РЕЙТИНГ КАБИНЕТА МИНИСТРОВ
29 января 2020 | 15:13

Қара базардан UFC-ге дейін. Сіз кімсіз, Шавкат Рахмонов?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін қазақстандық Шавкат Рахмоновтың UFC-дегі дебютінде поляк Бартош Фабинскимен жекпе-жек өткізетіні хабарланған еді. Рахмонов - Фабински жекпе-жегі 21 наурызда UFC Fight Night 171 турнирі аясында өтеді. Файтерлер Лондондағы О2 аренасында кім мықтыны анықтайды. 


Бүгін қазақстандық Шавкат Рахмоновтың UFC-дегі дебютінде поляк Бартош Фабинскимен жекпе-жек өткізетіні хабарланған еді. Рахмонов - Фабински жекпе-жегі 21 наурызда UFC Fight Night 171 турнирі аясында өтеді. Файтерлер Лондондағы О2 аренасында кім мықтыны анықтайды. 

Tengrinews.kz тілшісі UFC тарихындағы алғашқы қазақстандық Шавкат Рахмонов туралы қызық деректерді жинап шықты. 

Шавкат Рахмонов 1994 жылы 23 қазанда Өзбекстанның Шурчи қаласында дүниеге келген. 2011 жылы Шавкат отбасымен бірге Қазақстанға көшіп келген. Басында қазіргі Түркістан облысында, кейін Қарағандыда тұрған. Артынша Көкшетауға көшіп, сондағы "Көкше" академиясында оқыған. 

ММА-ге бала кезінен қызығатын ол Қазақстанға көшіп келген соң бокс, самбо және джиу-джитсумен айналысқан. 

Нәтижесінде 2014 жылы Рахмонов ММА-ге ауысқан. Бүгінге дейін аралас жекпе-жекте 12 кездесу өткізіп, бәрін мерзімінен бұрын аяқтаған. Ал былтыр M-1 Global ұйымының чемпионы атанған еді. Файтер соңғы жекпе-жегін былтыр маусымда бразилиялық Тиаго Варежао Ласередоға қарсы өткізіп, бірінші раундта жеңіске жеткен. 

Шавкат Рахмонов Өзбекстанда туғасын, аты-жөні қазақтарға ұқсас болмаған соң, жанкүйерлер оның ұлтын өзбек деп санайды. Бірақ Шавкат сұхбаттарының бірінде бұл мәселенің нүктесін қойған. 

"Әкем - қазақ. Ұлтым - қазақ. Өзбекстанда тудым. Атамның аты - Рахман. Сондықтан Өзбекстанда мені Рахмонов деп жазып қойған. Шавкат - Қазақстанда танымал емес араб есімі. Сондықтан мұнда "ұлтың қандай?" деген сұрақ көп қойылады. Екінің бірі соны сұрайды. Мені өзбек не тәжік деп ойлайды, бірақ мен қазақ екенімді айтамын", - дейді Шавкат KAZMMA Live Channel YouTube-арнасына берген сұхбатында.

Рахмонов Қазақстанға көшіп келген уақытында тіл білмегенін және базарда қара жұмысшы болып істегенін айтады. 

"Базарда жүк тасушы болып жұмыс істедім. Отбасымыз қарапайым. Қазақстанға келген кезде тіл білмедік. Түрлі жерде жұмыс істеуге тура келді, кез келген жұмысты алдық. Базарда екі не үш жылдай жүрдім. Сол уақытта жаттығуға да баратынмын. Жұмыстан келемін де, киімдерімді алып, жаттығуға кететінмін. Кейде бір күнде екі жаттығу болатын: бокс пен самбо. Ондай кездер де болды", - дейді файтер Vesti.kz сайтына берген сұхбатында. 

ММА-мен қатар ол бокс пен футболды жақсы көреді екен. 

"Бокс қараған ұнайды. Бұрын айналыстым да. Футбол қараймын. Бәріне жанкүйер болып отырамын. Отандастарымыз ғой енді. Жеңген кезде қуанамын. Футболшылар туралы ештеңе айта алмаймын (жымиып). Оларға көп жұмыс істеу керек. Бірақ сайыстарда өзіміздің спортшыларға қолдау көрсетіп отырамын", - дейді ол. 

Көкшетулық "Любимый город" сайтына берген сұхбатында Рахмонов сүйікті тағамдары туралы айтқан. 

"Жылқы етін жақсы көремін. Палау ұнайды. Өзбекстанда жылқы еті жоқ деуге болады. Бірақ оны бұрыннан жеймін, Қазақстандағы туыстарым алып келетін", - дейді ол. 

Спортшы үйленген, бүгінде Жасмин есімді қыз тәрбиелеп отыр. Сұхбаттарының бірінде екінші баласының дүниеге келгенін күтіп жүргенін айтқан еді. 

Шавкат Рахмонов Instagram желісінде белсенді. Бүгінде оның парақшасына 40,1 мың адам жазылған.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 488.39   527.68   5.04 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети