СКАЧИВАЙТЕ НАШЕ ПРИЛОЖЕНИЕ

Конор МакГрегор барда ер адамды неге ұрды? Спорт жаңалықтарына шолу

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Бітіспес қарсыласқа айналған Флойд Мейвезер мен Мэнни Пакьяо реванш өткізуі мүмкін. Ал қазақстандық бокссүйер қауым Жәнібек Әлімханұлының жеңісін атап өтіп жатыр. Tengrinews.kz тілшісі өткен аптадағы спорт жаңалықтарына шолу жасады.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Бітіспес қарсыласқа айналған Флойд Мейвезер мен Мэнни Пакьяо реванш өткізуі мүмкін. Ал қазақстандық бокссүйер қауым Жәнібек Әлімханұлының жеңісін атап өтіп жатыр. Tengrinews.kz тілшісі өткен аптадағы спорт жаңалықтарына шолу жасады.

Борат үшін сазайын берді

Өткен демалыста қазақстандық бокс жанкүйерлерінің назары Жәнібек Әлімханұлында болды. Орта салмақта өнер көрсетіп жүрген Әлімханұлы АҚШ-та канадалық Стюарт МакЛелланмен жұдырықтасқан.

Олардың кездесуі Лос-Анджелестегі Banc of California стадионындағы бокс кешінде өтті.

Әлімханұлы - МакЛеллан кездесуі 10 раундқа есептелген. Екінші раундта қазақстандық боксшы қарсыласын нокдаунға түсірді. Бесінші раундта канадалық тағы бір рет есінен танды, алайда орнынан тұрып кездесуді  жалғастырды. Кейін Әлімханұлы ауыр соққыларын дарытып, жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтауға тырысты. МакЛелланның көп соққы жіберіп алғанын байқаған рефери кездесуді тоқтатты. 

Осы жеңістің арқасында Әлімханұлы бірінші рет екінші деңгейлі WBO Global және аймақтық WBC Continental Americas белбеулерін қорғап қалды. Ол сәуірде мексикалық Кристиан Оливасты жеңіп, чемпиондық титулдарын тартып алған еді. 

Естеріңізге салсақ, жекпе-жекке санаулы күн қалғанда канадалық боксшы Facebook желісіндегі парақшасында Әлімханұлы Борат бейнесінде көрсетілген фотоколлаж жариялаған еді. Алайда канадалық боксшы қатесін түсініп, кешірім сұрады.

Мейвезер мен Пакьяо қайта жұдырықтаса ма?

Бес салмақ дәрежесінде әлемнің бұрынғы чемпионы америкалық кіші Флойд Мейвезер кәсіпқой рингке оралу жөнінде келіссөз жүргізу үшін Сауд Арабияға барды.

Боксшының айтуынша, ол жартылай орта салмақта WBA титулының иегері филиппиндік Мэнни Пакьяомен реванш өткізгісі келеді.

"Көп рақмет, мен үшін Сауд Арабияға келу үлкен құрмет. Мұнда Мэнни Пакьяомен реваншты талқылауға келдім", - деді Мейвезер.


Мэнни Пакьяо мен Флойд Мейвезер. © USA Today

Айта кетейік, өткен айда Пакьяо төрешілер шешімімен Кит Турманды жеңген болатын. Сол кездесуден кейін БАҚ-та филиппиндік боксшы мен Мейвезер арасында жекпе-жек өтеді деген қауесет тараған.

Боксшылар 2015 жылы Лас-Вегаста жұдырықтасқан. Сол кезде Мейвезер төрешілер шешімімен жеңген еді.

"Қайрат" көш бастады

Өткен демалыста футболдан Қазақстан Премьер-лигасының үшінші айналымы басталды.

Сенбіде турдың алғашқы үш матчы өткен. Көкшетауда жергілікті "Оқжетпес" шымкенттік "Ордабасыдан" 0:4 есебімен жеңілді. Ал алматылық "Қайрат" қонақта "Тараздан" басым түсті - 2:0. Көш басында болған қостанайлық "Тобыл" Павлодарда ұпай жоғалтты - "Ертіске" қарсы ойын 0:0 есебімен аяқталды.

Ал жексенбіде өткен екі ойында да алаң иелері қонақтарды тас-талқан етті. Талдықорғанда "Жетісу" "Ақтөбені" қабылдап, қарсылас қақпасына жауапсыз бес гол тоғытты. Ал қарағандылық "Шахтер" қызылордалық "Қайсарды" 3:0 есебімен жеңді.

"Астананың" Еуропа лигасында ойнап жатқанына байланысты, чемпионаттағы "Атырауға" қарсы матчы кейінге шегерілген.

23-турдан кейін "Қайрат" 47 ұпаймен көш бастады. Екінші орындағы "Тобылда" бір ұпай кем. Турда ойын өткізбеген "Астана" үшінші сатыда - 44 ұпай.

UFC-дегі сенсация

Өткен демалыста UFC-де сенсация тіркелді. Октагонда америкалық файтерлер - Стипе Миочич пен аңызға айналған Дэниэл Кормье кездескен.

Америкалық Анахаймдағы UFC 241 турнирінің басты жекпе-жегі бес раундқа есептелген. Бірақ кездесу төртінші раундта аяқталды.

Жекпе-жектің басында екі файтер алма кезек шабуыл жасап, бір-біріне ауыр соққылар тигізген. Төртінші раундта Миочич 40 жастағы қарсыласының бауырына бірнеше соққы жасап, оны нокаутқа түсірді.

Осылайша, Кормье ауыр салмақта алғаш рет жеңіліп отыр. Бұған дейін ол 22 рет жеңіске жеткен. Ал 36 жастағы Миочич қанжығасына 19-жеңісін байлады, одан бөлек үш жеңілісі бар.

2018 жылы шілдеде файтерлер алғаш рет күш сынасып, Кормье жеңіске жеткен еді. Қазір Дэниэл Кормье UFC-дің P4P-рейтингінде көш бастап тұр.

МакГрегор ер адамды неге ұрды?

UFC-ден тағы бір жаңалық. Бұл жолы әңгіме UFC-дегі барлық жанжалдың басы-қасында жүретін ирландиялық Конор МакГрегор жайында. Жақында файтердің барда ер адамды ұрған сәтінің видеосы тараған еді.

Өткен демалыста сол төбелестің себебі белгілі болды. Мұны аноним дереккөз айтқан.

"МакГрегор виски ұсынған кезде ер адам "Мен бұл сасықты ішкім келмейді, маған сенің сусының керек емес" деп айтты. Конорға бұл ұнамай қалып, оған қол көтерді", - деді аноним.

Естеріңізге салсақ, 15 тамызда файтердің төбелескен видеосы Желіде қызу талқыға түскен болатын. Видеода Макгрегор Ирландиядағы пабтардың бірінде ер адамды ұрған сәті көрсетілген. Бұл сәуірде болған оқиға екен. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Курс валют

 494.26  course up  536.57  course up  5.51  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer