ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
24 июля 2019 | 10:13

Abai175: Жапон депутаты ақынның шығармасын оқыды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© newsline.linearcollider.org © newsline.linearcollider.org

Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай басталған ұлы ақынның өлеңдерін оқу челленджі Жапонияға жетті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай басталған ұлы ақынның өлеңдерін оқу челленджі Жапонияға жетті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанмен парламенттік достық лигасының төрағасы, жапониялық Такео Кавамура ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Комитет төрағасы Мұxтар Құл-Мұxаммедтен эстафетаны қабыл алып, жыр шеруін жалғастырды. 

"Қазақстантың ұлы ақыны, ғұламасы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай досым Мұxтар Құл-Мұxаммедтен поэзия эстафетасын қабылдап, Абайдың 38-қара сөзін оқып бергім келеді", - деген Кавамура ақынның шығармасын жапон тілінде айтып берді.

Ол эстафетаны Қазақстанның Жапониядағы елшісі Ерлан Баударбек-Қожатаевқа жолдады.

Айта кетейік, Такео Кавамура өмірінің әр кезеңінде Жапония министрлер кабинетінің бас xатшысы, Білім, мәдениет, спорт, ғылым және теxнологиялар министрі қызметтерін атқарып, жапон парламентінің екі бірдей комитетіне төрағалық еткен. Ал қазір Жапонияда депутат қызметін атқарады. 

Мұхтар Құл-Мұхаммед Абайды тану дәстүрін Кавамурадан бөлек, Ресейдің мемлекет қайраткері, кезінде Мәдениет министрі болған Михаил Швыдкойға, Әзербайжанның Ресейдегі Елшісі, әйгілі әнші-композиторы, ұзақ жылдар мәденит министрі болған Полад Бұлбұлоғлы және Иорданияның Мәдениет министрі болған Нэнси Бакир xанымдарға жолдаған болатын

Айта кетейік, Абайдың өлеңдерін оқу эстафетасын 9 жастағы оқушы Ләйлім Шырақ бастап, оны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолдаған болатын. Президент ұлы ақынның "Ғылым таппай мақтанба" өлеңін оқып, эстафетаны білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке, мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловаға және әнші Димаш Құдайбергенге жолдаған еді. Кейін эстафетаны қабыл алған үшеуі де Абайдың туындысын оқып, челленджді әрі қарай жалғастырған.

Бүгінге дейін эстафетаны қабыл алған еліміздің шоу-бизнес жұлдыздары мен шенеуніктері ұлы ақынның туындыларынан үзінді оқыды. Ресейлік композитор Игорь Крутой да Димаш Құдайберген жолдаған эстафетаны қабылдап, Абайдың бір өлеңін оқыған еді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 498.34   521.17   4.92 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети