ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
16 августа 2019 | 13:39

Абай неге өлеңдерін өзгенің атымен жариялаған?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Абай ұлдары Ақылбаймен (сол жақта) және Тұрағұлмен (оқ жақта) Абай ұлдары Ақылбаймен (сол жақта) және Тұрағұлмен (оқ жақта)

Биыл Абайдың өлеңдері жарық көргеніне 130 жыл толып отыр. 10 жасынан бастап өлең жаза бастаған ақынның шығармашылығына қатысты түрлі тұжырымдар бар. Бірақ ұлы ақынның көзі тірісінде жарияланған өлеңдері жайлы екіұшты пікірлер айтылып келеді. Сондықтан Абай шығармашылығы әлі күнге дейін зерттеліп жүр. Бұл туралы толығырақ Tengrinews.kz тілшісіне әдебиеттанушы Әбіл-Серік Әліәкбар айтып берді.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Биыл Абайдың өлеңдері жарық көргеніне 130 жыл толып отыр. 10 жасынан бастап өлең жаза бастаған ақынның шығармашылығына қатысты түрлі тұжырымдар бар. Бірақ ұлы ақынның көзі тірісінде жарияланған өлеңдері жайлы екіұшты пікірлер айтылып келеді. Сондықтан Абай шығармашылығы әлі күнге дейін зерттеліп жүр. Бұл туралы толығырақ Tengrinews.kz тілшісіне әдебиеттанушы Әбіл-Серік Әліәкбар айтып берді.

Әдебиеттанушының айтуынша, бүгінде Абайдың көзі тірісінде жарық көрген өлеңдерін қазақ әдебиеті тарихын зерттеушілер екі топқа бөледі.

"Ұлы ақынның көзі тірісінде жарық көрген өлеңдерін әдебиет тарихшылары екіге бөледі. Біріншісі - өз атынан жарық көргендер, ал екіншісі лақап атпен баспа бетіне шыққан туындылар. Дәлірек айтатын болсақ, Абай көзі тірісінде үш өлең жарияланған - "Жаз" (1886 жылы), "Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ" (1886 жылы) пен "Қансонарда бүркітші шығады аңға" (1897 жылы). Дегенмен осы екі өлең өз атынан емес, бірақ көзі тірісінде 1889 жылы "Дала уалаяты газетінің" 7-санында жарияланды. Қазақ әдебиетінде Абай өлеңдерін Көкбай Жанатайұлының атынан жариялауы осыған нақты мысал бола алады", - дейді Әбіл-Серік Әліәкбар.

Әдебиеттанушы Көкбай Жанатайұлының Абай мұрасын жинауға және еңбектерінің жариялануына зор еңбек сіңіргенін айтады. Абайтанушылардың зерттеулеріне қарағанда, Абай өз өлеңдерін Көкбай атынан беруі тегін емес.

Көкбай Жанатайұлы - Абайдың ақын шәкірті, әрі досы, рухани серігі. Көкбай жас кезінен Абайдың тәрбиесінде болған. Бізге жеткен ақын естелігіне назар аударсақ, Абаймен алғаш танысып, жақындасуы 1880 жылдардың шамасында болған.

2018 жылы жарық көрген.  © Семей, Абайдың "Жидебай-Бөрілі" Мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалды қорық музейі.

"Көкбай атынан басылған "Жаз" өлеңінің шығу тарихын жайлы айтатын болсақ, өлең сәл ертерек 1886 жылы жазылған. Көкбайдың өзі айтқан естелігіне сүйенсек, "Абай қонып жатқан ауылды көріп, осы суретті өлең қыл деді. Мен біраз өлең қылып едім, жақтырмады да, өзі жазбақшы болды. Сонымен үй тігіліп болып бәріміз жайланған соң, Абайға келіп едім: "Өлең Көкшенің бойынан асайын деді ғой" деді. Мен: "Асса, басында қолқаланып алған нәрсе емес еді. Енді өзіңіз ретін тауып қайта аларсыз" деп қалжыңдадым, сөйтсем сол күні "Жаздыкүні шілде болғанданы" жазған екен. Оқып берді", - деп мысал келтірді әдебиеттанушы.

Тарихи мәліметтерге қарағанда, Абайдың өлеңдері біраз уақыт Көкбайдың атында болған. 1886 жылдары жазылған өлең үш жылдан кейін әлі де болса Көкбайдың атынан жарияланып тұрған екен.

Оқи отырыңыз:

Абайдың бейнесі сақталып қалған екі фотосуреттің тарихы

Абайдың көзі тірісінде музейге өткізіп кеткен заттары

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.36  course down  546.44  course up  5.14  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer