ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
27 июля 2021 | 12:46

"Көп қаражат сұрағаны рас". Министр Олимпиада трансляциясы туралы пікір білдірді 

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Аида Балаева. © Тұрар Қазанғапов Аида Балаева. © Тұрар Қазанғапов

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Токио Олимпиадасының трансляциясына қатысты айтылып жатқан сынға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Токио Олимпиадасының трансляциясына қатысты айтылып жатқан сынға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол редакция тілшісіне берген сұхбатта Олимпиададан тікелей эфир жүргізуде болған олқылықтардың себебін айтты.

"Әрине, нағыз спорт жанкүйерлерінің өкпе-ренішін түсінуге болады. Сондықтан алдымен барша қазақстандық жанкүйерден осы уақытша қолайсыздық үшін кешірім өтінемін. Неліктен осындай олқылықтар болғанын түсіндірейін. Біріншіден, телевизиялық трансляцияның құқығын иеленуге қатысты мәселеде бір келісімге келу қиынға түсті және ол соңғы сәтке дейін жалғасты. Жалпы келіссөздер жұмысы кейбірі айтып жүргендей Олимпиаданың алдында ғана емес, одан ұзақ уақыт бұрын басталған болатын. Көптеген келіспеушілік болды, ең бастысы ұсынылған бағаның негізсіз қымбат екенін дәлелдедік, бюджеттен бөлінетін әрбір тиын үшін айқасуға тура келді. Біз тіпті, трансляциядан толық бас тартуды да ойладық. Ондай жағдайда біздің спортшылардың нәтижелері туралы жылдам жазбаша ақпарат жеткізу баламасын да қарастырдық. Қазір ақпарат таратудың түрі көп қой. Дегенмен, тікелей эфирдің, яғни дәстүрлі телевизиялық көрсетілімнің қоғам үшін әлі де өте өзекті екеніне тағы бір көз жеткіздік", - деді Балаева. 

Оның айтуынша, бұл келіссөз бүгінгі жаһандық жағдайда ұлттық мүдденің бірінші кезекте тұруы қаншалықты маңызды екенін көрсетті.

"Бұл қағида алдағы уақыттарда болатын үлкен жаһандық жарыстарда біздің басты назарымызда болуы тиіс деп санаймын. Екіншіден, бүгінде кез келген спорт түрінің, әсіресе рейтингтік жарыстардың трансляциясы - үлкен бизнес. Оның бірнеше қатысушысы бар. Сондықтан оны біржақты, бір тараптың мүддесі негізінде ғана шешу мүмкін емес", - деді министр. 

Сонымен қатар, ақпарат министрі трансляция құқығы үшін көп қаражат сұралғанын растады.

"Иә, бұл шындық. Дегенмен, біз табандылық танытып, олар сұраған бағаны айтарлықтай түсірдік және жалпы тікелей эфирді ұйымдастыруға мүмкіндік алдық", - деді ол. 

Сонымен қатар, Аида Балаева кеше қазақстандықтар дзюдошы Жансай Смағұлов пен ауыратлет Зүлфия Чиншанлоның жарысын неге тікелей эфирден көре алмағанын түсіндірді. 

"26 шілдедегі дзюдодан іріктеу турнирін алайық: таңғы іріктеу турнирі екі татамиде өтеді, ерлер мен әйелдер. Олимпиада ойындарының хост-таратушысы OBS компаниясы 15 MDS арна бойынша сигнал таратады. Таңертең әйелдер арасындағы іріктеу сигналы MDS1 арнасы арқылы, ерлер сайысы MDS11 арнасы арқылы таратылды. Біздің операторларға бұл арналар қолжетімсіз, біз бүгінге дейін MDS6 мен алты ADS арна арқылы жұмыс істедік. Осыған байланысты Жансай Смағұловтың сайысын көрсету мүмкін болмады. Дәл осы себептермен Зүлфия Чиншанлоның сайысын да біздің арналар жазылған нұсқада ғана көрсетуге мәжбүр болды", - деді министр.

Бірақ, министрдің сөзінше, қазір бәрі реттелді, енді мұндай проблемалар болмайды. 

"Кеше Халықаралық Олимпиада комитеті "Хабар" мен "Қазақстан" телеарналарын ресми хабар таратушы мәртебесіне бекітті. Хабар таратудың барлық арнасына жол ашылды, сондықтан қолайсыз жағдайлар енді болмауы тиіс. Тағы да қайталап айтайын, Олимпиада ойындарын толыққанды көрсету үшін күні-түні жұмыс істеп жатырмыз.

Сондықтан, қазақстандық көрермендер алдында болған қолайсыздық үшін тағы да кешірім сұраймын. Ең бастысы, алдағы дүбірлі додаларда еліміздің спортшылары жиі жүлделі орындар алып, спортсүйер қауымды қуанышқа бөлей берсін деп тілейік. Қашанда халықпен бірге спорт саңлақтарына тілекшіміз", - деді Аида Балаева. 

Еске салайық, қазақстандық арналар дзюдошы Елдос Сметовтің қола медаль алған жарысын көрсетпеген еді. Кейін ауыратлет Зүлфия Чиншанло қола жүлде еншілеген сайыс та телекөрермендерге бейнежазба нұсқасында ұсынылған. 

Айта кетейік, қазір Қазақстан қоржынында үш медаль бар. Дзюдошы Елдос Сметов, ауыратлеттер Игорь Сон мен Зүлфия Чиншанло қола медаль иеленген болатын. 

Көлігі жоқ, үш баланың анасы, Желіде белсенді. Сіз кімсіз, Аида Балаева? 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer