліміздің туы Әлемдік мәнерлеп сырғанау тарихына сән беріп тұр. Осы уақыт аралығында біз жұмыла халықаралық турнирлердегі – Олимпиада ойындары, Әлем чемпионаты, Төрт құрлық чемпионаты, Гран-При, Б сериясындағы турнирлердегі барлық жүлдені алдық.

Біздің мұз айдынымызда спорттың осы түрінің қазіргі мэтрлері, тірі аңыздары әлемнің әр жерінен Қазақстанға келіп көрермен алдында таңғаларлық өнер көрсетеді. Бірнеше жыл бұрын мұндай боларын кім білген. Көрермендер мәнерлеп сырғанауды көру үшін Қазақстанға келеді деп кім ойлаған. Ал жұлдыздар елімізге деген құрметін білдіріп, қазақ әуенін орындайды және қазақша киімдермен өнер көрсетеді. Қазақ асханасымен танысады және қазақ мәдениетіне тамсанады. Біздің шоуымыз әлемдік мәнерлеп сырғанаудың символына айналды және ғалам мойындады.

1999 жылы, мен коньки киген кезде маған кімде-кім осы күнгі оқиғалар туралы айтса, сенбес едім. Қазір 2016 жыл және бұл – шындық. Әрі қарай тағы биік және бәрі сіз үшін". #DenisTenAndFriends

Иә, Денис сен біз үшін жаныңды аямадың. Біз сенен кешірім сұраймыз...

23 қараша 2015 жыл. "Бүгін жіберді? Көңіл-күйім супер. kzkzkz

Газеттегі сканвордтардың бірінде "Мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің ұлты кім" деген сұрақтың жауабы "қазақ" болып тұр екен. Оқырмандарынан келген суретті желіге жүктеді. 

14 маусым 2015 жыл. "Әр адам дерлік ата-ана бола алады. Бірақ бала тәрбиесі - үлкен іс"

"...Менің көңілім босап отырғанын мойындауым керек. Әлем бойынша менің жақтастарым, жанкүйерлерім күн-күннен көбейіп жатқанына сезіп отырмын. Бір отбасы секілді... Ата-анам, мені осындай адам қылып өсіргендеріңіз үшін алғыс. Әр адам дерлік ата-ана бола алады. Бірақ бала тәрбиесі - үлкен іс. Мені ғаламның әр түкпірінен адамдарды біріктірген адам және спортшы қылып өсіргендеріңіз үшін рақмет...".

27 сәуір 2015 жыл. "Тек алға ұмтылу керек"

"Спорттағы карьерамда бір нәрсені түсіндім. Тек алға ұмтылу керек. Жан-жаққа қараудың, артқа бұрылудың, өзіңдікін өзгемен салыстырудың керегі жоқ. Қазіргі минутта барыңды бағалаған жөн және сол мүмкіндіктеріңе қарай болашағыңа жоспар құру керек..."

13 маусым 2014 жыл. "Қолда барды бағалаңыз"

"Денис бүгін 21-ге толды... Адамның жасы ештеңені білдірмейді. Тек сан ғана екі таңбалы болады. Көңіл кәрі не жас болуы мүмкін... Өткен артта қалды. Ал ертең не болады? Ешкім білмейді. Бәрі болуы мүмкін. Сондықтан осы күннен ләззат алу керек. Қазір қолда барыңызды бағалаңыз. Дәл қазіргі сағатта, минутта, секундта".

14 маусым 2013 жыл. "Менің достарым, фанаттарым және фолловерлерім - ең керемет"

"Міне осымен төртінші жыл қатарынан туған күнімді атап өтпедім. Бірақ әдетте бұл күнді мен отбасыммен бірге тойлаймын. Өйткені әрдайым бірге болу бұйыра бермейді. 20 жасымды отбасыммен қарсы ала алмадым, себебі қазір Канададамын. Бірақ достарым мен үшін керемет кешкі ас дайындапты. Осы планетадағы 20-шы жылымды жақсы қарсы алдық".

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Спасибо вам за все ваши поздравления, добрые слова и пожелания! У меня самые лучшие друзья, фанаты и фолловеры. ;-) Уже 4-ый год не отмечаю свой день рождения, но как правило провожу этот день в кругу своей семьи, ведь у нас не так часто получается провести время вместе. Встретить свое 20-ти летие со своей семьей мне не удалось, т.к. я сегодня нахожусь в Канаде, но мои замечательные друзья устроили для меня потрясающий ужин и мы действительно провели прекрасное время, отметив мой 20-ый год прибывания на этой планете! :) /// Thank you for all of the messages and warm wishes! I have the best friends, fans and followers. :-) Didn't celebrate my birthday for 4 years already but every year, each June 13, making it as a General Rule, I'd stay with my family at home as we don't get to spend some time together often. I'm in Canada today and unable to follow the tradition and be with the family but my Canadian friends organized a marvelous dinner and I am enjoying greatly my 20th anniversary on this planet. :) Denis Twenty

Публикация от Denis Ten (@tenis_den)

2 ақпан 2013 жыл. "Есіктің ар жағында не тұрғанын ешқашан білмейсің. Оны ашпағанша"

Посмотреть эту публикацию в Instagram

You never know what's on the other side of door. Until you open it.

Публикация от Denis Ten (@tenis_den)

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.36  course up  546.44  course up  5.14  course down

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer