ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
20 июня 2019 | 20:16

10 мың теңге қимай, 100 мың теңге шығынға батуы мүмкін - Көлік аларда маман қажет пе

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Көлік сатып аларда ең бірінші не нәрсеге мән беру керек? Елімізде автокөлікті сатып алуға көмектесіп, өз қызметін ұсынатын мамандар бар. Сондай автомамандардың бірі Денис Миновский Тengrinews.kz тілшісіне көлік сатып алу барысындағы басты нұсқауларды айтты.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Көлік сатып аларда ең бірінші не нәрсеге мән беру керек? Елімізде автокөлікті сатып алуға көмектесіп, өз қызметін ұсынатын мамандар бар. Сондай автомамандардың бірі Денис Миновский Тengrinews.kz тілшісіне көлік сатып алу барысындағы басты нұсқауларды айтты.

"Қазір көліктің жол апатына түскенін анықтау қиын"

Маманның пікірінше, көліктің мән-жайын қатты біле бермейтін адамға оның бұған дейін апатқа ұшыраған-ұшырамағанын анықтау қиын. Себебі қазір көліктердің бәрін кінәратын көрсетпей, жөндеп тастауға болады.

"Жаңа көлік алмай, қолдан көлікті сатып аларда оны мұқият тексеру керек. Оның жол апатына түскен-түспегенін бірден айту қиын. Қауіпсіздік белдігі, терезе, фаралардың түпнұсқа екенін біліп алған жөн. Шанақтың жағдайын қарау қажет. Қандай да бір бөлшектер алынбады ма? Airbag-ті, көліктің саңылауларын қарау керек. Сондай-ақ көліктің жүрген жолына мән беру қажет. Жүрген жолы аз болса, тежегіш дисктерінің жағдайына қарау керек. Оның көп жұмыс істегені көрінсе, көліктің жүрген жолы қолдан жасалған. Бұл көлік сатып алар кезіндегі қарапайым дүниелер. ", - дейді Денис Миновский.

Оның айтуынша, көліктің қозғалтқышын қарапайым адам тексере алмайды. Көлікті техникалық қызмет көрсету станциясына алып барып, май қысымын, компрессияны тексеру керек. Қозғалтқыштан май ағып, оны сатушы көрінбейтіндей етіп жуып тастаса да, оны анықтайтын құралдар бар екен.

"Маман қызметі үшін 10 мың теңге ғана сұрайды"

"Көбі көлікті маманның көмегінсіз өздері сатып алуға тырысады. Салдарынан опық жеп қалады, сатушылар алдап кетеді. Арнайы маманның көмегіне жүгініп, көлікті соған толық тексертіп алған жөн. Қазақстанда көлікті тексеру маманы секілді қызметтер әлі толық дамымаған. Олар көліктің боялған-боялмағаны, басқа терезенің салынған-салынбағанына дейін айтып береді. Сол қызметтері үшін 10 мың теңгеден артық сұрамайды", - дейді ол.

Оның сөзінше, Қазақстанда көлікті тексеруші қызмет дамымаса да, арнайы мамандар бар, бірақ бәрі де бейресми жұмыс істейді. Олар техникалық қызмет көрсету станцияларда тер төгіп, қосымша көлік тексерумен айналысады екен.

"Кейде көлікке сырттан қарасаң, дүкеннен жаңа алынған секілді болып тұрады. Жарқырап, көздің жауын алады. Ал кейін оның ішін қарасаң, адам шошырлық жағдайда болады. Сондықтан, 10 мың теңгені аямай, маманға жүгіну керек. Әйтпесе, кейін сатушы жасырып қалған бір кінәрат пайда  болады да, оны жөндеуге 100 мың теңге керуі ықтимал", - деп ескертті Денис Миновский.

Маман көлік сатып алу үшін көмек сұрап, Қазақстанның түкпір-түкпірінен келетіндер бар екенін айтады.

"Бірде 50 жасқа келген ер адам хабарласты. Көлік сатып алу үшін Қарағандыдан Алматыға арнайы келіпті. "5,5 миллион теңгеміз бар. Осы ақшаға жақсы көлік сатып алуға көмектесші" дейді. Жақсы машина таптық та, қарауға бардық. Сөйтсек, бұған дейін соғысып, орнын жөндеп қойыпты, көлік боялған екен. Көп жерін ауыстыру қажет. Басқа көлікке кеттік. Toyota Camry көлігін алғысы келген, ақшасы жетпей Toyota Corolla сатып алды. Ал ол ең басында жөндеуді қажет етіп, бүгін-ертең бұзылайын деп тұрған көлікті алып кеткісі келген. Сонда 5,5 миллион теңгеге алған көлік ертең бұзылып қалуы мүмкін еді. Нәтижесінде Қарағандыға еш жері бұзылмаған жақсы көлік айдап кетті", - дейді ол.

Сонымен қатар, Денис Миновский қолдан көлік сатып алған кезде оның ұрланбағанына және бұған дейін қылмыстарға қатысы болмағанына да көз жеткізіп алуды ескертті.

Оқи отырыңыз:

"Фара", "рычаг", "поворотник". Қазақ техника тілінде қашан сөйлейді

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 516.01  course down  536.3  course down  5.17  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer