КРУШЕНИЕ САМОЛЕТА БЛИЗ АКТАУ: ХРОНИКА АВИАКАТАСТРОФЫ
30 июля 2021 | 18:35

Олимпиаданың бірінші аптасы несімен есте қалды?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Токио Олимпиадасының алғашқы аптасы аяқталды. Ел үміт артқан көптеген спортшымыз жүлдеден қағылды, бірақ қоржын бос емес - үш медаль бар. Осы бір аптада жанкүйерлерді қуантқан да, мұңайтқан да сәттер болды. Tengrinews.kz тілшісі Олимпиаданың бір аптасын қорытындылайды.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Токио Олимпиадасының алғашқы аптасы аяқталды. Ел үміт артқан көптеген спортшымыз жүлдеден қағылды, бірақ қоржын бос емес - үш медаль бар. Осы бір аптада жанкүйерлерді қуантқан да, мұңайтқан да сәттер болды. Tengrinews.kz тілшісі Олимпиаданың бір аптасын қорытындылайды.

Жүлде алған сәттерді көре алмадық 

Олимпиадаға қатысты дау жарыстарға дейін басталды. Ашылу салтанатына бірнеше күн қалғанда Қазақстанда жазғы Олимпиада ойындары көрсетілмеуі мүмкін екені хабарланды. 

"Қазақстан" ТРК мәліметінше, құқық иесі Олимпиада трансляциясының лицензия бағасын 2016 және 2018 жылдардағы Олимпиада ойындарымен салыстырғанда 123 пайызға қымбатқа ұсынған. Бірақ кейін екі тарап келісімге келіп, отандық телеарналар Олимпиада көрсетілетінін хабарлады.

Бірақ дау мұнымен біткен жоқ. Жарыстар басталған кезде жанкүйерлер спортшылардың медаль алған сәттерін көре алмады. Мысалы, дзюдошы Елдос Сметов қола жүлде иеленген жарысты отандық телеарналар көрсетпеді. Бұл желіде үлкен дауға айналды.  


© Reuters

Кейін Қазақстан қоржынына үшінші медаль түскен сәтті де қазақстандықтар тікелей эфирде тамашалай алмады. Ауыр атлетикадан Зүлфия Чиншанло қола медаль жеңіп алғанын жанкүйерлер онлайн сайттар арқылы көрді. 

Алғашқы апта "алтынсыз" өтпейтін

Қазақстан биылғы Олимпиадада үш медаль алғанын айттық. Алдымен дзюдошы Елдос Сметов "қола" тақты. Ал кейін ауыратлеттер Игорь Сон мен Зүлфия Чиншанло ел қоржынына қола медальдан салды. Бір аптада - үш "қола".


© Reuters

Бұл 2016 жылғы Олимпиада ойындарымен салыстырғанда төмен нәтиже. Бес жыл бұрын Рио Олимпиадасының бір аптасынан кейін Қазақстан қоржынында алты бірдей медаль болған. Оның екеуі алтын, біреуі күміс және қалғаны қола жүлде еді.

Ал Лондон Олимпиадасында бір аптада Қазақстан қоржынына бір ғана медаль түскен. Бірақ бірден "алтын". Велоспортшы Винокуров топ жарған болатын.  

Ал әзірге Токио Олимпиадасының алғашқы аптасы Қазақстан үшін алтын медальсіз өтті. 

Боксшылар жерге қаратты

Биыл Токио Олимпиадасында ең көп сыналғандар - боксшылар. 1/8 финалда қатарынан бес боксшымыз жеңіліп қалды. Бұл үрдісті Абылайхан Жүсіпов бастаған. Кейін Василий Левит нокаутқа түсіп, жарыс жолын аяқтады. 


Фото: Владислав Семёнов / olympic.kz

Артынша, әйелдер арасындағы жалғыз боксшымыз Надежда Рябец қарсыласына есе жіберді. Серік Теміржанов та қарсыласын жеңе алмады. Бекзад Нұрдәулетов те ресейлік қарсыласына есе жіберді. 


Фото: Тұрар Қазанғапов / olympic.kz

Әзірше қазақстандық екі боксшы ғана - ширек финалда. Әлі екеуі 1/8 финалда жұдырықтасады. Яғни, жарыс жолында төрт боксшымыз қалды. 

Бұл бұрынғы Олимпиадаларға қарағанда едәуір аз. Мысалы, 2016 жылы 10 боксшының алтауы ширек финалға шыққан. Оның төртеуі медаль алған еді. 

Ал Лондонда бес боксшы ширек финалға дейін жетіп, үш боксшы медальмен оралған. 2008 жылы Бейжіңде де бес боксшы ширек финалға шығып, кейін екеуі медаль таққан. 

Назар тенниске ілікті

Бұрын қазақстандықтар Олимпиададағы теннис жарысына көп көңіл бөлмейтін. Ал биыл оны жіті назарда ұстап отыр. Себебі қазақстандық Елена Рыбакина Қазақстан тарихында алғаш рет теннистен медаль әкелуі мүмкін. 

Рыбакина жарыс жолын 1/32 финалда бастағанда көп адам үміт күте қоймаған болар. Бірақ 22 жастағы теннисші үш қарсыласын сенімді жеңіп, ел тарихында алғаш рет Олимпиада ширек финалына шыққанда елең ете қалды. Бірақ қарсыласы азулы еді - әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы испан Гарбинье Мугуруса. Әйтсе де, Рыбакина қарсыластан сескенбей, екі сетте жеңіп алды. 


Фото: olympic.kz, Жеңіс Ысқабай©

Бірақ қазақстандық теннисші тек жартылай финалда сүрінді. Әлемнің 12-ракеткасы швейцариялық Белинда Бенчичке қарсы кездесу үш сағатқа жуық созылып, Рыбакина жеңіліп қалды. 

Енді украиналық Элина Свитолинаны жеңсе, Олимпиада қола жүлдесін иеленеді. 

Ел үміт күткендер...

Олимпиаданың алғашқы аптасында ел үміт артқан спортшылар жеңіліп қалды. Боксшыларды айттық. Жанкүйерлер 2016 жылы Олимпиада финалына шығып, әділетсіз жеңілген Василий Левитке, "қазақ салмағына" айналған 69 келіде шыққан Абылайхан Жүсіпов пен 2019 жылғы әлем чемпионы Бекзад Нұрдәулетовке сенім артқан. Үш боксшы да жеңіліп қалды. 

Риода сенсация жасап, жүзуден алтын медаль иеленген Дмитрий Баландин де сол жетістігін қайталай алмады. 200 метрге брасс әдісімен жүзуде спортшымыз финалға да шыққан жоқ. 


Фото: Сали Сәбіров / olympic.kz

2016 жылы қола медаль алған дзюдошы Галбадрах Отгонцэцэгтен де көп жанкүйер медаль күткен. Бірақ дзюдошы алғашқы қарсыласынан жеңіліп, жарысты аяқтады. 


Фото: Жеңіс Ысқабай / Olympic.kz

Бұған дейін үш Олимпиададан жүлде алған жеңілатлет Ольга Рыпакова 36 жасқа келсе де, жанкүйерлер одан медаль күтті. Бірақ Рыпакова үш қарғып секіруден алғаш рет медаль иелене алмады. Жеңілатлет іріктеу кезеңінде сүрінді. 


Фото: Владислав Семенов / olympic.kz

Осылайша, Олимпиаданың бір аптасы аяқталды. Жеңіске қарағанда жеңіліс көп секілді. Бірақ Олимпиаданың аяқталуына әлі он шақты күн бар. "Алтыннан" үміт үзбейміз. 

Алғашқы "алтынды" қанша күн күттік? Олимпиададағы қызық деректер

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 515.11  course down  535.94  course down  5.16  course down

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer