ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
27 февраля 2020 | 13:19

"Жоқшылық пен қорлыққа тойдым". UFC-дегі алғашқы қазақстандық қыз туралы не белгілі?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Мария Агапова. Суреттер: instagram.com/mma.mashka/ Мария Агапова. Суреттер: instagram.com/mma.mashka/

22 жастағы қазақстандық файтер қыз Мария Агапова енді UFC-де өнер көрсетеді. UFC-мен келісімшартқа қол қойғаны туралы аса жеңіл салмақтағы спортшы Instagram желісіндегі парақшасында хабарлаған еді. Ол әлемдегі ең танымал промоушенмен келісімшарт жасасқан алғашқы қазақстандық қыз болып отыр. Tengrinews.kz тілшісі Мария Агапова туралы қызық деректер жинады.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

22 жастағы қазақстандық файтер қыз Мария Агапова енді UFC-де өнер көрсетеді. UFC-мен келісімшартқа қол қойғаны туралы аса жеңіл салмақтағы спортшы Instagram желісіндегі парақшасында хабарлаған еді. Ол әлемдегі ең танымал промоушенмен келісімшарт жасасқан алғашқы қазақстандық қыз болып отыр. Tengrinews.kz тілшісі Мария Агапова туралы қызық деректер жинады.

"Қорқақ секілді қашып кеттің деп айыптады" 

Мария Агапова 1997 жылы 7 сәуірде дүниеге келген. Павлодарлық спортшы бала кезінен әсершіл болған. Сондықтан бойындағы агрессияның бәрін көшеде төбелеспен шығарған. Кейін бокс секциясына жазылып, эмоциясына ие болуды үйренген.

Sportx.kz порталына берген сұхбатында арнайы жасақта қызмет еткісі келгенін айтады.

"Алдымен арнайы жасақта, кейін оққағар болуды армандадым. Ол тұнып тұрған төбелес пен атыс деп ойладым. Бала кезімде арманымды сұраса, "Мұғалім болу" деп жауап беретінмін. Бірақ ол туралы мүлде ойламайтынмын. Үлкендер мазамды алмауы үшін солай айтатынмын", - дейді Мария.


Мария Агапова оқушы кезінде

Агапова 7 жыл бойы бокспен айналысқан. Сол кезеңнің өте ауыр болғанын айтады. Сондықтан ол аралас жекпе-жекке ауысқан екен.

"Бапкерім маған әрдайым тіл тигізетін, соның кесірінен өз-өзіме деген сенімімді жоғалттым. Құрамада тек спарринг-әріптес ретінде қолданды. Шетелдегі жақсы турнирлерге апармайтын. Ай сайын жалақымды қиып тастайтын. Нәтижесінде қолыма тиын ғана түсінетін - айына 50 долларға жуық. Жоқшылық, қорлық пен үмітсіздікке тойып біттім. Достарым мен ата-анам шешімімді құптамаса да, ешкімді тыңдамай, ММА-ге ауыстым", - деп жазды Агапова Instagram желісіндегі парақшасында.

Мария ММА-ға ауысамын дегенде анасы қарсы болған екен.

"Үш жыл бұрын бәрі ойымды өзгертуге тырысты! Анам бокстың тұрақты екенін, ай сайынғы жалақы екенін айтты. Ал ММА-де мені майып қылып, тастап кетеді деп қорықты. Ал жан досым қиын сәтте қорқақ секілді қашып кеттің деп айыптады", - дейді Мария.

UFC-ге былтыр ауысуы мүмкін еді 

Мария ММА-дегі дебютін 2015 жылы тамызда Павлодардағы турнирде өткізген. Сол кезде отандасы Юлия Иванованы төрешілер шешімімен жеңген. Тура бір жылдан соң сол турнирге қайта қатысып, ресейлік Дарья Кутузованы сабмишнмен қапы қалдырған.

2017 жылы ресейлік Юлия Литвинцева техникалық нокаутпен жеңген. Марияның ММА-дегі карьерасы сол кезде басталды деуге де болады. Себебі 2017 жылы танымал Fight Nights Global промоушенімен келісімшартқа отырды. Бұл ұйым аясындағы алғашқы жекпе-жегінде ресейлік Юлия Куценконы, кейін беларусьтік Лилия Казактан айласын асырған.

2018 жылы шілдеде Қытайға барып, Heroine FC ұйымының чемпионы атағын алып қайтты. Титулға таласта қытайлық На Ляньді бірінші раундта-ақ техникалық нокаутпен жеңген.

Осылайша, бір жылдан кейін Мария UFC-мен келісімшартқа отыруға жақындай түсті. Агапованы UFC басшысы Дана Уайт өз турниріне шақыртқан. Ең танымал промоушенге ауысу үшін ол АҚШ-та жергілікті Трэйси Кортезді жеңуі керек болды. Бірақ Мария төрешілердің шешімімен жеңіліп қалды. Бұл оның карьерасындағы алғашқы жеңілісі болады.

Әйтсе де, Марияның сағы сынбады. Көп ұзамай америкалық Invicta FC промоушенімен келісімшартқа қол қойды. Ұйымдағы алғашқы қарсыласы америкалық Алекса Коннерс болған. Канзас-Ситиде өткен турнирде Мария қарсыласын 3 минут 3 секундта жеңді.

Қазақстандық файтердің соңғы жекпе-жегі былтыр қазанда бразилиялық Марилиа Сантосқа қарсы өтті. Бұл кездесуде де Агапова қарсыласын бірінші раундта жеңген.

Арманы - UFC чемпионы атану

Агапова жекпе-жек алдында ешқандай ырым жасамайды. Тек кездесудің сәтті өткенін тілейді екен. Сондай-ақ ерекше диета ұстанады.

"Жекпе-жек алдында жеміс-жидек пен жаңғақ қана жеймін. Сондай-ақ қарақұмық жеуге тырысамын. Шайдан бас тартып, тек су ішемін. Жекпе-жекке үш күн қалғанда ештеңе жемеймін, лимон қосылған су пен сусындар ғана ішемін. Кейін су ішуді де қойып, артық салмақ тастау үшін моншаға түсіп шығамын", - дейді Мария.

Мария бірнеше жыл бұрын еттен бас тартқан, қазір - вегетариан.

"Бұл тақырыпты ұзақ зерттедім. Еттің организмге зиян екенін түсініп, одан бас тарттым. Сондай-ақ ас үшін тіршілік иесін өлтіру дұрыс емес деп ойлаймын", - дейді ол.

Сондай-ақ, спортшы сурет салғанды жаны сүйеді. Былтыр желтоқсанда қаржы тапшылығына байланысты суреттерін сата бастаған. 

Өмірін аралас жекпе-жекке арнаған Мария Агапова карьерасын аяқтаған соң оққағар болып жұмыс істеуді қалайды.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer