ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
13 января 2020 | 17:40

Медальдан үміт. 2020 жылы өтетін басты спорт додалары

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан құрамасы Рио Олимпиадасының ашылу салтанатында. © Reuters Қазақстан құрамасы Рио Олимпиадасының ашылу салтанатында. © Reuters

Биыл барша әлемді назарына аударатын басты дода Токио Олимпиадасы десек қателеспейміз. Одан бөлек бірқатар әлем чемпионаты өтеді. Оның ішінде қазақстандықтар медаль күтіп, қызыға қарайтын додалар бар. Tengrinews.kz тілшісі 2020 жылы өтетін ең басты додаларға шолу жасайды.


Иконка комментария блок соц сети

Биыл барша әлемді назарына аударатын басты дода Токио Олимпиадасы десек қателеспейміз. Одан бөлек бірқатар әлем чемпионаты өтеді. Оның ішінде қазақстандықтар медаль күтіп, қызыға қарайтын додалар бар. Tengrinews.kz тілшісі 2020 жылы өтетін ең басты додаларға шолу жасайды.

Көп спорттан әлем чемпионаты өтпейді

Біз бұл топтамаға тек әлем чемпионаты секілді байрақты жарыстарды қосып отырмыз. Әлем кубогының кезеңі, Grand Slam секілді бір жылда бірнеше рет өтетін турнирлерге тоқталмадық.

Әлем чемпионаты десе, қазақстандықтар бокс, күрес, дзюдо немесе ауыр атлетиканы тағатсыздана күтетіні анық. Бірақ биыл бұл төрт спорт та әлемдік турнирде жанкүйерлерін қуанта алмайды. Бокстан екі жылда бір өтетін әлем чемпионаты келесі жылға жоспарланған. Ал жыл сайын өтіп жүрген күрес, дзюдо және ауыр атлетика секілді спорттан әлем чемпионаты биылға үзіліс алған. Жазғы Олимпиада болатын жылдары көп спорттан әлем чемпионаты немесе құрлықтық біріншіліктер өтпейді.

Тұрсынбаева жетістігін қайталай ала ма?

Мәнерлеп сырғанау елімізде халыққа жыл сайын танылып келеді. Денис Теннің бір өзі 2013 жылы Лондонда күміс, 2015 жылы Шанхайда қола медаль иеленген.

Ал былтыр Элизабет Тұрсынбаева әлем чемпионатында сәтті өнер көрсеткен. Төрттік сальхов орындаған мәнерлеп сырғанаушы 224.76 ұпай жинап, әлемдік доданың күміс жүлдегері атанған болатын.

"Қазақстандағы шок". Спортшыларымыздың биылғы басты сенсациялары

Енді биыл да Тұрсынбаевадан үміт көп. 2020 жылғы әлем чемпионаты 16-22 наурыз арасында канадалық Монреалда өтеді. Қажет болған жағдайда, "Белл-центр" кешеніне 20 мыңнан аса көрермен сыйып кетеді.

Қазақстан хоккейшілері жоғары дивизионда қала ала ма?

Токио Олимпиадасына дейін жанкүйелерді тағы бір әлем чемпионаты күтіп тұр. 8-24 мамыр арасында Швейцарияның Цюрих және Лозанна қалаларында хоккейден әлемдік дода өтеді.

Шайбалы хоккейден әлем чемпионатына қатысатын 16 құраманың ішінде Азиядан бір ғана ел бар, ол - Қазақстан. Былтыр Нұр-Сұлтанда өткен әлем чемпионатының І дивизионында Қазақстан бірінші орын алып, Элиталық дивизионға көтерілген болатын.

Қазақстандық хоккейшілер Цюрихте Ресей, Финляндия, АҚШ және Швейцария сынды азулы құрамалармен бірге В тобында бақ сынайды.

Бір турнир 12 елде өтеді

Қазақстан құрамасының өзі қатыспаса да, жанкүйерлерге қызық турнир - футболдан Еуропа чемпионаты. Қазақстандық футболшылар былтыр іріктеу кезеңінде 10 ұпай жинап, топта бесінші орын алған болатын.

Турнирдің финалдық кезеңі 12 маусым мен 12 шілде арасында өтеді. Еурододаға 24 құрама қатыспақ.

Биыл алғаш рет Еуропа чемпионаты 12 елде ұйымдастырылады. Оның ішінде Әзербайжан, Венгрия, Румыния және Шотландия секілді футболдағы "ортаңқол" елдер бар.

Футзалшылар тағы таңғалдырып көрмек

Соңғы жылдары қазақстандық спорт жанкүйерлерін футзал да қуантып жүр. Алматылық "Қайраттың" жетістіктеріне енді құрама да қосылды. Сондықтан, жанкүйерлер футзалдан әлем чемпионатын да күтеді дегенге толық негіз бар.

12 қыркүйек пен 4 қазан арасында өтетін әлемдік жарысты қабылдауға үміткер елдер ішінде Қазақстан да болған. Бірақ таңдау Литваға түсті.

Футзалдан әлем чемпионатына қатысатын құрамалар әзірше белгісіз. Сәуірде іріктеу аяқталған соң, қыркүйекте Литваға аттанаған құрамалардың бәрі анықталады.

2016 жылы өткен соңғы әлем чемпионатында қазақстандық футзалшылар 1/8 финалға дейін жетіп, азулы Испаниядан жеңілген болатын. Сол жылы құрамамыз Еуропа чемпионатында қола медаль иеленген еді. 

Жылдың басты додасы

Жылдың басты спорт додасы - Токиода өтетін жазғы Олимпиада ойындары. Төрт жылда бір өтетін дода биыл 24 шілде мен 9 тамыз арасына жоспарланған.

Доданы күтпейтін бір ел болса, ол - Ресей. Себебі таяуда Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік (WADA) допинг дауына байланысты, Ресей спортшыларын төрт жылға барлық халықаралық жарыстан шеттеткен болатын.

Санкциялар Қазақстанды да айналып өтпеді. Халықаралық ауыр атлетика федерациясы допингке қарсы ережелерді жиі бұзғаны үшін Қазақстанның квотасын азайтып тастаған. Енді Токиоға еліміздің екі зілтеміршісі ғана барады.

Соңғы Олимпиада 2016 жылы Лондонда өткен. Оған Қазақстан атынан 17 спорттан 104 спортшы барған еді. Төрт жыл бұрын қазақстандықтар Лондоннан 18 медаль алып қайтқан еді. Оның үшеуі алтын болатын - жүзуші Дмитрий Баландин, зілтемірші Нижат Рахимов пен боксшы Данияр Елеусінов Олимпиада чемпионы атанған.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 494.98   521.17   4.92 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети