ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
09 сентября 2021 | 16:09

Үш бөлмелі пәтер, автокөлік. Паралимпиада жүлдегерлеріне қандай сыйақы берілді?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Токио Паралимпиада ойындарының жүлдегерлері марапатталып жатыр. Спортшыларға ақшалай сыйлық, пәтер мен автокөлік табысталды. Tengrinews.kz тілшісі Қазақстанда Паралимпиада жүлдегерлеріне қандай сыйлықтар берілгенін баяндайды. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Токио Паралимпиада ойындарының жүлдегерлері марапатталып жатыр. Спортшыларға ақшалай сыйлық, пәтер мен автокөлік табысталды. Tengrinews.kz тілшісі Қазақстанда Паралимпиада жүлдегерлеріне қандай сыйлықтар берілгенін баяндайды. 

Паралимпиада чемпионына үш бөлмелі пәтер берілді

25 жастағы парапауэрлифтингші Давид Дегтярев - Токиодан алтын медальмен оралған жалғыз спортшымыз. Елге келген соң оған салтанатты іс-шара кезінде 106 миллион теңге табысталды.

Сонымен қатар, ҚР Паралимпиада комитетінің мәліметінше, Ақмола облысында оған ерекше сый жасалған. Оны облыс әкімі Ермек Маржықпаев құттықтап, спортшыға көлік пен үш бөлмелі пәтердің кілтін сыйлаған.  


Фото: instagram.com/kazparalympics

Сондай-ақ, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Давид Дегтяревті III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады.  

Дегтярев елге келген соң жеңісін Қазақстанға арнады. 

"Үйге оралған тамаша! Бұл ең керемет сәт. Жаттығулар, күш-жігер, жақындар мен туыстардың қолдауы. Бапкерлерім де керемет, айналам да тамаша", - деді спортшы.

Бір өңірден үш жүлдегер шықты

Токиодағы Паралимпиадада қазақстандық үш дзюдошы Зарина Байбатина, Теміржан Дәулет, Әнуар Сариев күміс медаль иеленген болатын. Үшеуі де Атырау облысынан. Олар елге жеткен соң Алматыда демеушілер спортшыларға бір миллион теңгеден табыстаған. 


Фото: "Хабар 24"

Кейін спортшыларды Атырау облысының халқы қошеметпен күтіп алды. Әуежайдан түскен бойда оларға облыс басшылығы бір миллион теңгеден берді. 

Артынша облыс әкімдігі спортшыларына одан да үлкен сый жасады. Байбатина, Дәулет пен Сариевке автокөлік кілті табысталды. 

Байқағанымыз әр көліктің нөмірі спортшыға тән жасалған. Бәріне де "010" деген нөмір берілген. Теміржан Дәулеттің нөмірінде TEM, Зарина Байбатинада ZAR, Әнуар Сариевте ANR деп жазылған. 

Сонымен қатар, үш спортшыға да екі бөлмелі пәтерден берілді. Одан бөлек, үш дзюдошыны Мемлекет басшысы "Парасат" орденімен марапаттады. 


Фото: ҚР Мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі

Үш парадзюдошыға да мемлекет тарапынан қарастырылған сыйақылар берілді. Байбатина, Дәулет пен Сариев Паралимпиаданың күміс медалі үшін 63 миллион теңгеден алды.   

Ел қоржынына алғашқы "күмісті" салған Әнуар Сариев жеңіс оңай келмегенін айтады.

"Медалімді Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнаймын. Бізге қолдау көрсеткендерге алғыс айтамын", - деді ол.

Қола жүлдегер 31 миллион теңге алды

Токио Паралимпиадасында ел қоржынына соңғы медальді салған тараздық жүзгіш Нұрдәулет Жұмағали болды. Ол Тоқаевтың жарлығымен "Құрмет" орденімен марапатталды. 

Сонымен қатар, спортшыға мемлекет тарапынан 31 миллион теңге берілді. 

Бапкерлер қандай марапат алды?

Спортшылардың жүлдегер атануына бапкерлердің ролі зор. Сондықтан, олар да Паралимпиададан кейін сыйлықтар алды. Мысалы, шәкірттері Паралимпиададан үш бірдей күміс медаль алған Жандос Қияновқа әр спортшының жүлдесі үшін 51 миллион теңгеден берілді. Үш дзюдошы үшін құрама бапкеріне 153 миллион теңге табысталды. 

Сонымен қатар, Қияновқа Атырау облысының басшылығы 4 миллион теңгенің сертификатын сыйлады. 

Паралимпиада чемпионы Дегтяревті жаттықтырған Юрий Колесников болса, мемлекет тарапынан 84 миллион теңге алды. Одан бөлек, бапкерге Ақмола облысының атынан 5 миллион теңге табысталды. 

Ал қола жүлдегер Нұрдәулет Жұмағалидің бапкеріне 25 миллион теңге қаржылай сыйақы берілді.

Еске салайық, Токиодағы жазғы Паралимпиада ойындары 24 тамыз бен 5 қыркүйек арасында өткен. Бұл жарыста Қазақстан намысын 7 спорт түрінен 26 спортшы қорғаған. Қазақстан құрамасы бір алтын, үш күміс және бір қола медаль еншілеп, Паралимпиададағы жүлде саны бойынша өз рекордын орнатқан болатын. 

Пәтер кілті, 125 мың доллар. Олимпиада жүлдегерлеріне қандай сыйақы берілді?

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 522.58  course up  549.54  course up  5.08  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer